Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсе мен салт атты



Дата25.12.2016
өлшемі97,68 Kb.
түріСабақ
Пәні:Әдебиеттік оқу 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсе мен салт атты

Сабақтың мақсаты: 1. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып саналатын аңыз туралы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2. Аңыз туралы алған білімдерін дамыта отырып, сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлықтарын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

3. Өмірде адам бойында кездесетін жаман әдеттерден аулақ болуға, өтірік айтпауға, адамдарды алдамау сияқты қасиеттерге тәрбиелеу;

Әзілдің де адам өміріне тигізетін маңызын ұғыныдыру.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сипаттау, көрнекіліктік, проблемалық ситуация;

Оқыту технологиясы: Блум таксономиясы,тірек сызбалар,сөзжұмбақ,түрлі әдістер,ой-толғаныстар,ішкі

Көрнекілігі: Суреттер, «Аңыз адам» журналдары

Қосымша материалдар: сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер;

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Мынау менің- жүрегім

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым –ақылды

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

(ендеше жақсы істерді осы қолымызбен атқарайық,жүрегімізбен сезейі)

Балаларды сабаққа дайындау;



2. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақтағы әңгімені мазмұндау;

Өздерінің жасаған ашық хат арқылы жазылған бір-біріне деген ақ тілектерін оқиды.



3. Жаңа сабақ

Миға шабуыл

«Қарша борату» әдісі

Әр оқушыға парақшалар таратамын.

Халық ауыз әдебиетіне нелер жататынын жекелей жазады.

Өзім түсіндіремін,толықтырамын,қосымша мағлұмат беремін



Халық ауыз әдебиеті

жұмбақтар мақал-мәтелдер жаңылтпаштар ертегілер аңыз-әңгімелер

- Аңыз дегеніміз не? Аңыз туралы мағлұмат.


  • Аңыз- халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыз әңгіме дегеніміз – өмірде болған адамның басына құрылған әңгімені «аңыз» дейді Аңыздар тарихта болған адамдардың іс-әрекетіне байланысты оқиғалар әңгімеленеді.. Аңыз әңгімелер ел аузынан тараған екен.Аңыз әңгімелер ертегіге ұқсайды. Ертегіден айырмашылығы – аңыздар өмірде болған адамдар туралы айтылады.

  • Қандай аңыз адамдарды білеміз?

Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз адамдардың бірі – Алдаркөсе қандай адам еді? (оқушы пікіріне қосымша мағлұмат беру)

ә)Аңыз әңгімелерге арқау болған келесі кейіпкерімізді анықтап алу үшін мына сөзжұмбақты шешіп алайық:

А

Л

Д

А

Р

К

Ө

С

Е

С

А

О

Л

А

Ө

С

И

Т

П

Қ

П

А

С

К

Е

Ы

І

А







Я




К

Р

К

Н

Қ




1. Күн мен айдың мекені

2. Ешкінің төлі

3. Не ойнаған тозады.

4. Түлкі қандай аң?

5. Шын, ...

6.Тудың түсі

7. Бес жаман қасиеттің бірі

8.Төрт түліктің бірі

9. Аяқ киім
Ерекше сызық:
АЛДАРКӨСЕ

- Оның аты неге Алдаркөсе болған? Себебі, Алдаркөсенің әкесін бай адамдар алдап кете беріпті. Әкесі өте аңқау, сенгіш, қолы ашық адам болған екен. Ашынған әкесі Алладан ұл тілепті. Өйткені оның баласы болмаған екен. Сөйтіп жүргенде ұлды болып, баланың атын Алдар деп қойыпты.»Менің байларда кеткен өшімді алып берсе екен» деп тілепті. Шындығында Алдар өскенде байлардың қарапайым адамдарға жасаған қиянатын көріп, оларды алдаудың жолын қарастырыпты. Ол есейе келе оған сақал мұрт шықпапты. Сол себепті Алдар атына «көсе» деген атты қосып, Алдаркөсе атаныпты.

- Тарихта өзіндік орны бар, кедейге жаны ашып, тапқан-таянғанын соларға беретін өте жомарт, аңыз адамның бірі – осы Алдаркөсе.

б) Мына жұмбақты шешсеңдер .



Адамға – серік, ішсең – сусын, Мінсең – көлік. (жылқы)

Сурет бойынша жылқыны таныстыру.

Төрт түліктің ішіндегі ер адамның оң қанаты болған, адамға серік болатын, адасқан адамға жол көрсететін жануар – жылқы малы. Жылқы өте таза мал. Ол тек тұщы, тұнық су ғана ішеді. Жылқының жүрген жерінде жылан да жүрмейді екен. Сүтінен жасалатын қымыздың емдік қасиеті өте жоғары екен.

Ендеше суретке назар аударайық та,мәтінді оқи отыра салыстырайық,әрбіреуіңнің өз ойларыңды ортаға саламыз.



4.Оқулықпен жұмыс:

  • Кітапта берілген жаңылтпашқа назар аударайық. (оқытып талдау жасау

Қысқы киімдерге сурет бойынша жұмыс, Жаңылтпашта айтылған қысқы киімдерді тез танып ата.

Әр оқушыға қысқы киімдердің суретін беремін де

Бұлар ерлердің киетін қысқы киімдері,кәне суреттен анықтайық та,осы сөздерге сатылай –кешенді талдау жасайық/ақ қағаздар таратылып,тапсырма орындалады./

Сатылай-кешенді талдау үлгісі:

Мысалы:Тон

3

1



2

Әңгімені дауыс ырғағын келтіре оқушыларға оқып беру, сөздік жұмыс жүргізу, талдау жасау:



5)«Ойлану,талқылау» әдісі

Оқу түрлері:

Оқушыларды екі топқа бөліп, мәтіндерді оқыту;

Берілген сұраққа барлық топ оқушылары ойланып жауап іздейді және оны дәлелдейді

- Алданбау үшін қандай болу керек?

Жалпы қолындағы затты айырбастау дұрыс па?

Бұл жаман әдет екенін дәлелдейді. Сондықтан да мұндай жаман қасиеттерден аулақ болған жөн.



6. Топтық жұмыс:

«Алданып қалмау үшін қандай болу керек?» оқушылар өздері үшін қағидалар құрып, оны сыныптастарымен бөліседі.Және


(Алдаркөсеге мінездеме берейік)

Орайы келгенде әзілдеседі





Өте қу


тапқыр айлакер ойы ұшқыр

шешен


ақылды

7. Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Жоғары төмен қарайық

Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Бір серігіп алайық

8.Толғаныс сәті:

Берілген аңыздардың негізгі ойын анықтату.

а) «Бір сәтке өте көңілді»

ә) «Әркез адалдықты үйрену керек»

б) «Әркімге сене беруге болмайды»

в) «Күлкі адам өмірін ұзартады»

г) «Жаман әдеттен арылу керек (оқушылар кей негізгі ойды өздері ұштайды,кері бағытта сөйлейді,өз ойларын дәлелдейді)



9.Рефлексия


1.Жақсы түсіндім

2.Түсінген жоқпын


- Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не ұнады? Не ұнамады?

Бағалау.


10. Бекіту:

Оқулықтағы берілген жаңылтпаштарды оқытып, жаңылмай айтуға жаттықтыру.



Сонымен қоса жақсы-жаман қасиеттер туралы мақал-мәтелдер айтады.

Және әр адамға жақсылық тілей отыра,аспаннан жауған қар ақ болғандықтан ақ тілектер тілейік!Тілейік те ілейік.

/Жиналған қарды мақтамен жапсырмалайық яғни тілектеріміз қазіргі қардың қалыңдығындай көп болсын,жақсылық көп болсын!/

Қорытынды:

- Сонымен біз бүгін қандай аңыз кейіпкері туралы әңгімемен таныстық? 105-беттегі суретпен жұмыс жасау

Үйге тапсырма: Ой қозғау (Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін мәтін мазмұнын сахналауға дайындау)
Каталог: uploads -> doc -> 0534
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0534 -> Сабақтың мақсаты: 1 Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы»
0534 -> Сабақ жоспары Топ 4 топ Сабақтың өткізілетін күні Пәні: Информатика
0534 -> Сыныбы: 10 b Математика пәнінің мұғалімі: Шайхиева Н. Ш


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу