ЖҰППЕН. 2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
2-қосымша. 10мин.
1. Есік қорғанынан табылған адам неліктен «Алтын адам» деп аталды?
2.Атажұртымыз – «Алтын адамдар» мекені» деген пікірмен келісесіз бе?
( әрқайсына 2-6 дәлел)
Ескерту: жұптар екі сұрақтың бірін таңдайды.
САРАЛАУ: Бағалау критерийлері:
Барлық оқушылар- кем дегенде 2 дәлел
Көпшілік оқушылар- 4 дәлел
Кейбір оқушылар - 6 дәлел келтіреді.
(Т) 3-тапсырма. Жәдігер сөйлейді.
Жәдігерді өнер туындысы ретінде
жарнамалап, сатып алу ұсынылады.
3-қосымша. 15-мин.
Топтар өздерінің атауларына сәйкес жәдігерді сипаттайды немесе жарнамалайды. Соңында сынып алдында қорғайды.
Бұл тапсырманы орындауда тапсырма мазмұны ның толық ашылуы, креативтілік және ұйымшылдық талаптарын ескеріңіз. Оқушылар қойылым, сурет, постер, слайдты көрсетілім, және т.б түрде жарнамаларын дайындаулары мүмкін. Топтар
бір-біріне баға береді. Бұдан соң барлық сынып оқушыларынан қай жәдігерді сатып алатынын қол көтеру арқылы анықтаңыз. Қай жәдігерді сатып алушылар көп болса сол топ жеңіске жеткенін атап өтеді.
(Ж) 4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. 4-қосымша. 10-мин
Зерттеу сұрақтары:
"Алтын адам" сақтардың дүниетанымын қалай сипаттайды?
Аңдық стиль деген не? Бұл стиль «Алтын адамның» қай жәдігерінде қолданылған?
(Д) 4-тапсырманы бекіту: сәйкестендіріп, дұрыс жауапты көрсетеді:
1.Күн Құдайы-ең құдіретті құдай.
|
|
2.О дүниеде өмір бар деп сенді
|
|
3.Әлем ұғымы: аспан, жер, жер асты
|
|
4.Патша Күн Құдайымен тең
|
|
5.Ата-баба аруақтарына сиынды
|
|
6. Дүниенің төрт бұрышы ұғымы
|
|
7.Сақтар аңдарға табынды
|
|
А-Аңдық стиль дамыды.
В-Заттарын бірге жерлеу.
С-Жылқыны құрбандыққа шалды.
D-Алтын киіммен жерленді.
Е-биік қорғандар тұрғызды.
Ғ-Алтын адам бас киімі.
О-Патша билігі кеңістігі
Ескерту: Дұрыс жауапты көрсетіп, оқушылар өз жауаптарын бағалайды:
1.Күн Құдайы-ең құдіретті құдай.
|
С-Жылқыны құрбандыққа шалды.
|
2.О дүниеде өмір бар деп сенді
|
В-Заттарын бірге жерлеу.
|
3.Әлем ұғымы: аспан, жер, жер асты
|
Ғ-Алтын адам бас киімі.
|
4.Патша Күн Құдайымен тең
|
D-Алтын киіммен жерленді.
|
5.Ата-баба аруақтарына сиынды
|
Е-биік қорғандар тұрғызды
|
6. Дүниенің төрт бұрышы ұғымы
|
О-Патша билігі кеңістігі
|
7.Сақтар аңдарға табынды
|
А-Аңдық стиль дамыды.
|
(М) Осы слайд арқылы аңдық стиль , дүниетаным мәселелері бойынша қателіктерін анықтап,
түсіндіру:
Ескерту: Мүмкіндік болса https://www.youtube.com/watch?v=YA8jHY8oivc «Алтын адам» бейнематериалындағы сақтардың дүниетанымын сипаттайтын үзіндісін қосуға болады.
(Д) Бекіту тапсырмаларының бірін таңдап орындаңыз. 5-қосымша . 10мин.
A-тапсырмасы: Жалғастырыңыз.
1.Алтын адамды 1969 - 1970 жылдары...
2. Алтын адам киімі төрт мыңға жуық...
3. Алтын адам ерекше ..........туындысы...
4. Алтын адам сақтардың дүниетанымын....
5. Алтын адамда ......... стиль.......
6. Алтын адам қазіргі кезде.....
В-тапсырмасы: Есік обасынан табылған маңызды үш заттың тізімін жасап, сипаттаңыз.
1-зат..........................................................................
2-зат..........................................................................
3-зат.........................................................................
С-тапсырмасы:
Академик Досмұхамед Кішібеков: “1969 жылы Алматы облысының Есік қаласына жақын жерден бұдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген “Алтын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейінгі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді” (“Егемен Қазақстан”31.10.07). Академиктің осы пікірімен келісесіз бе? Ия. Жоқ.
1-дәлел.....................................................................
2-дәлел.....................................................................
3-дәлел......................................................................
Ескерту : Бекіту тапсырмаларын ұсынуда саралау жүзеге асырылған. Яғни А,В,С тапсырмалары жеңілден күрделіге қарай жасалған. Оқушы өзінің деңгейіне сай таңдайды.
|