Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры.
Сабақтың білімдік мақсаты: «Алпамыс батыр» жырының композициясын, сюжеттік құрылымын, эпостық тілін, ерекшелігін меңгерту.
Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық тарихын құрметтеуге, бағалай білуге, шынайы көзқараспен тарихи мұраларды сақтай білуге дағдыландыру.
Сабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Ұлттық мұраларға өз беттерінше ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізіп, талдау жүргізу тәжірибесіне баулу.
Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, тарихи жазбалар, ауыз әдебиет үлгілері, халықтық салт-дәстүр, жыр жинақтары, жағырапиялық карта, тірек кестелері.
Түрі: Танымдық-деректік, дәріс.
Әдісі: Дәріс беру, түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан зерттеу, толғам түйіндеу.
I. Ұйымдастыру, үйтапсырмаларын тексеріп, жаңа сабақпен байланыстырғаннан кейінгі жаңа материалды меңгерту сатылары:
А) Дәрістік үлгіде жыр туралы баяндау.
«Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын нұсқалары көп эпостың бірі.
Қазақ халқына көп тараған басты эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түркі тілдес елдердің көпшілігінде бар. Әрі мазмұны жағынан ұқсас келеді.
«Алпамыс батыр» жыры халықтың бірлігін, тұтастығын, ынтымағын армандаудан туған жыр. Жырдан байқалатын түйін – бірлік, ынтымақ.
Жырда арқа сүйер батыры жоқ, елден кеткен Қоңырат елінің адамының жау жерінде көрген қорлығымен салыстыра келе, ел қорғаны – батыр дегенді тақырып етеді.
Жырдың негізгі идеясы – батырлықты, елін сүюді дәріптеу.
Ә) Жырдың зерттелуі.
Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхисламұлы деген 1899 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Ең соңғы варианты 1957 жылы басылып шыққан.
Б) Жырдың жоспары. (Жоспар ізімен жыр мазмұнының фабуласы тыңдатылып отырады. Жыр мазмұны оза оқыту әдісі бойынша алдын ала берілгені дұрыс).
II. Алпамыстың әрекеттері және оқиғалық даму.
Алпамыс ашынған әйел. (баласы ойын үстінде
мерт болады)
Алпамыс Қараман батыр.
Алпамыс Гүлбаршын
Алпамыс Байбөрі
Алпамыс Мыстан кемпір
Алпамыс Кейқуат
Алпамыс Қаркөзайым
Алпамыс Құлтай, Байбөрі
Алпамыс Ұлтан
Осы кейіпкерлер әрекетінен туындаған оқиғалар желісін меңгеру оқушыларға тапсырма ретінде беріледі.
III. Тақырыбы, зерттелуі, мазмұны бойынша бекіту жұмыстары жүргізіліп, қорытындыланады, үй тапсырмасы тапсырылады. (Бекіту, үй тапсырмасы жұмыстарына арналған материалдарды мұғалімдер өз қалауларымен жасайды).
15-сабақтың үлгі-нұсқасы.
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырының композициясы мен сюжеті.
Сабақтың білімдік мақсаты: «Алпамыс батыр» жырының композициясын, сюжеттік құрылымын, эпостық тілін, поэтикалық тілін меңгерту.
Сабақтың тағылымдық мақсаты: Халық тарихын құрметтеуге, бағалай білуге, шынайы көзқараспен тарихи мұраларды сақтай білуге дағдыландыру.
Сабақтың дамытушылық, танымдық мақсаты: Композициялық, сюжеттік құрылымына поэзиялық туындының ерекшеліктеріне талдау жүргізе біліп, әдеби ұғымдарын кеңейту.
Сабақ көрнекілігі, қосымша материалдар: Жыр туралы ғылыми жадағаттар, тарихи жазбалар, ауыз әдебиет үлгілері, жыр жинақтары, эпостық зерттеулер, тірек кестелері, интерактивтік тақта.
Түрі: Танымдық-деректік дәріс.
Әдісі: Дәріс беру, түсіндіру, талдау, сын тұрғысынан зерттеу, толғам түйіндеу.
I. Жаңа сабақ бойынша танымдық жұмыс сатылары:
(Алдымен «Композиция, сюжет» туралы ұғым беріледі)
а) Композиция /латын сөзі - құрастыру, тәртіпке келтіру/ - көркем шығарманың құрылысы. /Композиция барлық шығармаға тән/.
ә) Сюжет – шығармадағы адамдардың бір-бірімен байлансы, қарым-қатынасы, курес-тартысы – жалпы оқиғаның дамуы. /Сюжет тек оқиғалы шығармаларға тән/.
Достарыңызбен бөлісу: |