Сабақтың тақырыбы: Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақстанның басты өзен жүйелері, алаптары олардың негізгі өзендерінің қоректенуі, маңызы жөнінде білім беру
2. Оқушының ойлау қабілеті, сөздік қоры, өзін өзі басқара білуі, ойын жүйелей алуына, жинақылыққа баулу арқылы сыныптағы білім сапасын 63% жеткізу.
Сабақтың әдісі: Б ж С технологиясы (ауызша сабақ-1 картасы).
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, технологиялық карта
Пәнаралық байланыс: биология, экология, математика
Сабақтың барысы :
I Ұйымдастыру кезеңі: (5мин).Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі сабағымыз Б ж С технологиясының негізінде « Ауызша сабақ – технологиялық картасы» арқылы өтеді. Тақтада сіздердің орындарыңыз белгіленген «матрица» кестесі берілген. Сабағымызды бастау үшін сынып лидері Айгерімге сөз берейік:
Құрметті оқушылар! бүгінгі сабақта БиС технологиясы бойынша өз білімімізді көрсетіп, бәріміз бірге қатысып, 63% сапа көрсетуге дайынбыз ба?!(бәрі бірге қосылып «иә» деп жауап береді).
II кезең:
Б и С технологиясы дегеніміз – Биоақпараттық және синергетикалық әдіс. Біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама»
Қазақстанның физикалық картасы арқылы жаңа сабақтың қысқаша жоспарымен таныстырамын.
Еліміздегі барлық өзендердің Солтүстік Мұзды мұхитқа және ішкі тұйық көлдер алаптарына құятынын білесіңдер. Солтүстік Мұзды мұхит алабының ең басты өзені – Ертістің негізгі салалары, қоректенуі, маңызы жөнінде;
Каспий теңізі алабының негізгі өзені Жайық туралы;
Арал теңізінің алабындағы Сырдария
Балқаш – Алакөл алабындағы Іле өзені туралы білетін боламыз
№1 тапсырма . Өткен сабақты қайталау:(5мин),(1сұрақ-3сек)
Су неше күйде болады ? ( 3).
Ішкі сулар нешеге бөлінеді? (5).
Қазақстан аумағында неше өзен кездеседі? (85мың).
Ұзындығы 1000 км-ден асатын неше өзен бар?(7 өзен).
Солтүстік Мұзды мұхиты алабына жататын өзендер? (Ертіс,Есіл,Тобыл).
Каспий теңізі алабының басты өзені?(Жайық).
Арал теңізі алабының басты өзені? (Сырдария).
Балқаш көлі алабының басты өзені?(Іле).
Солтүстіктен оңтүстікке қарай өзендер торы(азаяды.)
10)Өзен суының су шығынының өлшем бірлігі?(м/сек).
11)Ең суы мол өзен?(Ертіс).
12)Ең ірі су қоймалары? (Бұқтырма,Қапшағай)
13)Есіл өзенінің қореқтену көздері?(қар-жаңбыр суымен).
14)Лайлылығы жоғары өзенді ата?(Сырдария).
15)Жазық өзендерінің ерекшеліктері(арнасы кең,баяу ағады)
Матрицада №1 бағалау+
№2 тапсырма Қабылдауды ұйымдастыру.(5мин).Тақтаға «кілтті сөздер» тақырыптың негізгі ұғымдары жазылады. Оқушыларға 1минутта( 7,14,21 сөз) жаттау және жазу ұсынылады.Оқушылар бірін-бірі тексереді, нормаға сай болса .
Кілтті сөздер:1) Солтүстік Мұзды мұхиты, Ертіс, Бұқтырма, СЭС, канал, ішкі алаптар, Жайық.Уақыт:7сөз- (30сек),(63% болса жалғастыру).
2) Солтүстік Мұзды мұхиты, Ертіс, Бұқтырма, СЭС, канал, ішкі алаптар, Жайық,Каспий теңізі алабы,Батыс Қазақстан,Арал теңізі,Сырдария,Балқаш,Іле,Қапшағай.Уақыт:14сөз-(1 мин.15сек.), (63% болса жалғастыру).
3)(21сөз-2мин.30 сек)(Слайдқа).Оқушылар бір-бірін тексереді.
Матрицада №2 бағалау +
№3 тапсырма. Ұғынуды ұйымдастыру. (12мин)Оқулықпен жұмыстану (3минут 1 бет мәтінге: 15минут) уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім барлық оқушыға 1-ден қарама – қарсы сұрақтар қоямын.
Ертіс өзеніне құятын салалардың ең ірісі, сағасының төменгі жағында СЭС салынған.( Бұқтырма)
Ертіс өзені қалай қоректенеді? ( Аралас- қар, мұздық, жерасты, жауын-шашын)
1974 ж іске қосылған ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7м өзен суының бір бөлігі неге пайдаланылады. ( Ертіс-Қарағанды каналы)
Жайық өзенінің бастауы, құяр сағасы қай жерде?( Орал тауы, Каспий теңізі)
Жайық өзенінің басты салалары. ( Самара, Шаған, Елек, Ор т.б)
Ертедегі аты Сейхун, Қазақстандағы ең лай өзен. ( Сырдария)
Сырдария Арал теңізіне қай жылдан бері құймайды. (1974ж)
Іле өзені Қытайдағы Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын қандай өзендердің жалғасы. ( Текес және Күнгес)
Іле өзені бойындағы 1970ж салынған СЭС .( Қапшағай)
Халық шаруашылығына зиян келтіретін тасты-лайлы тасқындар « селдер) жиі болып тұратын өзен. ( Іле)
Республика жеріндегі ұзындығы .1082 км (Жайық).
Кеме жүзуге қолайлы өзенді ата. (Ертіс).
Республикадағы ең лай өзен.(Сырдария)
Ондатр жерсіндірілген көлді атаңыз.(Балқаш).
Үш СЭС қай өзенде салынған?(Ертіс)
Матрицада №3 бағалау.
№4 тапсырма. Қарама-қарсы сұрақ қою. (5мин) (СТО келісемін,келіспеймін).
1) Ең ірі СЭС Есілде орналасқан (келіспеймін,Ертісте.).
2) Жайық өзені Алтай тауынан басталады (келіспеймін,Орал тауынан).
3) Есіл өзені көктемде тасиды (келісемін).
4) Ертіс-Қарағанды каналы арқылы су батысқа әкелінеді. (келіспеймін,орталыққа).
5) Жайықтың жалпы ұзындығы 2428км (келісемін).
6) Іле өзені Каспий теңізіне құяды (келіспеймін,Балқашқа)
7) Есіл өзені ең лайлы өзен (келіспеймін,Сырдария)
8) Сырдария аңғары-республикада күріштен мол өнім алатын өңір(келісемін)
9) Медеу бөгеті 1996 жылы салынды(келіспеймін 1966жылы.)
10) Сырдария суының молдығы бойынша 3-ші өзен (келіспеймін,Іле).
11) Қапшағай бөгені Жайық өзенінде салынған?(келіспеймін,Іле өзенінде)
12)Шүлбі бөгені Өскемен Павлодар қалаларының арасында орналасқан?(келіспеймін,Өскемен Семей қалалары)
13)Орташа жылдық су ағыны 28 млрд м3 болатын өзен (келісемін,Ертіс)
14) Есіл өзенінің басты салалары Самара,Шаған өзендері (келіспеймін,Жайық өзені)
15)Жазық өзендерінің ерекшеліктері( арнасы кең,баяу ағады).
Матрицада №4 бағалау.
№5 тапсырма Тақырыптық сөз қоры. (5мин) Бүгінгі өткен жаңа тақырыпты қорытындылап, тірек сөздер арқылы, эссе түрінде жазамыз.(7-11 сыныптар сөздік қор нормативі- 63сөз), (5мин.)
Тірек сөздер: Солтүстік Мұзды мұхиты,Ертіс, СЭС, канал, Каспий теңізі алабы, Жайық, Арал теңізі алабы, Сырдария, мұздық, Балқаш, Іле, сел, Медеу.
Қосымша шығармашылық тапсырма, бірге ойланайық!
«Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама» тақырыбын неге жасыл түсті;«Кілтті сөздерді» көк түсті; Матрицадағы есімдеріңізді « тамшылар» түрінде бердім?!
Қорытынды: (5мин)Оқушылар жазған шығармаларын оқып, тақырыптық сөздік қорын санайды. Норма 63-100 сөздің аралығын көрсетеді. Матрицада №5 бағалау.
Балалардың ойларын тыңдаған соң, (кері байланыс 2 оқушы)тақырыпты өзім түйіндеймін. (3мин).Үйге жұмыс.(1 өзенге жоспар бойынша сипаттама)
Жасыл түс – өзендердің көпшілігі жазықта ағады, жазда жағасы жайқалады, сіздің де өміріңіз жасыл жайлаудай жарқын, жайлы болсын!
Көк түс – кіршіксіз таза судай таза, ақыл-ойыңыз терең болсын!
Көгілдір тамшылар- ол сіздер! Менің кішкентай тамшыларым, қазіргі мөлдір судың тамшысындай алған білімдерің өсіп, толғаннан кейін өздерің өзен жүйесіне айналып , «Білім»атты мұхит әлеміне жетсеңіздер екен деп тілеймін! Матрицадағы бағалауды есептеп,қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |