Өткен материалмен жұмыс. №5 есеп ауызша орындалады.
38 + 42 = 80 км - арақашықтық. Теплоходтардың жылдамдығы: 38 : 1 = 38 км/сағ; 42 : 1 = 42 км/сағ.
№6 есеп амалдар бойынша тақтаға және дәптерге орындалады.
70 + 60 = 130 (км/сағ) - жақындау жылдамдығы.
260 : 130 = 2 (сағ) - жолдағы уақыт немесе өрнек
түрінде: 260 : (70 + 60) = 2 (сағ)
№3 есепті орындау барысында шама бірліктерін ауыстыру қажеттігін окушылардың назарына салыңыз.
Жылдамдық
Уақыт
Қашықтық
Касатка
65 км/сағ
360 мин = 6 сағ
390 км
Дельфин
46 км/сағ = 460 м/36 с
180 мин
138 км
Акула
36 км/сағ = 36 000 : 60 = 600 м/мин
120 мин
72000 м =72 км
Лосось
39 км/сағ
8 сағ
31 312 км
Жылан балық
12 км/сағ
12сағ
144 км
№7 - өзіндік жұмыс.
Соңғы өрнекте «абайла» белгісі бар. Екінші жақшадан нөл шығатындықтан, бірінші жақшаның ішін көбейтудің қажеті жоқ.
Сабақтың бұл кезеңінде №8 тапсырманы орындау қажет. Ол оқушыларды «емес» деген логикалық сөзді пайдалануға машықтандырады.
Үй тапсырмасы:№4 тапсырма бойынша 4 өрнек құрастыру қажет. Шығармашылық деңгейге арналған тапсырма: барынша көп өрнек құрастырып, олардың мәнін табу (16 нұсқа жасауға болады).
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау Сабақтың мақсаты:екі таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілдерін бекіту; әртүрлі есептерді шығару қабілеті мен есептеу дағдысын жетілдіру.