Сабақтың тақырыбы: «Алтын балта»



Дата08.09.2017
өлшемі89,87 Kb.
#31180
түріСабақ
Жамбыл облысы

Байзақ ауданы

Сарыкемер ауылы

Сарыкемер мектеп- гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу пәні

Байболова Жазира Данияровна
Сабақтың тақырыбы: «Алтын балта» ертегі

Сабақтың мақсаты:

Ертегі мазмұнынын түсініп оқу, адам мінезіндегі кемшіліктерді көре білу, оған баға беру дағдысын дамытуға мүмкіндік жасау.



Міндеттері:

1.Шығарманың құрылымын талдай отырып кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беруді үйрету.

2. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы түйінді ой айтып, өзіндік пікір айту дағдыларын қалыптастыру.

3. Мәтіннің негізгі идеясы арқылы адамгершілік қасиеттері қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже:

  • Идеясы адал еңбекті дәріптеу болған ертегінің мазмұнын ашады.

  • Кейіпкердің іс-әрекетіне баға беру арқылы оқушылар адал еңбектің салтанат құруын түсінеді.


Сабақта қолданылатын әдістер: «Салыстырмалы карта» әдісі, «Әңгімелеу кестесі» әдісі, «Қарлы боран» әдісі, «Құндылықтарды бағалау» әдісі т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, аудиожазба, қима қағаздар, плакат, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың жоспары:


Уақыты

Жұмыс мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

І.Қызығушылығын ояту

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөліну

«Есім акронимі»


Бағалау шәкілімен таныстыру




Сыныппен амандасу.
Топқа бөлу
Бағалау шәкілімен таныстыру

Оқушылар өз есіміне сын есім қосып айтады.

Қима қағаздар арқылы топтарға бөлінеді.

Бағалау критерийімен танысады.




8 мин

Үй тапсырмасы
«Кейіпкерге хат жазу»


Шимайбек өлеңі


Оқушылар кейіпкерге жазған хатарын оқиды, тыңдайды.
Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.

ІІ. Мағынаны тану


2 мин

Жаңа сабаққа кіріспе.
Ой шақыру




  • Балтаны не үшін қолданамыз?

  • Алтын балтаның болуы мүмкін бе?

  • Оның қандай қасиеті болуы мүмкін?

  • Шығарманың тақырыбына қарап, оның қандай ертегі екенін ажыратуға бола ма?

Оқушы ойын тыңдау.



Оқушылар сыни ойлана отырып өз ойларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді.





15 мин



Жаңа сабақ.

«Оза оқу» әдісі

Ертегі мазмұнын тыңдау
Топтық жұмыс

Ертегіні алдын ала үйден оқып келуге берген болатынмын.

Ертегіні үнтаспадан тыңдау.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-топ: «Әңгімелеу кестесі» әдісі

(тақырыпқа шолу жасайды)

2-топ: «Салыстырмалы карта» әдісі (кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстырады)

3-топ:«Құндылықтарды бағалау» әдісі (адамгершілік қасиеттерді бағалауды түсіндіреді)

4-топ: Жоспар құру

(мәтінге жоспар құрады)


Оқушылар мәтінді үйден оқып келеді.

Ертегіні үнтаспадан тыңдайды.

Оқушылар топпен біріге отырып, топқа берілген тапсырманы орындайды.

Топ мүшелері қорғайды.
Шығарманың мазмұнынан түйінді ой қорытады.




10 мин


Жаңа сабақты бекіту

«Қарлы боран» әдісі


Жеке жұмыс

Әр топқа сұрақтар тастау

-Ертегі не туралы?

-Ертегі кейіпкерлерін ата?

-Кедей қандай адам?

-Бай қандай адам?

-Диірменші шал кімдерді сынап көрді?

-Кедей неліктен алтын, күміс балтаға қызықпады?

-Кедей алтын балтаны қалай пайдаланды?

-Байдың түбіне жеткен оның қандай қасиеті?

-Алтын балта жалқауларға қызмет етуі мүмкін бе?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.





Сұрақтарға топ мүшелері жауап береді.


ІІІ.Ойтолғаныс


6 мин

Дәптермен жұмыс

Сөздікпен жұмыс


Кері байланыс

«Айтарым бар, жазғым келеді»

Бағалау

Өзін-өзі бағалау.




Ісі оңға басу – жұмысы жақсы жүру, табысы көбею.

Ішқұса болу – уайым-қайғы шегу.

Күндеу – біреудің табысын көре алмау.
Мұғалім жазғандарын оқиды.

Оқушыларға өздерін бағалау парақшасына сәйкес бағалауды ұсынады.


Оқушылар бағалау шәкіліне сүйене отырып бағаланады.


Жаңа сөздерді дәптерлеріне жазады.
Тақырып бойынша түйінді бір ой айтады немесе стикерге жазып іледі.
Оқушылар критерийге сүйене отырып өздерін бағалайды.


1 мин

Үйге тапсырма беру


Мәтінді түсініп оқу.

Мақалды жаттау.



Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.


Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні_____________________________________________________




Критерийлер

Балл

Дескрипторлар

1

Үй тапсырмасы



1
1

Өлеңді мәнерлеп жатқа айта алдым
Кейіпкерге хат жаздым

2

Топтық жұмыс



1
1

Топтық жұмыста өз ойымды айта алдым.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере аламын.


3

«Есім - акронимі»
«Қарлы боран» әдісі

1
1

Өз есімімді сын есімді қосып айта аламын
Жеке сұрақтарға жауап бере алдым.


4

Дәптермен жұмыс
«Даналық ағашы»

1
1

Тапсырманы орындай алдым.
Шығармадан үйренгенімді түйінді оймен айта білдім (өмірмен байланыстырдым)





Барлығы:






Рефлексия




Рефлексивті сұрақтар

Өзімнің сабағым жайлы пікірім


Сабақтың мақсаты

қолжетімді болды ма?

Күні:

Тақырыбы: «Алтын балта» ертегісі



Мақсаты: Ертегі мазмұнынын түсініп оқу, адам мінезіндегі кемшіліктерді көре білу, оған баға беру дағдысын дамытуға мүмкіндік жасау.
Мен сабақта қойған мақсатыма жете алдым деп ойлаймын. Себебі, сабақ барысында оқушыларға топпен және жеке орындауға арналған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай келетіндей алдым.


Сабағымда ұнаған сәттер:
Не болды, неліктен?
Сол сәттерінен көрініс

Барлық тапсырмалар оқушыға қолжетімді әрі түсінікті болды. Сабақтың басында бүгінгі сабаққа қойылған критериймен таныстырдым. Бұл оқушыларды нәтижеге жетелудің түрткісі болды. Сабақтың тақырыбын өмірмен байланыстырып, оқушының өз ойын еркін айтуға мүмкіндік болды.


Сабақта не қиыншылық туғызды?

Сабақ жоспарға сай өтті. Айтарлықтай қиындықтар болмады. Сабағымда А, В деңгейіндегі оқушыларым аса белсенділік танытты. С деңгейіндегі оқушыларым тапсырманы орындауға тырысты бірақ, өздеріне сенімсіздеу болды. Сыныптастарының жауаптарын қайталауға тырысты. Мен осы жағдайды келесі сабақтарымда міндетті түрде ескеруім керек деп ойладым.


Қиыншылықтардан шығу жолында мен не істедім?


С деңгейдегі оқушылардың іс-әрекетін мадақтап отыруға тырыстым.

Қандай шешімге келдім?

Келесі сабақта кемшілік жібермес үшін қандай өзгерістер енгіземін?


Мен әр сабақтарымда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, сабаққа қызығушылығын оята білетіндей тапсырмалар алуға тырысамын. Менің әдебиеттік оқу пәнінен «Алтын балта» тақырыбында өткен сабағым оқушыларды бірлесе жұмыс жасай отырып ойландыру, іздендіру, өз пікірін еркін айтуға жетелеу болатын. Сабақтың әр кезеңін әр түрлі әдістер арқылы жеткізуге тырыстым және оқушылардың не жасай алатынын білдім. Бұл маған келесі сабағымды жоспарлауға көмектеседі.




Келесі сабаққа жоспарым:

Оқушыларға білім беруде оларды ынталандыру үшін, оқылатын нәрседе жаңалық болу керек. Келесі сабақтарымда да мейлінше тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет