Жаңа материалмен танысу. Мысалға қараңыз: 624 : 78
- Сендер қандай сандарға бөлуді білесіңдер? (Бір таңбалы сандарға). Сендердің білімдеріңді пайдаланып көрелік. Бөліндіні оңай табу үшін әр санды 10-ға бөлеміз, мысал: 62 : 7. Бөлудің алдында бірінші толымсыз бөлінгіш пен бөліндідегі цифр санын анықтап ал. Бөліндіге қандай сан алдық? (8). Бұл - үлгі ретінде алынған сан, оны бірден бөліндіге жазуға болмайды. Алдымен тексеріп аламыз (78 • 8 = 624). Ендеше бұл цифр сәйкес келеді. Енді оны бөліндіге жазамыз.
- Оқулықтағы жаңа тақырыпқа берілген түсіндірмені қарап шығайық (№2а). Бөлу алгоритмін оқып шығып, есте сақтаңдар.
Алгашқы бекіту. №2 (ә) есеп тақтада жан-жақты түсіндіріле отырып орындалады. Оқушылар бөлуге берілген мысалды шешеді және тексереді.
- Бұл мысалдарды қалай тексереміз? (Көбейтеміз)