Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер). Сабақтың мақсаты: Білімділік


Тармақталған алгоритм – бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм



бет2/2
Дата21.04.2017
өлшемі2,28 Mb.
#14342
түріСабақ
1   2

2. Тармақталған алгоритм – бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм.

Тармақталған алгоритмді жазудың екі түрі бар: толық және толық емес. Тармақталған алгоритмді жазудың жалпы түрін және блок-схемасын қарастырайық.



Мысалы: Егер < жауын басылса > онда  (толық емес түрі)
Қолшатырды жабамыз 
Тармақталу соңы

Мысалы:

Егер  жауын басылса онда  (толық түрі)


Қолшатырды жабу
Басқаша 

Қолшатырды жаппау 


Тармақталу соңы 
Өз өмірлеріңде мынадай жағдайлар бірнеше рет болған шығар, мәселен, сабақ оқу керек, алайда сен компьютердегі ойынды аяқтағың келеді. Немесе далада жаңбыр жауып тұр, сен серуенге шығасың ба, әлде шықпайсың ба?

Келтірілген мысалдар біздің ойымыздың тұжырымын көрсетеді: кейбір оқиғалар болды ма, жоқ па?


Мысал келтірейік: Егер жаңбыр басылса, онда қолшатырды жабуға болады. Бұл мысалдағы шарт «жаңбыр басылды» болып табыладыЕгер шарт «ақиқат» болса, біз қолшатырды жабамыз. Әйтпесе, егер шарт «жалған» болса, онда қолшатыр ашық күйінде қалады. 
Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын «егер» және «онда» сөздері шарт деп аталады.

Алгоритмдегі шарттарды жазу үшін >, <, = сияқты салыстыру таңбалары қолданылады.




3.Циклдік алгоритм – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.

Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау санының алдын ала белгілі циклі арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл командалық (интерациялық) цикл деп аталады. 



Қоршаған ортада көптеген процестер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады.

Қайталану командалары бар алгоритмдер циклдік деп аталады. Қайталану командаларын цикл құрайды, яғни циклдер бірнеше рет орындалады. 

Мысалы, ертeгі Күнекей

  1. Қызды кездестірді.

  2. Туфлиді кигізу

  3. Сәйкес келді ме?

  4. Ия – Күнекей табылды

  5. Жоқ – Қайта Күнекейді іздеу

  6. Соңы



Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу


ІV. Сабақты қорытындылау

Компьютерде практикалық жұмыс



  1. Paint графикалық редакторын ашу

  2. Блок-схема сызу арқылы, мысалдар келтіру

  3. Құжатты сақтау


V. Үй жұмысы. Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер). Мысалдар келтіру.

VI. Оқушыларды бағалау.

Компьютерде практикалық жұмыс

  1. Paint графикалық редакторын ашу



  1. Блок-схема сызу арқылы, сызықтық алгоритм

  1. «Үй тапсырмасын орындау» алгоритмі


Блок-схема сызу арқылы, Тармақталған алгоритм

  1. «Аққала жасау»




Блок-схема сызу арқылы, Циклдік алгоритм

  1. «5 айналым жүгіру»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет