х + 319 - барлығы осынша қыз бен ұл бала барды. х + 319 = 52 • 10
Балалар ары қарай теңдеуді шешіп, оны өз бетінше тексереді. №4 сызба бойынша оқушылар бәрі бірігіп есеп құрастырады және оны өз беттерінше шығарады.
25 - 20 = 5 шалбар артық.
10 : 5 = 2 (м) - 1 бұйымға жұмсалған мата.
Есепті сұрақтармен толықтыруға болады: Белдемше тігуге қанша мата кетті? Шалбар тігуге қанша мата кетті? Содан соң есепті әрі қарай шешеміз:
2 • 20 = 40 (м) - белдемше тігуге жұмсалған мата.
2 • 25 = 50 (м) - шалбар тігуге жұмсалған мата.
№8 есепті орындау барысында шешудің түрлі жолдарын қарастырған жөн:
№6 сыныппен бірлесіп орындалады.
№7 тапсырма тиімді тәсілмен есептеуге үйретеді. Оқушылар өрнектің мәнін дәптерге жазып шығарады және түсіндіреді.
№2 (ә) логикалық есеп. Сал сағатына 3 км жылдамдықпен жүзді, бұл 3 000 м/сағ-қа тең. Ендеше, ол 3000 м жолды 1 сағатта жүріп өтті.
Үй тапсырмасы.№4.
Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: өз бөлмеңдегі немесе сынып кабинетіндегі еденге қанша метр линолеум қажеттігін есептеп шығар.