Сабақтың тақырыбы Алаш көсемі Сабақтың мақсаты



бет5/6
Дата08.02.2022
өлшемі431,12 Kb.
#120302
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алаш зиялылары

М — Мейірімді
Ұ - Ұлағатты
Ғ — Ғазиз
А - Ақылды
Л - Лайықты
І - Іскер
М — Маман
Музыка ойнайды оқушылар Вальс билеп шығады.
І- жүргізуші:
Армысыздар, Ұстаздар — әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би де билеп, әнде бүгін шырқалад.
ІІ- жүргізуші:
Ұстазым — саф алтын, діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін
Бүгінгі мереке күніңе
Сәл ғана құрметім бұл менің.
Құрметті ұстаздар, ата -аналар мен оқушылар 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік" атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
І-жүргізуші:
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай , шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
ІІ-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
Бірге : Мерекелеріңіз құтты болсын. !
І-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Сапаркүл? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық — өнер, тағлымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек .
ІІ-жүргізуші: Мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы-
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу — бұл нағыз шеберлік емес?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет