Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа»



Дата03.04.2020
өлшемі61,5 Kb.
#61523
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment altyn-apa

Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа»

Сабақтың мақсаты: физика курсы бойынша алған білімдерін жинақтау, логикалық сұрақтар мен жұмбақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, ұлы ғалымдардың ашқан жаңалықтарын және өмірі жайлы деректерді білуге үйрету, пәнге деген қызығушылын арттыру, тапсырылған істі жауапкершілікпен атқаруға баулу

Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есеп шығару, жұмбақ шешу, құбылысты түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, слайдтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: оқушыларды дайындау, топтар бойынша отырғызу

2. Барысы:

Өткеніңді ұмытсаң

Өшкеніңнің белгісі

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі – дей отырып, бүгін 8 «А,Б» және 10-сыныбының оқушылары арасындағы «Алтын қақпа» атты ойынымызды бастайық. Алдымен осы ойынға қатысушы топтарды ортаға шақырайық.

Топтардың таныстыруы.

Енді ойынның кезеңдерімен танысайық.

1-кезең: «Сәт сапар!» - екі топқа ортақ жмбақ жасырылады. Бірінші қол көтеріп, дұрыс жауап берген топ ойынды бастайды. Жұмбақтар физикалық шамаларға байланысты болады.

2-кезең: «Тас қақпа» - бұл қақпада 10 сұрақ беріледі. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады. Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беріледі. Ұпайы көп топ ойынды ары қарай жалғастырады. Егерде тең болып жатса, екі топта ойынды жалғастырады.

3-кезең: «Күміс қақпа» - бұл қақпада есептер берілген. Есептер саны 3, деңгейіне байланысты. Әр есеп 20 ұпаймен бағаланады.

4-кезең: «Алтын қақпа» - бұл қақпадағы сұрақтар физик ғалымдардың өмірі мен еңбектеріне байланысты. Ғалымның кім екенін анықтайды. Алғашқы сұрақ оқылғанда жауап берсе, 20 ұпай беріледі. Жауап бере алмай екінші көмек берілсе, 20 ұпай шегеріледі. Үшінші көмекке жүгінсе, тағы да 20 ұпай алынады.

5-кезең: «Алтын сандық» - бұл кезеңде «Алтын сандықтағы» жасырынған сұраққа жауап береді. Ол сұрақ физика пәнімен байланысты болмауы да мүмкін. Ол сандықты ашу-ашпау топтың өз еріктерінде.

Осы топтардың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасының құрамымен таныс болайық:

10-сынып оқушылары:


  1. Аяганова Меруерт –оқу үздігі

  2. Маткенова Арайлым – оқу үздігі

Сонымен ойынды бастайық.
1-кезең: «Сәт сапар!»

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға келеді. (күш)

(Қосымша)

Жылдамдықты өзгертеді

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (үдеу)


2-кезең: «Тас қақпа» (әр сұрақ 10 ұпай)

1-топқа


  1. Ток күшін өлшейтін құрал (амперметр)

  2. Дененің салмағының өлшем бірлігі (Ньютон)

  3. Жүрілген жолдың уақытқа қатынасы (жылдамдық)

  4. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)

  5. Абсолюттік нөл температурасы (-2730С)

  6. Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы (конвекция)

  7. Сұйықтың буға айналу құбылысы (булану)

  8. Көлемі тұрақты, температура мен қысымы өзгеретін процесс (изохора)

  9. Протонның заряды (оң)

  10. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (иә, мұз күйінде)

2-топқа


  1. Кернеуді өлшейтін құрал (вольтметр)

  2. Ауырлық күшінің өлшем бірлігі (Ньютон)

  3. Дененің массасының көлеміне қатынасы (тығыздық)

  4. Бір зат молекуласының басқа бір зат молекуласымен араласуы (диффузия)

  5. Табиғаттағы ең төменгі температура (-2730С)

  6. Сұйыққа немесе газға батырылған денеге жоғары бағытталған кері итеруші күш (Архимед күші)

  7. Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)

  8. Қысымы тұрақты болып, температура мен көлемі өзгеретін процесс (изобара)

  9. Нейтронның заряды (жоқ)

  10. Қай айда 28 күн бар? (барлық айда)

Ұпай сандары есептеледі.


3-кезең: «Күміс қақпа» (әр есеп 20 ұпай)

Есептер:

1. Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 2 есе арттырған, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? (4 есе кемиді)

2. 10 см қашықтықтағы 2,7 мкКл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Майдың диэлектрлік өтімділігі 2,5. (97,2 В/м)

3. Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 және ұзындығы 6 м нихром өткізгіштің екі ұшына 40 В кернеу беріледі. Өткізгіштен өтетін ток күшін анықтаңдар. Нихромның меншікті кедергісі 1,05 мкОм*м. (3,2 А)


(қосымша)

1. Потенциялдық энергиясы 400 Дж, 4 м биіктіктегі дененің массасы қандай? (10 кг)

2. Арақашықтығы 2 см, 2*10 нКл және 4,5 нКл зарядтармен зарядталған вакуумдегі бірдей екі кішкентай шар қандай күшпен әрекеттеседі? (20*10-5 Н)

3. Теңіздегі мұнай мұнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2. Жағадағы оператор басқару орнында амперметр 4 А-ді, 30 В-ті көрсетсе, электр сымының мұнай мұнарасынан жағаға дейінгі ұзындығы қандай? Алюминийдің меншікті кедергісі 2,7*10-8 Ом*м. (4166 м)


4-кезең: «Алтын қақпа» (20 ұпай)

  • Ол студент кезінде маятник тербелісінің амплитудаға тәуелді емес екенін ашты

  • Университетті бітіргеннен кейін механика мен астрономия саласы бойынша зерттеулермен айналысты

  • Ол қозғалыстың салыстырмалылық принципі мен инерция заңын ашты

Г.Галилей

(қосымша)



  • Ол энергияның сақталу және айналу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген

  • Газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеп, оның температураға тәуелділігін айтқан

  • Үш бірдей физикалық шаманың өлшем бірлігі сол ғалымның құрметіне берілген

Д.Джоуль
5-кезең: «Алтын сандық»

    Бір сағатта орташа көлемді машинаны 1 метр жоғары көтеретіндей қуат бөледі. Қанды айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы қанды 3 метр жоғарыға ытқыта алады. Ең бір ерекше қасиеті – тоқтамастан, демалусыз өмір бойы жұмыс істеуі. Ерекше жүйесімен, еш тоқтаусыз соғумен тәуілігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, дүниедегі тоқтаусыз істейтін жалғыз мотор деуге болады. Ол шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам рет соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрдей қанды айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде сағатына 340 литр қан айдайды. Бұл қандай ағза? (Жүрек)

Сұраққа жауап бере алса, «Алтын сандықтағы» сыйлықты алуға мүмкіндік туады.
Қорытынды:

Ойынға қатысқан оқушылардың пікірін білу:

«Алтын сандыққа» дейін жетпесе,


  • бүгінгі ойындағы қиындық келтірген не нәрсе деп ойлайсыздар?

«Алтын сандықты» аша алмаса,

  • сіздер үшін осы сандықты ашудың маңызы болды ма?

«Алтын сандықты» ашса,

  • «Алтын сандықты» ашуға жетелеген қандай күш деп ойлайсыздар?

Оқушыларды марапаттау.



Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей





8 «А,Б», 10-сыныптар

Өткізген: физика пәні мұғалімі



Тенсел Б

2015-2016 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет