Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтарды бейнелеу Сабақтың мақсаты



Дата03.02.2017
өлшемі45,07 Kb.
#8589
түріСабақ
Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары

Сыныбы: 3-А

Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтарды бейнелеу
Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: оқушылардың түстермен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру. .

  2. тәрбиелік: эстетикалық , экологиялық тәрбие беру, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

  3. дамытушылық: шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, қиялын дамыту


Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекі.
Көрнекілігі: слайдтар
Жабдығы: сурет альбомы, акварель бояуы, қылқалам түрлері
Түрі: конкурс-сабақ
Типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралдарын, жабдықтарын дайындау, назарларын сабаққа аудару.




  1. Кіріспе бөлім


«Маша мен аю» ертегісінің кейіпкерлері қонақта.(1-2 слайдтар)
Электронды оқулықпен жұмыс («Бейнелеу өнерінің түрлері»)

Машаның тапсырмалары: Мына шығармаларды бейнелеу өнерінің түрлеріне ажырат ( 3-7 слайдтар)



Проблемалық сұрақ: Ойыншықтар не үшін қажет? Ойыншықтардың қандай түрлері бар? Оларды қалай жіктеуге болады? (8-14 слайдтар)


  1. Негізгі бөлім

Тапсырма: «Қайсысы ойыншық, қайсысы ойыншық емес?» Оқулықтағы суреттер бойынша пропорция ұғымын түсіндіру, Буратино, Чебурашка, Карлсонның пропорциясын талдау (15-16 слайдтар).

Қазақстандық ойыншық. жасаушы «Бал-бала» фирмасы, оның негізін қалаушы Қарақат пен Қыдырәлі, ол ойыншықтардың ерекшеліктері туралы айту (17-20 слайдтар).
Практикалық жұмыс:

Конкурс. «Қарақат» орталығы ең әдемі, мазмұнды ойыншық жасаған балаларға конкурс жариялайды.

Конкурстың шарты: Қуыршақ Қарақаттың орындауындағы «Асыл әжем» әнін орындайтын, әже бейнесінде бейнеленсін(Әнді тыңдап отырып, бейнелеу).




  1. Қорытындылау.

Оқушылардың салған бейнелерін тақтаға іліп, ең әдемілерін, ерекшелерін мадақтау. Басқалардан бұрын болған оқушыларға қосымша тапсырма:


Сөзжұмбақ «Натюрморт»










Н



















Баланың ермегі (ойыншық)










А



















Ойыншықты жасайтын суретші(дизайнер)










Т



















Құйрығы желпуішке ұқсайтын құс (тауыс)










Ю



















Қолөнерде көп кездеседі (ою)










Р



















Мұрны ұзын ертегі кейіпкері (Буратино)










М



















Ермексазбен не жасауға болады (мүсін)










О



















Түс (қоңыр)










Р



















Ақ-қара түсті сурет (графика)










Т



















Түйені төлі (бота)



V. Бағалау.

Оқушылардық сабаққа, қатысуын, практикалық жұмысын ескере отырып, бағалау. Ризашылық парақтарын тарату.


VІ. Үйге тапсырма

Үй жануарларының біріне қарап, ойыншық нобайн салып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет