Бөлім:
|
Сақтар
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Алтын адам» кім болды?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Барлығы:
5.2.3.1 қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын біледі
Көпшілігі:
5.2.2.4 «Алтын адам» жәдігерін өнер туындысы ретінде сипаттайды
Кейбірі:
5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды
|
Бағалау критерийлері
|
1. Деректермен жұмыс жасап, археологтардың жаңалықтары туралы мәлімет жинап, кестені толтырады.
2.Есік қорғанын зерттеу туралы археологтан сұхбат алу үшін кем дегенде 2 сұрақ құрастырады.
3.Есік қорғанынан табылған адам неліктен «Алтын адам» деп аталды? сұрағына 2-6 дәлел келтіреді. Немесе
Атажұртымыз – «Алтын адамдар» мекені» деген пікірмен келісесіз бе? сұрағына 2-6 дәлел келтіреді.
4. «Алтын адам» жәдігерінің кем дегенде 3-ін сипаттайды.
5. Сақтардың дүниетанымы туралы кем дегенде екі тұжырым жасайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Сөз тіркестерімен жұмыс. Сөз тіркестерді қолданып, кем дегенде 5 сөйлемнен тұратын шағын оқиға құрастырады (жазылым дағдысы);
Қажетті сөздер мен сөз тіркестері:
көсем
патша
археология
қорған
оба/қорым
«Алтын адам»
«Аңдық стиль»
«Дүниетаным»
Есік қорғанынан табылған құнды жәдігерлер сақтардың тұрмыс тіршілігі туралы ...ақпарат береді.
Берілген дерек бізге келесі мәліметтерді береді...
Ең басты жетістіктер...
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Қазақстанның мәдениетін, Отанды, туған жерді сүюге баулу, ата - бабамызды құрметтеуге тәрбиелеу. Өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану. Дүниежүзі тарихы. Өнер
|
Бастапқы білім
|
Қола дәуірі
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Сәлемдесу. Үй тапсырмасы. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
|
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану кезеңі.
(Ж) 1-тапсырма: Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» зерттелуі туралы жалпы ақпарат алу үшін оқушылар Деректермен жұмыс арқылы «Есік қорғанын қазу және зерттеу жұмыстары» туралы кесте толтырады.
Бұл тапсырма арқылы оқушылар қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын біледі
1-қосымша. 15-мин.
Саралау: Кем дегенде 3 бағанды толтырады.
1-тапсырманы бекіту: Жұптар әрқайсысы 2 сұрақтан құрастырып бір-біріне қояды.
ЖҰППЕН. 2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
2-қосымша. 10мин.
1. Есік қорғанынан табылған адам неліктен «Алтын адам» деп аталды?
2.Атажұртымыз – «Алтын адамдар» мекені» деген пікірмен келісесіз бе?
( әрқайсына 2-6 дәлел)
Ескерту: жұптар екі сұрақтың бірін таңдайды.
САРАЛАУ: Бағалау критерийлері:
Барлық оқушылар- кем дегенде 2 дәлел
Көпшілік оқушылар- 4 дәлел
Кейбір оқушылар - 6 дәлел келтіреді.
(Т) 3-тапсырма. Жәдігер сөйлейді.
Жәдігерді өнер туындысы ретінде
жарнамалап, сатып алу ұсынылады.
3-қосымша. 15-мин.
Топтар өздерінің атауларына сәйкес жәдігерді сипаттайды немесе жарнамалайды. Соңында сынып алдында қорғайды.
Бұл тапсырманы орындауда тапсырма мазмұны ның толық ашылуы, креативтілік және ұйымшылдық талаптарын ескеріңіз. Оқушылар қойылым, сурет, постер, слайдты көрсетілім, және т.б түрде жарнамаларын дайындаулары мүмкін. Топтар
бір-біріне баға береді. Бұдан соң барлық сынып оқушыларынан қай жәдігерді сатып алатынын қол көтеру арқылы анықтаңыз. Қай жәдігерді сатып алушылар көп болса сол топ жеңіске жеткенін атап өтеді.
(Ж) 4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. 4-қосымша. 10-мин
Зерттеу сұрақтары:
"Алтын адам" сақтардың дүниетанымын қалай сипаттайды?
Аңдық стиль деген не? Бұл стиль «Алтын адамның» қай жәдігерінде қолданылған?
(Д) 4-тапсырманы бекіту: сәйкестендіріп, дұрыс жауапты көрсетеді:
1.Күн Құдайы-ең құдіретті құдай.
|
|
2.О дүниеде өмір бар деп сенді
|
|
3.Әлем ұғымы: аспан, жер, жер асты
|
|
4.Патша Күн Құдайымен тең
|
|
5.Ата-баба аруақтарына сиынды
|
|
6. Дүниенің төрт бұрышы ұғымы
|
|
7.Сақтар аңдарға табынды
|
|
А-Аңдық стиль дамыды.
В-Заттарын бірге жерлеу.
С-Жылқыны құрбандыққа шалды.
D-Алтын киіммен жерленді.
Е-биік қорғандар тұрғызды.
Ғ-Алтын адам бас киімі.
О-Патша билігі кеңістігі
Ескерту: Дұрыс жауапты көрсетіп, оқушылар өз жауаптарын бағалайды:
1.Күн Құдайы-ең құдіретті құдай.
|
С-Жылқыны құрбандыққа шалды.
|
2.О дүниеде өмір бар деп сенді
|
В-Заттарын бірге жерлеу.
|
3.Әлем ұғымы: аспан, жер, жер асты
|
Ғ-Алтын адам бас киімі.
|
4.Патша Күн Құдайымен тең
|
D-Алтын киіммен жерленді.
|
5.Ата-баба аруақтарына сиынды
|
Е-биік қорғандар тұрғызды
|
6. Дүниенің төрт бұрышы ұғымы
|
О-Патша билігі кеңістігі
|
7.Сақтар аңдарға табынды
|
А-Аңдық стиль дамыды.
|
(Д) Бекіту тапсырмаларының бірін таңдап орындаңыз. 5-қосымша . 10мин.
A-тапсырмасы: Жалғастырыңыз.
1.Алтын адамды 1969 - 1970 жылдары...
2. Алтын адам киімі төрт мыңға жуық...
3. Алтын адам ерекше ..........туындысы...
4. Алтын адам сақтардың дүниетанымын....
5. Алтын адамда ......... стиль.......
6. Алтын адам қазіргі кезде.....
В-тапсырмасы: Есік обасынан табылған маңызды үш заттың тізімін жасап, сипаттаңыз.
1-зат..........................................................................
2-зат..........................................................................
3-зат.........................................................................
С-тапсырмасы:
Академик Досмұхамед Кішібеков: “1969 жылы Алматы облысының Есік қаласына жақын жерден бұдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген “Алтын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейінгі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді” (“Егемен Қазақстан”31.10.07). Академиктің осы пікірімен келісесіз бе? Ия. Жоқ.
1-дәлел.....................................................................
2-дәлел.....................................................................
3-дәлел......................................................................
Ескерту : Бекіту тапсырмаларын ұсынуда саралау жүзеге асырылған. Яғни А,В,С тапсырмалары жеңілден күрделіге қарай жасалған. Оқушы өзінің деңгейіне сай таңдайды.
|
|
|
Қорытынды
|
(Д) Тақырыпты бекіту: Иә-1. Жоқ-0
Тұжырым
|
Иә-1. Жоқ-0
|
«Алтын адам» 1970ж. ашылды
|
|
«Алтын адамды» ашқан - К. Ақышев
|
|
«Алтын адамда» аң стилі басым.
|
|
Алтын адам көшірмесі Бәйтерекке орнатылған
|
|
Алтын адамда барыс бейнеленбеген
|
|
Күміс тостағанда 26 таңбалы жазу бар
|
|
ДҰРЫС ЖАУАП: 111001
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
|
Үй тапсырмасы
|
Мысырдың «Қара жер» атты атауы арасындағы байланыс туралы тұжырым жазу
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |