Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:үш таңбалы санға көбейту мен бөлу дағдыларын бекіту; әртүрлі есептерді шығару дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлау қабілетін дамыту; математикаға деген қызығушылықты ояту.
Сабақтың барысы: Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру. Ауызша есептеуге №1 тапсырманы ұсыныңыз.
Математикалық диктант.
• Оқушы кітаптың 18 бетін оқып шықты. Бұл - кітаптың бөлігі. Кітаптың жалпы неше беті бар?
14 пен 30-дың көбейтіндісін 3 есе арттыр.
240 пен 80-нің бөліндісін 3 есе арттыр.
3 ай жылдың қай бөлігін құрайды?
10 қапта 1 т қант бар. Үш қапта неше килограмм қант бар?
9 бен 8 сандарының көбейтіндісі 4 пен 6-ның көбейтіндісінен артық.
240 минутта неше сағат бар?
360 пен 9 минуттың бөліндісін 7 есе арттыр.
Шаршының ауданы 25 см2-ге тең. Оның периметрін табыңдар.
Гүлкөмбенің ұзындығы 5 м, ал ені одан 2 м кем. Гүлкөмбенің ауданы мен периметрін табыңдар.
Жаңа материалды оқулықтағы №2 (а, ә) тапсырмаларға сүйене отырып түсіндіруге болады.
Үш таңбалы санға бөлудің қалай орындалғанын қарап шық. Бөлген кезде пайымдау алгоритмін аяқта.
Бірінші толымсыз бөлінгіш 3 918. 3 918 санын 653-ке бөлемін. Бөліндіге цифр таңдаймын. Ол үшін 93 жүздікті 6 жүздікке бөлеміз. Тексереміз 653 -6 = 3 918.Бөлінгіш тең.
ә) Бөлген кезде пайымдау алгоритмін аяқта.
Бірінші толымсыз бөлінгіш 1 375. 1 375 санын 573-ке бөлемін.
Бөліндіге цифр таңда. Ол үшін 13 жүздікті 5 жүздікке бөлеміз, 2 саны шығады. Оны тексеремін (573 - 2 = 1 146).Қалдықты тексеремін. Ол бөлгіштен кіші (229 < 573). 2 цифрын түсіремін. Екінші толымсыз бөлінгішті 2 292-ге бөлемін. Ендеше 22 жүздікті 5 жүздікке бөлсек, 4 шығады. Тексеремін. Қалдық нөлге тең. Бөлінді тең.
Алғашқы бекіту. Үш таңбалы санға бөлу алгоритмін қайталау үшін оқулықтағы №2(ә) тапсырманы пайдалануға болады. Тапсырма тақтаға және дәптерге орындалады.
Өткен материалмен жұмыс. №3 - өзіндік жұмыс, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.
208 500-44 455:523 = 208 415
(124 638 + 80 294) + (9 507 - 9 179) = 205 260
56 058 + 452 • 325 = 202 958
№4 - түсіндіре отырып жазамыз. №5 есепті оқушылар өз бетінше орындап, тексереді. Егер балалар өрнекті бірден құра алмаса, оларға шешуін амалдармен жазуға рұқсат етіңіз. а)1) 4 500 • 6 т 27 000 (г) = 27 (кг) - жұмсалған күріш. 2) 27 + 32 = 59 (кг) - әкелінді. ә) 1) 85 • 2 = 170 (б.) - күріш салынған бәліш. 2) 170 - 85 = 85 (б.) - артык, б)1) 34 : 17 = 2 (кг) - үн салынған қағаз қапшық. 75 : 25 = 3 (кг) - күріш салынған қағаз қапшық.
3 - 2 = 1 (кг) - ауыр.
№6 есеп тақта мен дәптерге орындалады, жан-жақты түсіндіріледі. Үй тапсырмасы. №5, №7 (4-6-теңдеулер).