Өткен материалмен жұмыс. №5 есептің (екі айырма бойынша белгісіз санды табу) а) бөлімін сынып болып талдау.
9 600 - 6 400 = 3 200 (кг) - айырма.
3 200 : 80 = 40 (кг) - 1 қаптың массасы.
6 400 : 40 = 170 (қап) - картоп.
9 600 : 40 = 240 (қап) - сәбіз.
(ә) бөлімін өз беттерінше орындайды. Тақтаға қысқартуларды жазып көрсетуге болады - тг/сағ (сағатына неше теңге төленетіні - сағат бойынша төленетін ақы).
№8 есепті Шығарғанда (ұзындығы 500 м пойыз сағатына 60 км жылдамдықпең жүріп келе жатса, үзындығы 500 м тоннельден қанша уақытта өтеді? Есепті шығару үшін жылдамдықты м/мин-қа ауыстыру).
Шешуі: 60 км : 60 мин = 1 км/мин немесе 1 000 м/мин. Ендеше 500 метр тоннельді жарты минутта жүріп өтеді.
Өзіндік жұмыс. №6 тапсырма бойынша есеп құрастыруға арналған тапсырма беріңіз. Жұмысты жеке-жеке немесе топқа бөлініп орындауға болады.
№7 тапсырма бойынша мысалдар шығарудан жарыс ұйымдастыру.
Үй жұмысы. №6 (екі есеп). Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: «Білім сандығына» есептер дайындау (параққа өзіңің шығармашылық сұрағыңды жаз немесе мысалдар келтір).