10:00
3 км/сағ артық
12:00
60 км
2 сағатта: 12 – 10 = 2(сағ)
Екінші велосипедшінің жылдамдығын табамыз:
12 + 3 = 15(км/сағ).
60 : 15 = 4(сағ) – екінші велосипедші ауылға жету үшін осынша уақыт қажет.
60 : 12 = 5(сағ) – бірінші велосипелші ауылға жету үшін осынша уақыт қажет.
4сағ + 2 сағ = 6сағ – бірінші велосипедші жолға шыққан сәттен бастап осынша уақыт өтеді.
Ендеше екінші велосипедші біріншісін басып оза алмайды.
№4. Түбірлері тең теңдеулерді жұптастырып жазу.
1-тәсіл. Алдымен барлық теңдеулерді шешіп аламыз. Содан соң оларды жұптастырып жазамыз.
2-тәсіл. Құрылымын талдап алып, талдау негізінде теңдеуді шешпей-ақ қорытынды жасау. Екі тәсілді де пайдалануға болады.
№5 тапсырманы орындағанда балалардан дөңгелекті теңдей 6 бөлікке бірдей етіп бөлуді талап етпеңіз. Оқушылардан мұны қайткенде дұрыс істеу болатынын сұраңыз (белгімен, торкөз бойынша, т.б), олардың ұсыныстарын тыңдап алыңыз.
№6 тапсырмадағы «абайла» соңғы мысалда. Бірінші жақшаның нәтижесі нөлге тең болатынын көргеннен кейін, ары қарай есептеудің қажеті жоқ.
№7 тапсырма. 2,7,9 цифларын пайдалана отырып, неше екі таңбалы сан жазуға болады: (Бұл сандардағы цифрлар қайталанады). Жауап нұсқасы өте көп болғандықтан, оны жүйелеу қажет. Ол үшін алдымен 2-ден басталатын сандарды (22,27,29), содан соң 7-ден (77,72,79) және 9-дан ( 99,92,97) басталатын сандарды жазыңыз. Жауап нұсқалары жазылған кестені де осындай ретпен толтырамыз. Оны тақтаға сызған дұрыс.
2 7 9 Мүмкіндіктер бұтағын құр.
2 7 9 ондықтар
2 7 9 бірліктер
№5 тапсырма – құрама есеп. Бірақ өмірде мұндай жағдайлар өте жиі кездеседі, сондықтан онымен танысудың пайдасы зор. Егер жолаушы 10 минутта озып кетсе, жолға кеткен уақыттың 10 минутқа тең болғаны.
1-тәсіл
70•10=700 (м) – бірінші жолаушы жүріп өткен жол.
700-600=100 (м)- екінші жолаушының жүріп өткен жолы.
100:10=10 (м/мин) –екінші жолаушының жылдамдығы.
2-тәсіл
600 : 10 = 60 (м/мин) - бір-бірінен алыстау жылдамдығы.
70 - 60 = 10 (м/мин) - екінші жолаушының жылдамдығы.
№6 тапсырмада алдымен параллель түзулерді көзбен, бұрыштық сызғышсыз аныктап алғаннан кейін ғана бұрыштың сызғышты пайдалануды сұраңыз. Бұл жаттығу келесі сабаққа дайындық болады.
№6 (ә) тапсырма - сызық сызылмаған кағазға тіктөртбұрышты салу алгоритмін кайталауға арналған есеп. Балалар суретке сүйене отырып, алгоритмдік кадамдар тізбегін жасайды.
№7 тапсырманы орындаған кезде - оқулыктың форзацын ңолданыңыз, яғни, бір таңбалы сандар мен 10-ның кубтары көрсетілген кестені пайдаланыңыз.
№ 8 Сызбада неше үшбұрыш бар?
а) ә)
Жауабы: а) 16 үшбұрыш бар; ә) 13 үшбұрыш бар.
№8.Көк, қызыл жөне жасыл стақандарға қарындаштар, фломастерлер мен қаламдар салынған. Жасыл стақанда қарындаш жоқ, ендеше карындаштар қайда тұр? Кестені немесе графты (бағыт сызығы) пайдалан.
|
Қарындаштар
|
Фломастерлер
|
Қаламдар
|
Көк стақан
|
-
|
+
|
-
|
Жасыл стақан
|
-
|
-
|
+
|
Қызыл стақан
|
+
|
-
|
-
|
Есептің шартын оқи отырып, бағыт сызыктарын жүргізуге болады немесе кестенің тиісті қатарына « + » немесе « - » таңбаларын жазамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |