Сабақтың тақырыбы:Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмін игеру, оны бекіту; есептеу қабілеті мен дағдыны жетілдіру; әртүрлі есептерді шешу қабілетін нығайту.
Сабақтың барысы Тірек білімін, білік дағдыларын жетпілдіру. Үй тапсырмасын тексеру. «Білім сандықшасы» деп аталатын ойын (оқушылар сабаққа дейін өздерінің параққа жазылған сұрақтарын қорапка салады, оларды шығарып, кезекпен оқиды. Қалғандары жауап береді).
Ауызша есепті «Үндемес» немесе «Компьютер» ойындары түрінде өткізуге болады:
Жүзімнің бөлігі канттан тұрады. 90 кг жүзімде қанша қант бар?
Адамдар тәуліктің бөлігін ұйқымен өткізеді. Адам қанша сағат ұйықтайды?
№1. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға немесе дөңгелек санға қалдықпен бөлуді баған түрінде орындайды. Оқушылар мүғалімнің жетекшілік етуі мысалдарын бағанға жазып, оларды шешеді. Оқушыларға қалдықтың бөлгіштен кем болатынын ескертеміз.