Сабақтың барысы. Тірек білімін, білік дагдыларын жетілдіру. Ауызша есептеу Қалдырылған сандарды атап көрсет.
Алдыңғы сан
999 999
79 899
Сан
70 900
40 909
Кейінгі сан
100 000
Математикалық диктант алу үшін тексеруге арналған дәптерді пайдаланыңыз.
Екі таңбалы санға көбейту амалдарының алгоритмін қайталаңыз. Балаларға мысалды жазғанда екі торкөзді бос қалдырып жазу керектігін ескертіңіз.
№1. Көбейтуді түсіндіре отырып орындайды. Есепті шығару жолдарын дауыстап айтудың маңызы зор. Өйткені балалар бұл тәсілді бірінші рет үйреніп отыр. Олар толымсыз нәтижені жазған кезде жиі қате жібереді.
№2 есеп үлгі-сызбаның көмегімен шығарылады. Мұндай есептерде қысқаша жазудың кажеті жоқ, есеп бойынша сызба сызған дұрыс.
№4-есепке тек өрнектер ғана жазады. Бұрын мұндай блиц-тапсырмаларда әріппен берілген 1-2 өрнек кездескен де болатын. Бұл тапсырма әріпті тапсырмалардан тұрады. Балалар жазылған өрнектің мәнін жақсы түсінуі үшін, бір немесе бірнеше есептің сандық мәнін тауып, өрнектің мәнін есептеу туралы тапсырма беріңіз.
Геометриялық мазмұндағы №3 және №7 есептер бірінші жарты жылдықта кездескен тапсырмаларға ұқсас. Балалармен бірге тапсырманы орындау ретін талқылаңыз, содан соң есептеу мен сызуды өз бетінше орындауды тапсырыңыз.
№8 комбинаторлық есепке нұсқау.
Есепті кесте арқылы шығару - ең қолайлы тәсіл. Барлық нұсқаны жазып шығып, оларды санаңыз.
Марал
Рүстем
Шолпан
Серік
Назгүл
Марал
MM
MP
МШ
МС
МН
Рүстем
+
Шолпан
Серік
Назгүл
Өзіндік жұмыс №5 ( бөлінді мен қалдықты табу), №6.
Жаңа тақырыпты тексеруге арналған мысалдар жазылған шағын карточкаларды пайдалануға болады (бір –бір қатардан шығару).
Сакбақтың тақырыбы: Екі таңбалы cанға бөлудің жазбаша тәсілдері Сабақтың мақсаты:оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмімен таныстыру; есептеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру; әртүрлі есептерді шығару қабілетін бекіту.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Сендер осы тапсырманы орындағаннан кейін сабақтың тақырыбын білетін боласыңдар. 500-ден берілген сандарды кезекпен азайтыңдар. Айырмаларды табыңдар және оларды кему ретіне қарай орналастырыңдар.
Тақтада:
Ө
392
Л
333
Б
492
У
261
Сабақтың тақырыбы - екі таңбалы санға бөлу.
Тірек білімін, білік дагдыларын жетпілдіру. Үй тапсырмасын тексеру.
Ауызша тапсырмаға №1, №3 жаттығуларды қосыңыз.
Екі таңбалы санға бөлуге дайындау үшін математикалық диктант алып, артынша тексеріңіз: 630:90, 60:12, 72:12, 45:15, 25•10, 510 : 17, 770 : 110, 36 : 12, 7•14, 37 • 0, 54 : 17, 45 : 3, 24 : 2.
Содан соң тақтаға көп таңбалы санды бір таңбалы санға бөлуге 1-2 мысал шығарып, түсіндіріңіз.