Табиғатта таралыуы:Крахмал табиғатта кең таралған. Ол әртүрлі өсімдіктердің қоректік затының қоры болып табылады және крахмал дәндері түрінде кездеседі. Крахмалға бай дәнді дақыларға күріш (80%), бидай (70%), жүгері (70%), сонымен қатар картоп жатады (картоп түйіндерінде 20 %)
Алынуы.Физмкалық қасиеттері: Крахмалды көбіне картоптан алады. Крахмал қоректік зат ретінде өсімдік дәндерінде кездеседі.
Крахмал – суда ерімейтін ақ ұнтақ. Ыстық суда ісініп, коллоидты ерітінді – клейстер түзеді.
Химиялық қасиеттері:Крахмалдың өзіне тән қасиеті – оның йодпен әрекеттесуі. Крахмалдың суыған клейстеріне йод ерітіндісін тамызса, көк түс пайда болады.
Крахмалдың гидролизденуі сатылап жүреді. Алдымен крахмалға қарағанда молекулалық массалары аз декстриндер, әрі қарай сахарозаның изомері – мальтоза, содай кейін гидролиздің соңғы өнімі – глюкоза түзіледі:
Қолданылуы: Крахмал – маңызды қоректік заттардың бірі. Организмде ол майлар сияқты алдымен гидролизге ұшырайды. Бұл процесс тағамды шайнағанда ауыз қуысында жүре бастайды. Әрі қарай крахмал гидролизі асқазан мен ішекте жалғасады. Түзілген глюкоза ішек қабырғалары арқылы қанға сіңіп, бауырға барады, бауырдан организмнің қалған бөліктерін қоректендіруге жұмсалады.
Презентация
Слайд 3
слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8-9
Крахмалға қарағанда, оның гидролизденуінің аралық өнімдері – декстриндер организмде оңай сіңіріледі. Тамақты пісіру көбіне крахмалдың декстринге айналуына негізделген. Картопты немесе нанды пісіргенде крахмалдың ішінара гидролизі жүреді. Крахмал тағам ретінде ғана қолданылмайды. Тамақ өнеркәсібінде одан глюкоза және сірне алынады. Крахмал этил спиртін өндіруге жұмсалады. Эксперимент жасау
№6 зертханалық жұмыс « Тамақ өнімдеріндегі крахмалды анықтау
Жаңа тақырыпты меңгеру
Слайд 10
Слайд 11-12
Бекіту
Бүгінгі сабақта: Полисахаридтерді анықтадыңыздар.
Тағам құрамындағы крахмалға зерттеу жүргіздіңіздер.