Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет42/45
Дата06.02.2022
өлшемі1,26 Mb.
#30400
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеті
Сабацтыц мацсаты: оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері туралы білімін кеңейту; есеп­теу қабілеті мен дағдысын жетілдіру; кеңістіктік түсінігін дамыту; өзін-өзі бағалай білуге үйрету.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатын хабарлау. Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.
1. Үй тапсырмасын тексеру. №6.
826 281 : 909 = 909 242 963 : 427 = 569
40 803 : 201 =203 332 621 : 683 = 487
72 900 : 972 = 75 897 744 : 472 = 1 902
102 555 : 265 = 387 365 216 : 904 = 404
Шығармашылық тапсырманы орындаған оқушылар өздері құрап келген есептерін шығаруға ұсынады.

  1. Ауызша жаттығуларға №1 тапсырма ұсынылады.

  2. Математикалық, диктант.

  • Балалар алаңының ұзындығы 60 м, ені 30 м. Осы алаңның сыртындағы қоршаудың ұзындығын тап.

  • 3 100 бен 28 сандарының айырмасынан 8 есе кем санды жаз

  • 7 км-де неше метр бар?

  • 850 саны 170-тен неше есе артық?

  • 130 бен 120 сандарының қосындысын олардың айырмасына көбейтіңдер.

  • 6 см2 неше мм2 болады?

  • 93 пен 3-тің бөліндісін 6 есе арттыр.

  • 1 ц 50 кг-нан неше есе артық?

  • 540 пен 460 сандарының қосындысы дел осы сандардың ай­ырмасынан қанша артық?

  • 30 000 саны шығу үшін 1-ді нешеге қосу қажет? Оқу материалымен танысу.

Жаңа материалмен танысуды топтасып орындалатын практикалық жұмыстан бастауға болады. Әр топқа тік бұрышты параллелепипедтің үлгісі және әр параллелепипедтің көлемін есептеу туралы тапсырма беріледі. Содан соң параллелепипедтер бүйірімен қойылып, оқушылар қайтадан есептеуге кіріседі. Содан соң олар: «Фигураны аударғанмен, оның көлемі өзгермейді» деген қорытынды жасайды.
Содан соң оқулық бойынша №1(а) тапсырма орындалады.

  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін анықтаңдар (көбейткіштің орындарын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді).

  • Көбейтудің терімділік қасиетін анықтаңдар (өрнекте қатар орналасқан екі көбейткішті әрқашан көбейтіндімен ауыстыруға болады).

Бастапқы бекіту.
№2 тапсырманы оқушылар жан-жақты түсіндіре отырып орындайды.
- Көбейтудің қандай қасиеті өрнектің мәнін табуға көмектесті? (Көбейтудің терімділік қасиеті)
(190 • 5) • 2 = 1 900 5 • (630 • 4) = 12 600
(7250•2)•5=72500 (639 • 4) • 5 = 12780
(332 • 4) • 5 = 6 640 200 • (96 • 5) = 96 000
(625 • 200) • 5 = 625 000 (103 • 50) -4 = 10 300
5. Өткен материалмен жұмыс.
№6 есептің шешуін оқушылар өрнек түрінде жазады:
а)(17 612 : 28) • 16 = 10 064 (г.)
ә) 100 • 300 • 365 = 10 950 000 (г) = 10 (т) 950 (кг)
б)(16 200 + 7 800): 1 500 = 16 (рет)
Сынып деңгейі жоғары болса, есептеу жұмысын орындатуға болады.
№7 есеп бойынша теңдеу құрылып, тақтаға және дәптерге орындалады.
х : 12 + 12 354 - 27 870 х = 186 192
х • 100 = 1 600 + 24 000 х = 256 .
(х - 30 985): 15 = 12 000 - 9731 х = 65 020
Үй жұмысы: №5.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет