Пәні:Өзін-өзі тану
Сынып: 1 - сынып
Мұғалім: Ж.С.Қарымсақова
Сабақтың тақырыбы: «Қамқор болып өсемін»
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік
Ресурстар: электрондық оқулық, жаңғақтар
Сабақтың мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
қамқорлық туралы түсінік беру;
адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мейірімді жүрекпен
Бөлісемін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілеп
Ізгі істерді жақұтты!
Тыныштық сәті. (баяу музыка әуені ойналады)
– Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Дәйексөз
Тақтаға «Қайырымдылық – жылы жүректен» деп жазып қойып және осы халық даналығын, бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
– «Қайырымдылық» дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қиналған, сырқаттанған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, жәрдем ету, жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады. Сондықтан да халық «Қайырымдылық – жылы жүректен», деп тегін айтпаған.
Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйек- сөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім балаларға «Әжей мен балалар» атты әңгімені айтып береді, балалар әңгіме бойынша сұраққа жауап береді:
Әжей мен балалар
Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан жалғыз болмайды. Оған күн құрғатпай жақын жердегі мектеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді. Соғыс жылдары ел басынан өткен қиын-қилы оқиғалар жайындағы әжейдің қызық әңгімелерін шәкірттер ынтыға тыңдайды.
Балалар сырқат әжейге қандай қайырымдылық жасады?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
– Иә, балалар, сырқат адамдарға, ешкімі жоқ қарт-қарияларға қамқор болып, қайырымдылық жасау – қайырымды адамның ғана қолынан келеді.
Әңгімелеу
Қамқорлық дегендi қалай түсiнесiңдер?
Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
Топпен ән айту
«Ақ әжем»
Сөзін жазған: О.Әубәкіров,әнін жазған: К.Қуатбаев
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген тапсырманы оқушыларға орындауға ұсынады:
Осындай жағдайда құмырсқа мен құстарға қандай қамқорлық көрсете алар едіңдер? Суретті бояңдар.
Шығармашылық жұмыс
Сабақта оқушылардың білімдерін бекіту үшін шығармашылық жұмыс ұсынылады. Мұнда балалар оқулықта берілген суреттердi қарап, қамқорлық туралы әңгiме құрастырады.
Соңғы тыныштық сәті
(Музыка әуенімен) көзімізді жұмып, терең тыныс алып, оқушылар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Бойларыңа үнемі жаңа шуақ еңгізіледі. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сезіңіндер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Ықыластарыңа рахмет.
Қасиеттер:адамдарға, қоршаған ортаға сүйспеншілік,қайырымдылық,мақтан тұту,құрметтеу.
Достарыңызбен бөлісу: |