Сабақтың тақырыбы: «Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер. Эритропоэзді қуаттандыратын дәрілер. Лейкопоэзді қуаттандыратын дәрілер»



бет1/2
Дата06.02.2022
өлшемі28,72 Kb.
#80510
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
13 1178 an zh 1199 yesine 1241 ser etetin d 1241 riler Eritropoezdi 1179 uattandyratyn d 1241 riler Leykopoezdi 1179 uattandyratyn d 1241 riler




Сабақтың тақырыбы: «Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер. Эритропоэзді қуаттандыратын дәрілер. Лейкопоэзді қуаттандыратын дәрілер».


2.Осы теориялық сабақтың тақырыбы бойынша материалды тексеруге арналған сұрақтардың тізімі.
1. Қан жүйесіне әсер ететін дәрілердің жіктелуі. 2. Қан ауруларын емдеу үшін қолданатын темір препараттарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы. 3. Ционокобаламин мен фолий қышқылын қан ауруларын емдеуге қолданылуы. 4. Лейкопоэзге әсер ететін дәрілерге жалпы сипаттама. 5. Кальций тұздарының қан ұйығына әсері. 6. Викасолдың әсер ету механизімі. 7. Гепариннің фармакологиялық қасиеттері. Қолданылуы. 8. Фибринолизге әсер ететін дәрілер.
9.Эритропоэзды күшейтетін дәрілер 10. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
Эритропоэз - кемігінде (жілік майында) түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторлары қан аздықты (анемияны) емдеу үшін қолданылады.
1. Гипохромды (темір тапшылық) қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс көрсеркіші 0,9 төмен)
Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасымалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағы гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода (жілік майында, бауырда, көк бауырда) болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілуі органикалық қышқылдардың (аскорбин, алма, фумар, лимон қышқылдары және т.б.) әсерінен аш ішекте өтеді. Темірдің сіңірілуі Со2+,Cu2+,Mn2+,Zn2+,Mn2+ микроэлементтерінің әсерінен жақсарады.
Қолдануы:Темір препараттарын теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сіңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданады.
Жанама әсері: жағынан ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуды, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб., капс., драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан шайнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды еңгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алу бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында, созылмалы қабыну ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды.
Ferro-Gradument - ферро-градумент: 0,525 таб. шығарылады, 1 таб. таңғы астан 1 сағ. бұрын белгіленеді.
Tardyferon - тардиферон: 0,257 драже, 1 дражеден тамақтан 1 сағ. бұрын таңертең және кешке қабылдауға белгіленеді.
«Ғеггорlех»««Ферроплекс»: 1-2 дражеден тәулігіне 3 рет тамақтан кейін белгіленеді.
«Sorbifer durules» - «Сорбифер-дурулес»: 1 дражеден тәулігіне 2 рет тамақтан 30 мин. бұрын белгіленеді.
«Actiferrin» - «Актиферрин»: 1 капе, тәулігіне 1-2 рет; сиропын (шәрбәт) 1 шай қасықтан тәулігіне 1-3 рет; тамшысын - 40-50 тамшыдан тәулігіне 3 рет белгіленеді.
Ferrum Lek - феррум-Лек: 2 мл амп. шығарылып, б/е; 5 мл амп. шығарылып, к/т еңгізіледі.
Fercovenum - ферковен: 5 мл амп. шығарылып, к/т еңгізіледі. Темір мен кобальттың препараттары болып табылады.
«Гемостимулин» (құрамы: темір лактаты, мыс сульфаты, құрғақ тағамдық қан).
Гиперхромды кан аздықта қолданылатын дәрілер
а) Пернициозды (қатерлі В12-тапшылық, мегалобласты, Адиссон-Бирмер анемиясы) анемия В12 витаминінің тасымалдануын қамтамасыз ететін асқазан сөліндегі Касла «ішкі факторы» болмауынан (гликопротеин) В12 витаминінің сіңірілуі жетіспеушілігінен пайда болады, В12 витаминінің жеткіліксіздігінде эритроциттердің жетілмеген түрі (мегалобластар) түзіледі.
В12 витамині бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдерінде бар, ал өсімдік тағамдарында кездеспейді. Адамға тәулігіне 1-3 мкг қажет, Цианокобаламин эритроциттердің өндірілуін күшейтеді.
Пернициозды (қатерлі) анемияда бауыр және жүйке жүйесінің ауруларында қолданылады.
Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, тахикардия, жүрек тұсының ауырсынуы, қан үюының жоғарылауы және ОЖЖ-гі қозудың жоғарылауы байқалуы мүмкін. Жіті тромбоэмболиямия, эритремияда және эритроцитозда қолдануға болмайды.
Cyanocobalaminum (Vit. В12) - цианокобаламин (витамин В12):
003%, 0,01%, 0,02%, 0,05% 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, күн apа немесе күнде б/е, т/а, к/т еңгізіледі. Мөлшерін науқастың жағдайына қарай белгілейді. Бір инеде В1 және В6 витаминдерін бірге еңгізуге болмайды, себебі кобальт иондары оларды бұзып, витамин В12, витамин В1-ң аллергиялық реакцияларын күшейтеді.
б) Макроцитарлы (фолий тапшылық) анемия ағзада фолий қышқылының көп шығындалуында (мысалы, жүктілікте) байқалады, сонымен қатар кейбір препараттарды қабылдағанда (метотрексат, триметоприм, триамтерен) пайда болуы мүмкін. Вс витамин (фолий қышқылы) көкөніс жапырақтарының, бұршақ тұқымдастарының, туйе бұршақ (фасоль) құрамында кездеседі, ал сүт өнімдерінде, бауыр, буйрек, жұмыртқада аз кездеседі. Ағзаға тәулігіне 0,2 мг қажет. Фолий қышқылы эритроциттердің түзілуіне өте қажет. Оның жеткіліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит), оның жалпы эритроциттөрдің саны бірден төмендеп кетеді.
Acidum folicum (Вс) - фолий қышылы (Вс витамин): 0,001 таб, шығарылып, ½ -1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді. Фолий қышқылын цианокоболаминмен бірге белгіленеді.
Эпоэтин-альфа (эпрекс, эпоген) - адамның рекомбинантты эритропоэтині. Эритропоэтин бүйректің гликопептидті гормонының препараты. Қызыл қан түйіршіктерінің пролиферациясы (көбөюі) мөн жетілуін күшейтеді. Бүйректің созылмалы ауруларымен, ревматоидты артритпен, қатерлі ісіктермен, ЖИТС-мен байланысты анемияларда, шала туған балалардың анемиясында қолданылады.
Эритропоэзды тежейтін дәрілер эритремияда (полицитомия) қолданылады. Олар жілік майына тежегіш әсер көрсетеді.
Фосфордың радиоактивті препараттары: Р-32 фосформен белгіленген натрий фосфатының ерітіндісі, имифос.
Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
Бұл препараттар нуклеин қышқылдарының синтезін құрылымды және ферментті ақуыз синтезін күшейтеді. Олар лейкопоэз және басқа да ұлпалардың регенерациялық процесін күшейтеді. Лейкопения жөне агранулоцитоз, сондай-ақ нашар жазылатын жарақаттар, ойық жаралар, күйік, сынықта, мүшелердің дистрофиялық процесінде ұлпа регенерациясын күшейту үшін қолданылады.Әртүрлі ісіктерде колдануға болмайды, жүқпалы ауруларда микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындайды
Methyluracilum - метилурацил (Б): 0,5 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 3-4 рет; 0,5 супп.; 10% жағылма түрінде шығарылады.
Pentoxylum - пентоксил (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Natrii nucleinas - натрий нуклеинаты: 0,1 ұнт, түрінде шығарылып, 1,0-нан тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Ісіктердің химиотерапиясымен байланысты лейкопениялардың ауыр түрлерінде, апластикалық анемияда және панцитопенияда, жілік майын ауыстырып отырғызуда, лейкопоэзбен иммунитетттің тежелуімен байланысты септикалық жағдайларда, ЖИТС-ң кешенді терапиясында нейтрофильдердің шеткерлік қанға өндірілуін және бөліп шығарылуын, гранулоциттердің, моноциттердін және Т-лимфоциттердің (молграмостим-адамның рекомбинантты гранулоцитты- макрофагальды колоние қуаттандырғыш факторы) өсуін реттегіш гемопоэзды (колоние қуаттандырғыш) өсу факторларының препараттары қолданылады.
Filgrastim - филлграстим (нейпоген): 0,3 және 0,48 құрғақ зат амп. шығарылып, 20-50 мл 5% глюкоза еріт. ерітіп, 20-50 мл-ден к/т тәулігіне 1 рет белгіленеді.
Molgramostim - молграмостим (лейкомакс): 0,00005; 0,00015; 0004; 0,0005 және 0,0007 құрғақ зат флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша тәулігіне 1 рет т/а, к/т еңгізіледі.
Лейкопоэзды тежейтін дәрілер лейкозда қолданылатын, ісікке қарсы дәрілер болып табылады. Мысалы, меркаптопурин, цитарабин және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет