Жаңа материалмен танысу. Есептеу тәсілін қарастырып (№2), бұл мысалдарды қалай шешу керектігін түсіндіру.
Алғашқы бекіту. №2 - тақтада түсіндіру және дәптерде тексеру арқылы орындалады (1-ші және 3-баған).
Өткен материалмен жұмыс. №3 тапсырма ауызша орындалады.
1) 95 + 66 - жақындау жылдамдығы;
2) 95 - 66 - екінші пойыздың жылдамдығы біріншісінің жылдамдығынан қанша артық;
3) 66 • 6 - бірінші пойыз жүріп өткен қашықтық;
4) 95 • 6 - екінші пойыз жүріп өткен қашықтық;
5) (66 + 95) • 6 - қалалар арасындағы қашықтық.
Бірінші бағандағы (№6) теңдеулерді шешпес бұрын балалар өрнектерді ықшамдайы (барлық амалдарды орындау қажет), содан соң жай теңдеудің түбірін табады. Ал екінші бағандағы теңдеулер күрделірек. Амалдардың белгісіз компонентін (белгісіз компоненті бар амал ең соңынан) анықтап, содан соң, табу ережесін қолдануға болады. Басқаша пайымдауға да болады. Егер өрнектің оң және сол жақ бөлігінен бірдей санды азайтсақ (қоссақ), бірдей санға бөлсек (көбейтсек) теңдік тура болады. Теңдеулерді шешкен кезде осылай пайымдау керек.
№8 есеп «мұны білу пайдалы» шартты белгісімен берілген. Ол 3 пен 9-ға бөлінгіштік белгілерімен таныстырады. Бұл материал бағдарламаға кірмейді, бірақ амалдарды барынша тиімді орындау және бағанмен бөлу барысында бөліндінің байқау цифрын таңдау үшін өте пайдалы.
Өзіндік жұмыс. №5 тапсырма — мысалдар тізбегі.