Үй тапсырмасы. №4 (4 өрнек құру). Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: мүмкіндігінше көбірек өрнек құруды жалғастыру.
Тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бағанга жазылған өрнектерді салыстыру қажет.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандарға көбейтуге үйрету; оқушылардың есептеу дағдысы мен әртүрлі есептерді шығару қабілетін жетілдіру.
Сабақтьң барысы: Тірек білімін, білік, дағдыларын жетілдіру.
Мына түрдегі тапсырма түрлері:
а) Сандарды оқы.
254 200, 8 321 3541, 504 008, 2 000 485, 44 026 085, 746 456 000.
ә) Бұл сандарда барлығы неше бірлік, ондық, жүздік, ондық мың, жүздік мың, бірлік миллион, неше ондық миллион, жүздік миллион барын атап бер.
Жаңа материалмен танысу.
Көбейтудің жаңа түрін оқулыққа (№1) сүйене отырып түсіндіру қажет.
Түсіндіру кезінде әр жағдайда неше толымсыз көбейтінді бар екеніне назарларын аудару керек.
2413•210=506730 2 521 • 430 = 1 084 030
8321•102=998520 2 413 • 201 = 485 013
2521•403=1015963 8 321 • 120 = 848 742
Бұл мысалдардың ұқсастығы неде? (Екінші көбейткіштің жазуында 0 цифры бар. Үш таңбалы санға көбейткенімізге қарамастан, тек екі толымсыз көбейткіш жазылған)
Бұл мысалдардың айырмашылығы неде? (Бірінші жағдайда екінші көбейткіште бірліктер жок, ал екінші жағдайда ондықтар жоқ).
Өткен материалмен жұмыс.
№3 (ә) есепті кесте түрінде жазуға болады.
Азық-түлік
Бағасы (1 кг)
Саны
Қүны
Кәмпит Печенье
?тг. 160 тг.
85 кг 248 кг
?тг ? тг
66 880 тг
Оқушылар ұжымдасып талдап болғаннан кейін, есептің шешуін өз бетінше жазады:
160 • 248 = 39 680 (тг.) - печеньенің құны.
Бұл есепті теңдеу құру арқылы шешуге болады. 1 кг кәмпиттің бағасы х бол сын делік.
х • 85 + 160 • 248 = 66 880
х • 85 + 39 680 = 66 880
х • 85 = 66 880 - 39 680
х • 85 = 27200
х = 320 (тг.) - 1 кг кәмпиттің бағасы.
№3 (а) есепті өзіндік жұмыс ретінде тапсыруға болады.
3 400 : 8 = 4 250 (тг.) - 1 қаптың бағасы.
51 000 : 4 250 = 12 (қап) - барлығы.
№6 тапсырма. Теңдеулерді оның құрылымын және сандық материалды талдау негізінде ауызша шешуге болады.
№7 тапсырманы балалар өз бетінше орындайды.
V1 = 5• 2• 12 = 120 (см3) V2 = 2 • 2 • 2 = 8 (см3)
V3 = 5 • 3 • 2 = 30 (см3) V4 = 16 • 7 • 3 = 336 (см3)
№2 - практикалық жүмыс. Есеп қандай ретпен орындалатыны жауабы талқыланғаннан кейін шығарылады.
Үй жұмысы: №6, №3 (ә) немесе 4 (ә). Шығармашылық деңгей: «Үш таңбалы санға көбейту» тақырыбы бойынша «Футбол» ойынының үлгілерін құрастыру.
№8 есепті шығару үшін сағат циферблаты қажет. Ол 12 рет сағат тілі нешені көрсетсе, сонша рет соғады. Яғни, 1 + 2 + 3 + 4 + 5... + 12 жөне 11 рет 1 реттен (сағат 1-ден 12-ге дейін әр жарты сағат сайын) соғады. Барлығы 89 рет соғады.