Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Білімді тексеру
Сабақтық мақсаты:екі таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін, қарама-қарсы және бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді меңгеру деңгейін саралау; көп таңбалы сандарға қатысты есептерді шығару қабілеті мен дағдысын жетілдіру; әртүрлі есептер шығару; кеңістікті ойлау мен есте сақтау қабілетін дамыту; өз күшіне сенуге тәрбиелеу.
Бақылау жұмысын өткізіңіз. Бақылау және тексеруге арналған баспа дәптерін пайдаланыңыз. Күрделілік жағынан балаларға қажетті деңгейді таңдап алыңыз. Балаларды өткен сабақтарды қорытындылауға үйретіңіз. Қатесін өз бетінше іздеп, оны түзету бағытында жұмыс жасаңыз. Балалардың білімі мен дағдысын реттеп отырыңыз. Бақылау жұмысының сапасына қарай келесі сабақты қатемен жұмыс істеуге және өткенді бекітуге пайдаланыңыз.