Сөздікпен жұмыс:
Қызылжар – қазіргі Петропавл (картамен жұмыс)
Кіреші – жүк тасушы
Пұт – 16 кг-ға тең
Кіресін алу – ат-көлігін жалдама жұмысқа беру
Городовой – қала бастығы
Полицмейстер – полиция бастығы
Сұрақ-жауап әдісі арқылы шығарманы талдау:
Шығарма қалай басталады?
Шығарманың күлкілі тұстарын тауып, рөлге бөліп оқыңдар.
Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді? Бай бұны қалай бағалады? Ал сен не дер едің?
Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқан бойынан тағы қандай үлгілі қасиеттер көрінеді?
Мұқанның сыртқы түрін, мінез-құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан тауып оқы.
Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстанның атын шығарып жүрген спорт саңлақтарын ата.
Қызықты дерек!
С. Сейфуллиннің «Күш атасы» атты өлеңінде былай деген екен:
Қалың бет,бура түсті қара нардай,
Жұп-жұмыр,жуан діңгек,бойшаң дардай
Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,
Айбынды, жолбарысқа болар пардай, - депсуреттеген екен. Осындай жойқын күш иесі Қажымұқанның тұлғасы қандай екен?
Достарыңызбен бөлісу: |