Сабақ: қазақ әдебиеті мектеп: «Ы. Алтынсарин атындағы Игілік негізгі мектебі»



Дата04.07.2018
өлшемі112 Kb.
#46774
түріСабақ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

САБАҚ: қазақ әдебиеті

МЕКТЕП: «Ы. Алтынсарин атындағы Игілік негізгі мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Хайдарова Айгуль Сериковна

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


БӨЛІМ


Адамгершілік - асыл қасиет.

Сабақтың тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев. "Менің атым Қожа" повесінен үзінді. Лагерьге жолдама.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

( 5. Т/Ж 1)



Сараланған сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:




Мәтіннің мазмұнын баяндау

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шығарманың сюжеттік желісі бойынша қарапайым жоспар құру.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жоспар негізінде композициялық құрылымын сақтай отырып, шығарманың сюжеттік дамуын сипаттау.

Бағалау критерийлері

- Көркем шығармада суреттелген оқиғалар қатарын рет-ретімен жүйелеп баяндайды.




- Жоспар негізінде сюжеттік дамуын анықтайды.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:




Идеяларды байланыстыра алуға, мәтіндердегі көтерілген мәселені табуға, негізгі ойды анықтауға және оларды сипаттауға қабілетті болады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

"Спартак", "Қайрат", лагерь, жолдама,

"Оқулығы сай бала - көңілі жай бала".



Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қара көже, екі бүйірінен біреу қысып алғандай, от тастап жүретін қу, құлақ түргіш, сынып жетекші, көк көз келіншек.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қожаның лагерьге жолдама сұрауына кімнің ісі желеу болды, тілегін орындамағаны үшін оның сынып жетекшісін кінәлауы дұрыс па?



Ишара:

Қағазды шертіп-шертіп қою. Мұрынға сырт еткізіп бір шерту. Алқынып кіріп бару.



Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалады.



Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих,өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Адамның атының сүйкімді болуы. Ат қою дәстүрі. Кімге де болса бір әке әбден керек екені. Әкесінің суретіне қарап отырып, анасының мұңға батуы.

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

10 минут



Cәлемдесу.

Оқушыларды топтастыру.

"Менің атым ............" ойыны. Әр бала өз атына бір сын есім қосып айтады. "Бестармақ" әдісі.

1. Кім? - 1 cөз.

2. Қандай? - 2 сөз.

3. Не істей алады? - 3 сөз.

Аттарының әріптерінің санына байланысты топқа бөлінеді.

1-топ 4 әріптен тұратын есімдер.

2-топ 5 әріптен тұратын есімдер.

3-топ 6 әріптен тұратын есімдер.



Жаңа сабақты бастау

Суреттер

Оқушыларға сурет көрсетіледі. Оқушылар суретте кімді көргенін және ол туралы шағын мәлімет айтады.


Қожа - Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Майқанова Сәбира апай. Қожа оқитын сыныптың жетекшісі . Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

Сөзді тап.

Карточкада сөздер беріледі. Бір оқушы бір карточканы алып, онда жазылған сөзді сыныпқа дене қимылдары арқылы көрсетеді.Оған сөйлеуге болмайды. Ал оқушылар жүргізіп тұрған бала көрсеткен суретті табу керек.



Қожаға мектептің қасында Жантас кезігеді. Қолында мөр басылған бір жапырақ қағаз бар. Соны шертіп-шертіп қояды.

Қалай ойлайсыздар ол қандай қағаз болуы мүмкін?
Оқушылардың жауабы "Лагерьге жолдама". Осылайша сабақтың тақырыбы ашылады.



Қожаның суреті.

Майқанова апайдың суреті.

Карточка

Сабақтың ортасы

25 минут


Әр топқа тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма. Бес сұрақ, бес жауап әдісі.

Топтағы өз рөліңізге қатысты берілген міндетті орындаңыз.

Баяндаушы-мәтіннің мазмұнын баяндайды, жоспар құрады.

Сұрақ қоюшы-мәтін сюжетінің дамуына қарай сұрақтар қояды.

Тыңдаушылар-баяндаушыларды тыңдайды, сұрақ қоюшылардың сұрақтарына жауап береді.



1-топ.

Таңертегі шайымды ішіп алғаннан кейін аяңдап, мектептің спорт алаңына қарай келе жаттым. Қолытығымда добым бар. Біздің "Спартак" кеше "Қайраттықтардан" жеті де бес болып ұтылған еді. Бүгін оларды қалай да жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ширығып, іштей дайындықпен келе жатырмын.

Мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мөр басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып:

- Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе?-деді.

- Ол не?

- Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.

Тілінің қыршаңқылығы үшін Жантасты мытып алғым келіп бір тұрдым да, әуелі жолдама жайын тиянақтамақшы болдым.

- Оны саған кім берді?

- Кім беруші еді? Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде.

"Неге жоқпын?" Жантастан Майқанованың қайда екенін сұрап едім, мектепте деді.

Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп бірді шерттім де, жүгіре жөнелдім. Сол бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп бардым. Майқанова бірдеме жазып, жалғыз отыр екен, маған басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарады:

- Не болды? Не болды, Қадыров?

- Лагерьге жолдама беріңізші маған.

- Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың.

- Неге?

- Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетіспейді. Ал, екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз.



- Жантас немене... менен артық болғаны ма?

Майқанова екі бүйірінен біреу қысып қалғандай еңсесін кілт көтеріп алды:

- Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба?

Майқанованың көкшіл көзі шатынай бастады. Оның бір ашуланса шапылдап, жуық арада толас бермейтінін білем.

- Бермесеңіз, қойыңыз,- дедім де жалт бұрылып, есікті бар күшіммен тарс жауып,жөнеле бердім.

5 сұрақ қояды. Мысалы:
1. Мектептің қасында Қожа кімді жолықтырды?

2. Қожа не себепті Жантасты мұрынға сырт еткізіп бір шертіп жіберді?

3. Майқанова апай Қожаны қандай кейіпте қарсы алды?

4. Қожаға неліктен лагерьге жолдама берілмеді?

5. Тілегін орындамағаны үшін оның сынып жетекшісін кінәлауы дұрыс па? Сіз қалай ойлайсыз?

5 жауабы:

1. Қожа мектептен Жантасты кездестіреді.

2. Тілінің қыршаңқылығы үшін, бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білу үшін.

3. Майқанова бірдеме жазып, жалғыз отыр екен, басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарсы алды.

4. Барлық оқушыға бірден жетіспеді және лагерьге ең әуелі үлгілі, тәртіпті оқушылар жіберіледі.

5. Сынып жетекшіні кінәлауы дұрыс емес еді. Өйткені лагерьге жолдама барлық оқушыға бірдей жетіспеген еді.


2-топ.

Осындай әділетсіздікке қаның қалай ғана қайнамайды? Жантас-біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш; өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш Жантас үлгіліоқушы болғаны да, мен үлгісіз болғаным. Менің сабақ үлгеруім одан көш ілгері екені, екпінділігім ешқандай есеп емес.

Сонымен ілесе шықты Майқанова:

- Қадыров! Бері кел.

Мен бұрылып та қарамадым.

- Қадыров!

Есіктен жүгіріп шығып кеттім.

Турникке сүйеніп, жылмия қарап Жантас тұр. Зығырданым одан бетер қайнап кетті.

- Немене, жолдама алдың ба?- деп сиқырланып, жолымды тосқауылдай қалыпты.

- Алдым,- дедім.

-Кәне, көрсетші?

Сарт еткізіп танаудан тағы бірді шерттім.

- Міне.

Түстен кейн төсегімде демалып жатып, ойға қалдым. Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау деймін. Әрине, Жантасқа жолдама беріп, маған бермеген онікі де әділдік емес. Ызамды осы келтірді. Дегенмен Майқанова- мұғалім, сынып жетекшісі. Жә, қазір оқу кезі емес қой. Ол маған не істей алады? Үш айға дейн кім бар, кім жоқ. Мүмкін, жаңа оқу жылында біздің сынып жетекшіміз басқа біреу болар. Онда мен Майқанованың шеніне де жолай қоймаспын...



Біздің кикілжіңіміз күзде ол осында мұғалім болып келген бетте-ақ басталды. Былай болды. Жаңа оқулықтар, дәптерлер сатып жатыр дегенді естідім де,әжемнен ақша ала салып, самғап дүкенге келдім. Рас, сатып жатыр екен. Бірақ адам деген лық толы. Кезектің соңы далаға шығып кетіпті.

Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым. Өйткені соңындағыларға жетпей қалатын азабы да болушы еді. Сонан соң көрінгеннің оқулығына мінгесіп, жалынасың да жүресің, бұл-күн емес. Өзге ештеңең болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: "Оқулығы сай бала-көңілі жай бала".



3-топ.

Сығылысып есіктен енді кіре берсем, бойы менің бойымдай ғана тықылдаған бейтаныс көк көз келіншек алдымды тосқауылдап жібермейді.

- Қайда кимелеп барасың? Кезекке тұр,- дейді.

Осы арада тілі құрғыр өтірікті менің еркімнен тыс айтып салды:

- Мен оқулық емес, қант аламын,-дедім. Өйткені дүкеннің арғы азық-түлік сататын бөліміне қарай адамдар еркін өтіп жатыр.

Көк көз келіншек мені жіберді. Мен сыр бермейін деген оймен әуелі қант сататын жаққа өтіп кеттім. Бірақ қанттың қазір маған түкке керегі жоқ. Маған қажеті-бесінші сыныптың оқулықтары. Дүкен сөресін жағалап, адамдардың арасымен ептеп, кітап сатып жатқан жаққа қарай сырғи бастадым. Енді бір ұмтылғанда жетіп те қалатын едім. Кенет әлгі көк көз келіншек желкемнен бүріп ұстап:

- Сен адасып барасың. Қант ана жақта сатылады,-дейді.

- Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз,- деп жұлқынып қалдым да, дүкен сөресіне бір-ақ барып жеттім.

Көк көз келіншек сатушыға дауыстап жатыр:

- Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

Ол бұл сөзді айтып үлгіргенше Қожекең сұр кепканы қойнына сүңгітіп жіберіп, тақыр бас қара бала болып шыға келді. Балалар ананы-мынаны сұрап, азан-қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата салдым. Сөйтіп қажетті оқулық-дәптерлерімді бір құшақ етіп алып, шыға бердім.

Есік алдында көк көз келіншек иығымнан қатты ұстап:

-Ой ұятсыз! Қай сыныпта оқисың?- деп бір жұлқып қалды.

Мен оған жөнімді айта жатармын!

Бірнеше күн өткеннен кейін оқу жылы басталды. Мәссаған, керек болса, әнеугі маған дүкенде жекіретін көк көз келіншек тыпың-тыпың етіп, қағаздарын қолтықтап, біздің сыныпқа кіріп келе жатыр. Қожекеңнің сол мезет қандай күйге түскенін көрсеңіз. Бірақ бойымды тез жиып ала қойдым да, сыр бермеуге тырыстым. Мүмкін, ол мені танымас деп ойладым.

Дескриптор:

- шығарма мазмұнын түсінеді, жоспар құрады.

- сюжеттік дамуына байланысты 5 сұрақ дайындайды.

- шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.



2-тапсырма. Қос диаграмма әдісін пайдалана отырып кейіпкерлерді салыстырып айту.









Дескриптор:

- Әңгіменің мазмұнын біледі.

- Екі кейіпкердің бес негізгі қасиеті мен ортақ үш қасиетіне салыстыру жасай алады.

3-тапсырма. Графикалық органайзерлерді пайдалана отырып, ақпаратты сүзу.

Шығарма мазмұны бойынша Қожаның бойындағы қасиеттерді анықтаңыз. Жаман қасиеттері құбырға ағып кетіп, жақсы қасиеттері сүзгіде қалады.


Тентек, ерке, бұзық, өтірікші, шыдамсыз




Дескриптор:

- Кейіпкердің бойындағы қасиеттерді анықтай алады.

- Сыни ойлана отырып, жақсы және жаман қасиеттерін ажырата алады.

4-тапсырма. Хикая картасы.

Композициялық құрылымын сақтай отырып, жоспар негізінде шығарманың сюжеттік дамуын сипаттаңыз.


оқиғаның мән-жайы және суреті

оқиғаның мән-жайы және суреті

оқиғаның мән-жайы және суреті

оқиғаның мән-жайы және суреті



оқиғаның мән-жайы және суреті


Дескриптор:

- Оқиғаның мән-жайын анықтай алады.

- Жоспар негізінде шығарманың сюжеттік дамуын хикая картасы арқылы сипаттайды.



Мәтін

Мәтін

Мәтін

Флипчарт

маркер


Флипчарт маркер

Флипчарт маркер


Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия.

"Менің түйгенім" сауалнамасы

Сабақта маған ұнаған тапсырма............................

Сабақтан үйренгенім..............................................

Сабақта маған қиындық келтірген..........................

Сабақтан алған әсерім..............................................






Үйге тапсырма

"Сен қандай лагерьге барғың келеді?" тақырыбына эссе жазу


Бағалау

Топта жұмыс істеген оқушыларды қолмен бағалайды.

Қосымша мәлімет




Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?



Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс - денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)



Оқу үдерісінде оқушылар толықтай өздігінен білім алатын сабақтан гөрі, мұғалім қажетті жағдайларды жасап,көмекпен қамтамасыз ететін сабақтарда жоғары нәтижелерге жетуі мүмкін. Сол себепті әрбір оқушымен кері байланыс орнатып,келешектегі мақсаттарды айқындау арқылы оқушыларға қолдау көрсете аламын деп ойлаймын. Ол үшін оқу үдерісінде ой салып, ынталандыратын материал ұсынып, оқушыларды бір-бірімен сұхбаттасуға жетелелеп, өз бетінше ойлануға бағыттау арқылы оқушылармен жеке жұмыс жүргіземін деп жоспарлаймын.

Қабілетті оқушыға тапсырманы түрлендіру барысында жанрларды түрлендіру, оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар, рөльдік ойындар, монолог пен диалогке, әңгімелесуге жағдай жасау және түрлі үнтаспаларды, бейнероликтерді, электронды оқулықтар мен пәнаралық байланыс сабақтастығын кеңінен қолдануға тырысамын.



Оқушы білімін тексеріп бағалау үшін әр сабақтың соңында кері байланыс орнату.

Оқушының жазбаша жұмыстары.

Оқушының рефлексиясы.

Фотоуреттер немесе бейне дәлелдемелер яғни оқушының салған суреттері мен қатысқан көрсетілімдерін негізге ала отырып оқушының оқу жетістіктерін бағалауды жоспарлаймын.



Қазақ тілі, өзін-өзі тану, әдебиет, тарих.

АКТ-ны қолдану оқушылардың жұмыс істеу кезінде, бос уақытында және күнделікті қарым-қатынаста технологияларды біліктілікпен және шығармашылықпен пайдаланудың бастапқы дағдылары арқылы қалыптасады. Оқушылар сабақ барысында көркем шығарманың идеясын толықтай түсіну үшін медиаматериалдарды қолданады. АКТ қолдана отырып таныстырылымдар дайындайды, бірлесе отырып пікірлерін дәлелдейді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет