Сабақтың тақырыбы Ана. Баубек Бұлқышев. Сілтеме Оқулық, сабақ жоспары, интернет көздері



Дата24.05.2017
өлшемі82,08 Kb.
#16998
түріСабақ

4 «Ә» сыныбы

Әдебиеттік оқу


26.02.16


Сабақтың тақырыбы

Ана. Баубек Бұлқышев.


Сілтеме

Оқулық, сабақ жоспары, интернет көздері


Мақсаты

Оқушыларды автор өмірімен таныстыру, мәтіндегі негізгі ойды анықтауда өзіндік ойларын түйіндеуге баулу, ананы құрметтеуге, қамқорлыққа үйрету.


Оқыту нәтижесі

1.Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы құрылады.

2. Оқушылар топпен жұмыс істеудің тәсілдерін қалыптастырады.

3.Бір-бірінің пікірін тыңдауға дағдыланады.

4.Мәтінге байланысты алынған жаңа ақпараттарды түйіндеу, мәтін бойынша өз ойларын жинақтау дағдылары қалыптасады.

5. Балалардың сөздік қоры артады, ойлау қабілеттері дамиды, өз ойларын толық жеткізу, ізденуге талпынады.


Әдіс-тәсілдері

Топтық жұмыс,аялдамалы оқыту, сөздік жұмыс, топтық бағалау, жұппен жұмыс

Көрнекілігі

Теледидар ,оқулық, постер, маркер, стикерлер

Сабақтың барысы

Қызығушылықты ояту кезеңі

Мағынаны тану кезеңі

Ой толғаныс кезеңі

Рефлексия

Бағалау

Үйге тапсырма

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Бір-біріне жақсы тілектер тілеп ынтымақтастық атмосферасын құру. « Сәлемдесу » ойыны:

Балалар, қазір сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір- бірлеріңізбен тез- тез амандасасыздар. Сонымен, көзбен... қолмен... иықпен... құлақпен... тіземен... өкшемен... арқамен.т.с.с.
Түрлі фигураларды таңдау арқылы топқа бөліну.

Топ ережесін еске түсіре отырып, сабақты бастау.


II. Үй тапсырмасын тексеру, талдау. «Гүл сыйлау».

Автор туралы жинақтаған мәліметтерін ортаға салу.



Оралхан Бөкей- 28.09.1943 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданында, Шыңғыстай ауылында туылған. 17.05.1993 жылы Үндістанның Дели қаласында қайтыс болып, Алматы қаласында жерленген.


ІІІ. Мақсат қою кезеңі: « Ана қадірі» бейнефильм көрсетіледі.

«Бала, бала, бала!» деп,


Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған –
Бұл кім? Ана!

-Балалар аналар туралы көптеген өлеңдер,

аңыздар, шығармалар жазылған. Сондай шығармалардың

бірі Баубек Бұлқышевтың «Ана» деген шығармасы.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Ана. Баубек Бұлқышев.

Автор туралы қысқаша мәлімет беру. Слайд.

Баубек Бұлқышев- 1916 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туылған. 1944 жылы Украина. Днепропетровск облысы, Софьевск ауданында дүниеден озды.

«Болжау» стратегиясы

Жазушы бұл әңгімесінде не туралы жазуы мүмкін?


Ана туралы не айта аласыңдар?
Топтық жұмыс: мәтінді топтарға бөлу арқылы талдау.

І топ: Ананың тілі, ананың тілегі. Қазақ әйелі қандай? Постер құру.

ІІ топ: Б.Бұлқышев «Ана» және О.Бөкей «Апамның астауы» салыстыру

ІІІ топ: Баубек Бұлқышевтың өмірбаяны. Галлерия

Сергіту сәті- Ойын- «Тапқыр болсаң»

Әр қатарға әріп таңдату қойылған сұрақтың

жауабын сол әріптен басталатын жауап алу.

(Н В Л С)



1. Менің анам қандай?

2. Ана балаға несімен қымбат?

3. Ананың ақ сүтін өтеу үшін не істер едің?

4. Ана неден қымбат?

5. Анаңның қандай болғанын қалайсың?
Оқулықпен жұмыс

Мәтіндегі екінші абзацты дауыс ырғағымен оқу.

Шығармашылық тапсырма

Жұппен жұмыс.

1 топ. Бес жолды өлең

2 топ. Мақал, нақыл сөз

3 топ. Эссе


Біздің елімізде ана мен балаға зор

қамқорлықтар жасалуда. «Бөбек» қорының

президенті С. Назарбаева балалар үйлеріне,

науқас балаларға көп көмек көрсетіп келеді,

ата - анасыз балаларға біздің мемлекетіміз

қамқорлық жасайды, тәрбиелейді, оқытады,

азамат болып өсуіне көмектеседі.

Даналық сөздер.

«Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді.»  Б.Г.Белинский

«Жұмақ-ананың табанының астында» Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан хадистен

Ана жүрегінің жылуы күліп тұрған күн қызуынан кем емес.                Ә. Нұршайықов
Ойлан тап! Жасырын ұяшықтағы сұрақтар. Оқушылар интербелсенді тақтаға жауаптарын жазады.
3-2-1 стратегиясы. Стикерге жазып, ойларын тақтаға іледі.

- сабақта алған 3 маңызды ақпарат;



  • қиындық келтірген 2 мәселе;

сабақта ұнаған 1 мәселе.

Бағалау парақшасы. Критерийлер арқылы бағалау



  1. Мәтіндегі негізгі ойды аша білуі

  2. Тапсырмалардың тақырыпқа сай орындалуы

  3. Өз ойларын дәлел келтіре отырып айтуы,белсенділігі

Б. Бұлқышевтің шығармашылығы туралы мәлімет жинақтау. Өз аналарына 4 жолды өлең жазу.Ана мәтінін жаттау.





Мұғалімнің іс-әрекеті
Топқа бөліну әдісін түсіндіру

Жинақтаған мәліметтерін

талдату

Оқушылардан бейнефильмнен не түсінгендерін сұраймын



Қысқаша

мәлімет беру

Тапсырманы нақты орындауларына назар аудару

Жауаптарын талдау



Оқушының іс-әрекеті
Топ басшысын сайлау.

Жұмыстарын қорғау


Оқушылар өз түсініктерін ойларын айтады.


Сабақтан не білгісі келетіндері айтылып, мақсат айқындалады.

Мәтінді бөліктер бойынша талдау

Жұптасып, топпен жұмыс жасау, постерлерін қорғау.

Ұнаған топтың постерлеріне стикер жапсыру


Жұмыстарын қорғау

Топпен ақылдаса отырып айту

өз ойларын

Оқушылар өз іс-әрекеті туралы жазады

Бағалау парақшасы

Ізденіске тапсырма



Топ басшысының бағалау парағы

Оқушының аты- жөні

Үй жұмысы

Миға шабуыл

Топпен жұмыс

Жұппен жұмыс

Ойлан, тап

Қорытынды бағалау



























































































































3-10 балл- «3»; 10-15 балл- «4»; 15-20 балл. «5»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет