Сабақтың тақырыбы: Ампер күші, сол қолы ережесі. Бөлімі: Магнит өрісі Педагогтің аты-жөні



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі0,61 Mb.
#110287
түріСабақ
1   2
Байланысты:
5-10

Оқушылардың кейбіреуі: : M= BIS.

F=IBLsinα формулаларын қолданып есептерді шығара алады



Бағалау критерийлері


Магнит өрісінің күштік сипаттамасын, бұрғы ережесін біледі;

Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын дұрыс көрсете алады;

F=BILsinα M= BIS. формуласын есеп шығаруда қолданады.

Сол қол ережесін қолданып Ампер күшінің бағытын анықтай алады.



Пәндік лексика және терминология:


Магнит өрісі, Электрқозғалтқыш, Амперметр, Вольтметр, Генератор, Өткізгіш. Магнит индукциясы

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Магнит өрісі

Магнитное поле

Magnetic field

Электрқозғалтқыш

Электродвигатель

Electric motor

Амперметр

Амперметр

Amperemeter

Вольтметр

Вольтметр

Voltmeter

Генератор

Генератор

Generator

Магнит индукциясы

Магнитное индукция

Magnetic induction




Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин.


«Сәйкестендіру» тесті

5 мин



Амандасу Түгендеу

Жағымды ахуал тудыру

Сабақ мақсатымен таныстыру

Дұрыс сәйкестікті сызбамен біріктіру арқылы көрсет! ҚБ Өзін-өзі бағалау.



Дұрыс сәйкестікті сызбамен біріктіру арқылы көрсетеді



Дескриптор

- Сол қол ережесін қолданып Ампер бағытын анықтай алады.1 балл

-Магнит өрісінің күштік сипаттамасын, бұрғы ережесін біледі; 1 балл

-Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын дұрыс көрсете алады 1 балл


ДМ қосымша 1



Сабақтың ортасы.
10 мин




Ампер күшінің бағытын анықтайтын сол қол ережесін магнит өрісіндегі тоғы бар рамаға қолданып көрейік:

Оқушылар Тақырып бойынша сұрақтарын мұғаліммен бірге талдайды.
Оқулықпен жұмыс –

конспект жазу




Дескриптор:

Оқулықпен жұмыс:

- айналдырушы моментті анықтайды;

- M= BIS.



M= BISsi

Формуланы тұжырымдайды.





Оқулық 10-сынып.

ДМ қосымша 2




Бекіту:

Топтық жұмыс

«Ойлан, бөліс» әдісі

7 мин


1. Тогы бар рамаға біртекті магнит өрісі қалай әсер етеді? 2. Магнит өрісіндегі тогы бар рамаға әсер ететін айналдырушы момент неге тең?

3. Айналдырушы момент раманың магнит моментімен қалай байланысқан?

4. Амперметр қалай жұмыс істейді? Электрқозғалтқыштар?




Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Дескриптор:

Жалпы балл -



10-сынып оқулығы



Есеп шығару

5 мин


Массасы m=0,1 кг және ұзындығы l=0,25 м өткізгіш өзек горизонталь бетте индукциясы B=0,2 Тл біртекті горизонталь магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан. Егер өзек (стержень) арқылы I = 10 А ток өтсе, оның бірқалыпты ілгерілемелі қозғалуы үшін өзек осіне перпендикуляр қандай горизонталь күш түсіру керек болады? Өзек пен бет арасындағы үйкеліс коэффициенті μ = 0,1.

Оқушылар есеп шығарады

Үйкеліс күшін ескереді



Берілгенің жазады -1 балл

Формуланы дұрыс жазады – 1 балл

Есптеуді дұрыс жүргізеді-1 балл


10-сынып оқулығы


«Ой қозғау» әдісі

Жеке жұмыс

8 мин


Білім дағдысы: Қолдану (І)

2-тапсырма. Тест тапсырмасы




Оқушылар тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілейді.

Дескриптор

Жалпы балл -7



10-сынып оқулығы.

ДМ қосымша 3



Сабақтың соңы.

Рефлексия

3 мин


Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.

Оқушыларға БББ кестесін толтыру ұсынылады.

Үйге тапсырма:


Оқушылар сабақта жеткен нәтижесіне орай Білгенім, Білдім,Білгім келеді кестесін толтырады.







Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылар жұптық және жеке жұмыстарды орындай отырып Амперметр ,вольтметр жұмыс істеу принципін түсінеді

Сұрақтарға жауап беру

Тапсырмаларды орындау арқылы



Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.



1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?



1:

2:


Қосымша 1

Сол қол ережесін қолданып Ампер бағытын анықтай алады.

Магнит өрісінің күштік сипаттамасын, бұрғы ережесін біледі;

Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын дұрыс көрсете алады;



Дағды деңгейі: Білу.

Дұрыс сәйкестікті сызбамен біріктіру арқылы көрсет! Өзін-өзі бағлау.



Күш сызығының қасиеті




Күштің бағытын көрсетеді

Ампер күшінің формуласы

Магнит индукциясының бағытын көрсетеді

Егер токтың бағыты «бізге қарай» болса



Магнит өрісінің күш сызықтары сағат тілінің бағыты бойынша


Магнит өрісінің индукциясының өлшем бірлігі


- магнит өрісінің күш сызықтары солтүстік полюстен шығады (N-north) оңтүстік полюске (S-south) кіреді.


Егер токтың бағыты «бізден ары» болса




Тесла (Тл)



Флемингтің сол қол ережесі бойынша сұқ саусақ


Магнит өрісінің күш сызықтары сағат тілінің бағытына қарсы




Флемингтің сол қол ережесі бойынша бас бармақ




Оң қол ережесі бойынша токтың бағыты






Ток күшінің бағытын көрсетеді



Флемингтің сол қол ережесі бойынша ортаңғы саусақ


Бас бармақпен сәйкес келеді

Қосымша 2:

V Магнит өрісіндегі тогы бар рамаға әсер ететін айналдырушы момент

Рамаға әсер ететін күштердің айналдырушы моментін оның үш түрлі жағдай үшін анықтаймыз:

  1. Тогы бар раманы магнит полюстерінің арасына рама ауданына түсірілген нормаль магнит индук­ циясымен 90º бұрыш жасайтындай етіп орналастырайық (283, а сурет).





Рама ауданына түсірілген нормальдің бағытын контурдағы токқа қатысты бұрғы ережесімен анықтайды, ол рамадағы ток тудырған меншікті магнит өрісінің бағытымен сәйкес келеді.

Раманың AB және CD қабырғалары магнит индукция векторына параллель, ендеше магнит өрісі оларға әсер етпейді. AD және BC қабырғаларына шамалары жағынан тең, бірақ қарама­қарсы жақтарға бағытталған Ампер күштері әсер етеді. Күштердің түсу нүктелері әртүрлі, сондықтан қос күштің әсерінен рама сағат тілінің бағытына қарсы айналады. Күш моменттерінің қосындысы мынаған тең:



мұндағы b− рама ені, l− рама ұзындығы, α −B және I векторларының арасындағы бұрыш.

Рама ұзындығы мен енінің көбейтіндісін оның ауданымен ауыстырайық: S= lb, сонда: M= BISsi

Қосымша 3 Жеке жұмыс. Дағды деңгейі: Қолданау. Өзара бағалау.

: Сол қол ережесін қолданып Ампер күшінің бағытын анықтай алады.



1. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)

2. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)




3 Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)



4. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен))

5. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)




6. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)

7. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)








Жауабы

1 жоғары


2 әсері жоқ

3 оңға


4 әсері жоқ

5 жоғары


6 солға

7 төмен

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет