ЖЫРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ /Интерактивтік тақта/
ЖЫРДЫҢ СЮЖЕТІ
II. Оқушылар қызметі.
- Жыр құрылысы бойынша берілген анықтаулар арқылы жыр мазмұнынан үзінділер айтылады /Бір оқушы тауып, екінші оқушы баяндайды/;
- Жыр сюжеті бойынша жыр мазмұнындағы оқиғалық байланыстар мазмұндатылады.
III. Жыр композициясы мен сюжетіндегі әдеби теориялық таным жұмыстары:
Оқиғаның пайда болуы, дамуы, өрбуі, байланысуы, шиеленісуі, шарықтауы, шешімі туралы сюжетті меңгертткенде айтылады.
Сұрай арнау – жазушының біреуге, не көпшілікке қайрыла сөйлеуі, сұрағанына жауап күтуі. /Оқулықпен жұмыстандырылады (христоматия)/.
Зарлай арнау – қаһармандардың ауыр халін мұңды, зар күйінде суреттеп жеткізуі. /Құлтай монологы/
IY. Жырдың құрылысы, сюжеті бойынша бекіту жұмыстары жүргізіліп, қорытындыланады, үй тапсырмасы тапсырылады. (Бекіту, үй тапсырмасы жұмыстарына арналған материалдарды мұғалімдер өз қалауларымен жасайды).
16-сабақтың үлгі-нұсқасы.
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры – Туады ерлер ел үшін. Алпамыс бейнесі.
Сабақтың білімдік мақсаты: «Алпамыс батыр» жырының көркемдігін, образдардың жырдағы өзіндік орнын, ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерін меңгерту.
Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық тарихын құрметтеуге, бағалай білуге, шынайы көзқараспен тарихи мұраларды сақтай білу арқылы ерлікке, елдікке баулу.
Сабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Эпостық туындылардың ерекшеліктеріне талдау жүргізе біліп, әдеби ұғымдарын кеңейту, тәлімді дағдымен ұштастыру.
Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, тарихи жазбалар, жыр жинақтары, эпостық зерттеулер, тірек кестелері, интерактивтік тақта.
Түрі: Танымдық-деректік дәріс.
Әдісі: Дәріс беру, түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан зерттеу, толғам түйіндеу.
Сабақтың өту сатылары:
Оқушыларды жаңа сабаққа қалыптастырып, үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстырғаннан кейінгі жаңа материалды меңгертудің әдіс-тәсілдері.
/Алдымен төмендегідей кесте дайындалады/
БАТЫРЛЫҒЫ
|
ҚАЙРАТТЫЛЫҒЫ
|
НӘЗІК ЖҮРЕКТІЛІГІ
|
АҢҒАЛДЫҒЫ
|
АЙЛАКЕРЛІГІ
|
ӨНЕРПАЗДЫҒЫ
|
|
|
|
|
|
|
А) Төмендегі сатылы жоспар бойынша интерактивтік тақта арқылы Алпамыс бейнесі меңгертіледі. Оқушылар түсініктері бойынша Алпамысқа тән қасиеттерді толтырады. Жауап берген кезде дәлелдеулер жыр мазмұны бойынша жүргізіледі.
II.Алпамыстың әділ шешімдері.
А) Алпамыс бейнесі сатылы жоспармен жеткізілгеннен кейін оқушылар кестені толтырады.
Ә) Алпамыс бейнесі арқылы оның әрекеттерін елестете отырып, оның портреті жасатылады. /Әр оқушы өз түсінігі бойынша жасайды/
В) Оқушылардың жұмыстарын бағалау, саралау, ой-толғам жасату.
III. Қорытынды оқушылардың еңбектері арқылы ұжымдық тәсілде жүргізіледі. Үй тапсырмасын жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |