2.Мағынаны танукезеңі: Жазушының өмірі туралы мәлімет бойынша топтастыру:
Қалмақан 1903 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде туылған.
Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» деген жерде мектеп үйі бар.
Балаларға арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған.
«Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай» т.б. әңгімелері бар.
«Мың бір түнді» ең алғаш аударған.
«Қажымұқан» хикаяты француз күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өміріне арнаған.
Үлестірмелі сұрақтар: 1-топ. Қалмақан Әбдіқадыров қай жылдары өмір сүрді? Қай жерде туылды?
2-топ. Қалмақан Әбдіқадыров еліне қандай жақсылық жасады? Не салдырды? Қай өңірде?
3-топ. Қалмақан Әбдіқадыров кім болған? Қандай шығармалары бар?
4-топ. Қалмақан Әбдіқадыров әлем әдебиетіне қандай үлес қосты? Демек, ол тағы кім?
5-топ. Қалмақан Әбдіқадыров қай шығармасында Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы баяндайды? Бұл шығарманың қай түріне жатады?