Сабақтың тақырыбы: Өткенді бекіту Сабақтардың мақсаты:көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері бойынша өткен сабақтарды рефлексиялау, өткен есеп түрлерін шығару қабілетін тексеру; тексеруге дайындау.
Сабақтың барысы Өткен материалдарды бекіту үшін 90-92-сабақтың материалдарын пайдалануға болады. Балаларды есептеу барысында жіберген қателерін талдауға үйретіңіз, есептеу алгоритмдерін бекітіңіз.
№8 (91-сабақ) есепке нұсқау. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Көк шеңбердің ішінде 2-ге бөлінбейтін неше сан бар?
Қызыл шеңбердің ішінде 5-ке бөлінетін неше сан бар?
Қызыл және көк шеңбердің шеңберде 2 мен 5-ке бөлінетін неше сан бар?
Көк шеңберде 5-ке бөлінбейтін неше сан бар?
№5 тапсырма (92-сабақ) «абайла!» шартты белгісімен берілген.
Бұл жерде балалар 378 ц : 600 кг, 10 т : 2000 кг өрнектеріне назар аударулары керек. Балалар баска амалдардың бірыңғай шамалармен орындалып жатқанын түсіндіріп беруі тиіс.
№6 (а) есеп тақтаға және дәптерге шығарылады.
Vқорап = 50 • 50 • 10 = 25 ООО см3 Vфургон = 10 • 3 • 4 = 120 м3 = 120 000 000 см3 120 000 000 : 25 000 = 4 800 қорап сыяды
№6 (ә). Тактайдың ені 1 м 20 см жөне ұзындыры 1 м 60 см. Осы тақтайдан диаметрі 40 сантиметрлік неше дөңгелек кесіп алуға болады?
Сызба түрінде орындауға болады
120 см
160см
см : 40 см = 3 - еніне 40 см-ден 3 рет орналастыруға болады.
2)160 см: 40 см = 4 - ұзындығына 40 см-ден 4 рет орналастыруға болады.
• 4 = 12 - қабырғасы 40 см 12 шаршы шығады.
Тіктөртбұрышты кабырғалары 40 см болатын 12 шаршыға бөлеміз немесе диаметрі осындай 12 дөңгелек кесіп аламыз.