Сабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында. Әмірхан Абдуллин
Сабақтың мақсаты: А. Байтұрсынұлы туралы білімдерін толықтыру, оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Туған елі туралы түсініктерін кеңейту.
Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиеленіп, өздік жұмыс жүргізу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, тіл дамыту, сұрақ – жауап, әңгімелесу,
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын, зейіндерін сабаққа аудару.
Күлімдеп күн бүгін СЛАЙД
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады баршаға
Жарқыраған күн көзіндей көңіл күйімізбен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сапарғали Бегалиннің “Қырдың жас түлегі” әңгімесі
А) автор туралы қысқаша мәлімет СЛАЙД
Сапарғали Бегалин (1895 - 1983) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20 - дан астам кітап жазып, қазақ балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді.
С. Бегалин ”Сәтжан”, “Көксегеннің көргендері”, “Шоқан асулары”, “Алтай аңызы”, т. б. көптеген шығармаларды жазған.
Ә) «Қырдың жас түлегі» мазмұнын сұрау. СЛАЙД
Бөлінген бөліктер бойынша мазмұнын сұрау.
1.Шоқанның Ертіс жағасына келуі
2.Шоқанның еліне деген сағынышы.
3.Шоқан оқыған сыныптың жазалануы.
4.Қорқарың бар қораға кірме
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Әңгіме кім туралы ? Шоқан Уәлиханов СЛАЙД
Ш. Уәлиханов
Қандай еңбектері бар?
Қашан, қайда туған?
Кім?
Шоқан (шын аты Мұхаммед Қанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – Абылай ханның шөбересі. Әкесі Шыңғыс – ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам.
Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болады.
ІІІ.Мақсат қою кезеңі:
А.Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңін тыңдау.
- Бұл кімнің өлеңі? А. Байтұрсынұлы. Видео тыңдау.
- Бүгінгі сабақта А. Байтұрсынов туралы әңгімемен танысамыз.
ІҮ. Жаңа сабақ.
«Ақкөл жағасында» Әмірхан Абдуллин
1) - Автор туралы мағлұмат беру.
2) - А. Байтұрсынұлы кім? Тірек – сызбамен жұмыс СЛАЙД___3)_Видео_А.Байтұрсынұлы_дүниеге_келген_күн.'>СЛАЙД
3) Видео А.Байтұрсынұлы дүниеге келген күн.
А. Байтұрсынұлы – аса ірі ғалым, қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, ақын және аудармашы, ұстаз, әдебиет теоретигі, мемлекет қайраткері, ел - жұртының абзал азаматы. А. Байтұрсынұлы туған халқы үшін, елінің болашағы үшін күрескен азамат ретінде тым ерте танылды. Күрескер, қайраткер, ақын – жазушы, ағартушы, тұла бойы адамгершілік, адалдықты сыйғыза білген
4) Мәтінмен танысу. Мұғалімнің оқуы.
5) Сөздік жұмысы. «Түртіп алу» тәсілі СЛАЙД
Ныспым - өз аты немесе есімі деген сөзді білдіреді.
Көшір – арба айдайтын адам.
Тарантас – күйлі адамдар мінетін төрт аяқты арба.
Бадрисафа – А.Байтұрсынұлының жолдасы
6) Мәтінді бөліктерге бөлу. СЛАЙД
1. Ахметтің Мәшен ауылына келуі
2. Ахаңды балалардың қарсы алуы.
3. Балалармен Ақкөл жағасында кездесуі
5) Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар мәтінді оқыту. Алдарына нөмір тастаймын, сол арқылы оқушылар шынжырлап оқып шығады.
6) – «Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша талдау.СЛАЙД
1. Авторы ____________________
2. Такырыбы __________________
3. Жанр түрі __________________
4. Идеясы __________________
7) Сергіту сәті.
“Кім шапшаң?” Намыс, ерлік, батырлық, оқу, білімге байланысты мақал - мәтел айтқызу. СЛАЙД
1. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады).
2. Аққуды атуға болмайды, (досыңды сатуға болмайды).
3. Батыр туса - ел ырысы, (жауын жауса жер ырысы).
8) Не білдік? СЛАЙД
Топпен жұмыс.
І топ
1. Әңгімеде кім туралы?
2. Балалар Ахмет Байтұрсынұлын қалай қарсы алды?
ІІ топ
3. Ақкөл жағасындағы балалар не істеді?
4. Ахмет Байтұрсынұлы неге риза болды?
ІІІ топ
5. А.Байтұрсыновтың сөйлеген сөзінен, іс-әрекетінен қандай адам
екенін байқадыңдар?
6. Неге бұл әңгіме “Ақкөл жағасында” деп аталады?
Ү.Қорытындылау.
Венн диаграмасы. СЛАЙД
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. «Ақкөл жағасында » оқу, мазмұндау.
Кестені толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |