Өткен материалмен жұмыс. №2 есеп сыныппен орындалады.
- Автобус 6 сағатта 300 км жүріп өткені белгілі, осы арқылы нені таба аламыз?
1) 300 : 6 = 50 (км/сағ) - автобустың жылдамдығы.
- Автобустың жылдамдығы сағатына 50 км, ал машинаның жылдамдығы сағатына 10 км артық. Осы арқылы нені табуға болады?
2) 50 + 10 = 60 км/сағ - машинаның жылдамдығы
- Машинаның жылдамдығы мен уақытты білеміз, сол арқылы нені табуға болады?
3) 60 • 6 = 360 км - машинаның 6 сағатта жүріп өтетін қашықтығы.
№3 есепті теңдеу арқылы шешеміз.
Есепте нені анықтау қажет? (Неше қыз қайтып оралғанын).
Қыздардың санын х деп белгілейміз.
Есепке қатысты өрнектердің барлық нұсқасын жазамыз.