Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата08.09.2017
өлшемі48,92 Kb.
#30817
түріСабақ
Класс: 8 Б

Пән: Информатика



Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-  әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

     Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,   танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

     Тәрбиелік оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу),  таратпа карточкалар, смайликтер.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.


  • оқушылармен сәлемдесу;

  • оқушыларды түгендеу;

  • топқа бөлу (Алгоритм, Паскаль);

ІІ.Үй жұмысын тексеру. «Сиқырлы сандық»

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Есептерді шешу алгоритмінің көптүрлігінен есептеу процесінің негізгі үш түрін бөліп алуға болады:



  1. сызықтық алгоритм (бірнеше командалардың тізбектеліп құрылуы);

  2. тармақталған алгоритм (бір немесе бірнеше командаларды таңдау);

  3. циклдік алгоритм (шарттарға тәуелді немесе берілген шарт орындалғанға дейн командалардың қайталануы).

Мұндай құрылымдардың жинақталып қолданылуы кез келген алгоритмді практикалық түрде орындауға мүмкіндік береді. Мысалы, екі санның қосындысын табу сияқты өмірімізде командалар бірінен кейін бірі орындалатын өте жиі алгоритмдер кездеседі (3-сурет). Мұндай алгоритмдер сызықтық деп аталады, бұл жерде командалар  белгілі реттілікпен орындалады.

Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

Өз өміріңде мынадай жағдайлар бірнеше рет болған шығар, мәселен, сабақ оқу керек, алайда сен компьютердегі ойынды аяқтағың келеді. Немесе далада жаңбыр жауып тұр, сен серуенге шығасың ба, әлде шықпайсың ба? Келтірілген мысалдар біздің ойымыздың тұжырымын көрсетеді: кейбір оқиғалар болды ма, жоқ па?


Мысал келтірейік: Егер жаңбыр басылса, онда қолшатырды жабуға болады. Бұл мысалдағы шарт «жаңбыр басылды» болып табыладыЕгер шарт «ақиқат» болса, біз қолшатырды жабамыз. Әйтпесе, егер шарт «жалған» болса, онда қолшатыр ашық күйінде қалады. 
Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын «егер» және «онда» сөздері шарт деп аталады. Алгоритмдегі шарттарды жазу үшін >, <, = сияқты салыстыру таңбалары қолданылады.

Тармақталған алгоритм – бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм.

Тармақталған алгоритмді жазудың екі түрі бар: толық және толық емес. Тармақталған алгоритмді жазудың жалпы түрін және блок-схемасын қарастырайық.

Мысалы: Егер < жауын басылса > онда 
Қолшатырды жабамыз 
Тармақталу соңы

Мысалы:


Егер  жауын басылса онда 
Қолшатырды жабу
Басқаша 
Қолшатырды жаппау 
Тармақталу соңы 

Қоршаған ортада көптеген процестер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы, апта күндерінің ауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі немесе ауа-райының маусымдық ауысуы. Қайталану командалары бар алгоритмдер циклдік деп аталады. Қайталану командаларын цикл құрайды, яғни циклдер бірнеше рет орындалады. 



Циклдік алгоритм – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.

Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау санының алдын ала белгілі циклі арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл командалық (интерациялық) цикл деп аталады. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және ол практикада жиі қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында сендер алаңды бірнеше рет айналып жүгіріп келулерің керек



Арифметикалық цикл алдын ала шарты бар циклге жатады.
Арифметикалық циклдік алгоритм мына түрде орындалады:

  • Шарты тексеріледі.

  • Егер шарты дұрыс болса, онда циклдің барлық командалары орындалады.

  • Соңғы циклдегі жолға өткен кезде шарт қайтадан тексеруден өтеді, 1-пункт орындалады.

  • Шарт ақиқат болмаған жағдайда, циклдің келесі жолына шартты орындау үдерісі жүреді.

IV.Сергіту сәті. (Бейнеролик және жұмбақтар)

  1. Тапсырмалар.

  2. Топтық тапсырма.

І топтың тапсырмасы

  1. Екі санның қосындысын (c=a+b) табатын формуланың блок схемасын құрыңыздар

  2. Егер достарым келсе, онда мен серуенге шығамын, әйтпесе шықпаймын

  1. 10 саннан бүтін сандар тізбегі берілген, осы сандардың ішінен 5 санынан үлкен сандар қашан екенін анықтайтын блок схемасын құрыңыздар

ІІ топтың тапсырмасы

  1. Екі санның көбейтіндісін (c=a*b) табатын формуланың блок схемасын құрыңыздар

  2. Егер сабаққа дайындалып барсам, онда жақсы баға аламын, әйтпесе жаман баға

  3. 10 саннан бүтін сандар тізбегі берілген, осы сандардың ішінен 6 санынан үлкен сандар қашан екенін анықтайтын блок схемасын құрыңыздар

  1. Жеке тапсырма.

Р/с

Алгоритм түрлері

Ережелері

Мысал келтір

1

 

 

 

3

 

 

 

  1. Сабақты бекіту. «Құлыпты аш!» ойыны. (Ойынның шарты бойынша оқушылар құлыптың кодын табулары тиіс. Ол үшін құлыптың айналасында тұрған түрлі түсті фигураларда жасырынған сұрақтарға жауап беріп, информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірін табады. Құлыптың коды осы сөз болып табылады.)

Тест (компьютерде орындау)

VII. Үй жұмысы. Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

VIIІ. Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет