Сабақтың тақырыбы: Ана тілім туған тілім



Дата08.06.2018
өлшемі19,61 Kb.
#41594
түріСабақ
6 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – туған тілім»

Білімділігі: Балалардың сөздік қорын молайтып, ана тіліндегі білімін жетілдіру. Өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын бақылап, сөйлемдер құрастыру. Тіл байлықтарын арттырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Дамытушылығы: Ойын арқылы, мақал – мәтелдер тақпақтар арқылы балаларды сөйлете отырып, тілдерін дамыту.

Тәрбиелігі: Қызықтыру сәті арқылы ана тіліне деген құрмет пен қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: жыл мезгілдері суреттері, теледидар.

Әдіс тәсілдер: сұрақ жауап, теледидар арқылы дидактикалық ойын ойнату, мақал – мәтелдер, жұмбақ.

Таратпа құралдар: жыл мезгілдеріне байланысты карточкалар.

Оқу қызметінің барысы:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Деп оқу қызметін бастаймыз.

Балалар шеңберге тұрып, күн нұрына алақанымызды созып күн нұрынан жылулық алайық.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын кез келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Сәлематсіздер ме? деп қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір, тілі бір деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да тілегі бір, жүрегі бір ұлттар мен ұлыстардың Қазақстан атты еліміздің дәріптейтін мақтан тұтатын өз ана тіліміз бар.


  • Ал, балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Балалардың жауабы:

  • Қазақстанда қанжай қалалар бар?

  • Балалардың жауабы:

  • Ал, біз сол қалалардың қай қаласында тұрамыз?

  • Балалардың жауабы:

  • Ал, балалар біздің Қазақстанда қанша ұлт өкілдері бар?

  • Балалардың жауабы:

  • Ия біздің Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олармен доспыз, бір шаңырақ астында тұрамыз. Оларға өз тілімізді дәріптеп үйретуіміз керек.

  • Ал, біздің ұлтымыз кім?

  • Балалардың жауабы:

  • Ал, балалар біз енді жыл мезгілдерін тоқталамыз. Жыл мезгілдері суреттері бойынша әңгіме құрастыру.

  • Балалар бізге қонақ келе жатыр – ау деймін дәлізден бір дыбыс естіледі. Есік қағылады. Топқа Нементай деген бала кіреді.

  • Здраствуйте ребята я много слышал о вас и хочу научится разговаривать на казахском языке. Сегодня пришел не с пустыми руками, у меня волшебная каробка разгадав их вы поможете мне открыть главный секрет. Тәрбиеші:

  • Балалар Нементайға көмектесеміз бе?

  • Ия көмектесеміз.

  • Ол үшін сіз қазақша үйренуіңіз керек, отырып тыңдаңыз.

  • Ендеше қорапты ашып, ішінен тапсырмаларды алайық.

Балалар мына жерде орман жолы белгіленген қараңдаршы! Ал, мұнда бізге түлкі кедергі болып тұр. Түлкі айтады: «Тапсырманы орындасаң, жол көрсетемін» – дейді.

Дидактикалық ойын: теледидар арқылы «Қайсысы артық», «Артық нәрсені тауып көр», «Қалғандарын бір сөзбен айту». Дидактикалық ойын «Қайсысы артық?» теледидар арқылы.



  • Ал, балалар енді бізге қоян кедергі болып тұр.

ІІ тапсырма. Балалар қоян айтады: «Балалар мақал – мәтел білеме екен?» дейді. Кім қандай мақал – мәтел біледі?

  1. Тілден айырылу – ұлттан айырылу. (Аяна)

  2. Ана тілің қазанаң. (Аруна)

  3. Тіл қылыштан – өткір. (Михаил)

  4. Өнер алды қызыл тіл. (Сабыржан)

  5. Бірәнші өнер – тіл. (Әйгерім)

  6. Тіл қаруы – сөз, Сөз қаруы – ой. (Данияр)

  7. Ананың сүті – бал, Баланың тілі – бал. (Алина)

  8. Тіліңмен жүргірме – біліммен жүгір. (Ару)

Ал, балалар мына жерде суда үйрек жүзіп жүзіп жүр екен. Мына үйректің жұмыртқаларының ішінен, тапсырмалар шығады, ау деймін жұмыртқалардың ішінен балалар жұмбақтар жасырылған екен, шешеміз бе? Сонда үйрек бізге жол ашады.

  1. Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар (Қозы)

  2. Адамға серік Күзетке берік (Ит)

  3. Өзі жап жас, Мұрты бар Ет пен сүтке ұмтылар Тастамайды жылы үйді, Түкті тонын шұп шұбар. (Мысық)

  4. Еркін самғап ұшсын деп Мәпелейміз баптаймыз, Бейбітшілік құсы деп Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

  5. Көк ала костюм киеді Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)

  6. Аласа тау алуан алма Ал қызыл болмай ауызыңа салма. (Қызанақ)

  7. Қалың киімді ұнатады Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

  8. Аспанда бір ана бар, Мыңы толған балалар. (Ай мен жұлдыз)

Ал, енді балалар алдымыздан қасқыр шықты, балалар ана тілінде тақпақ білеме – дейді.

Балалар тек ана тілінде және басқа тілде де тақпақ біледі.

Тамирис: Ана тілім елдігім

Ана тілім ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Нұржан: Ана тілім ырысым

Ана тілім қылышым

Ана тілсіз тарылар

Кең дүниеде тынысым

Ал Ануар ұйғыр тілінде тақпақ біледі екен...

Ануар: Анам мени шох дәтти

Бәзи чағде от дәтти

Қапа болса дүниеде

Мұндай бала иох дәтти.

Аружан: Ана тілім ұраным

Ана тілім құралым

Ана тілім болмаса

Болмас еді жыр әнім.

Арина: Роной язык в нем честь

И совесть человека

Учи чужую речь

Свою цени навеки!

Нементай енді сенің таба алмай келген құлшең ашылады балалар көп кедергілерден өтіп саған көмектесті.

Немнентай көрдің бе ендісен анау тұрған ошақты үйге барып қазақ тілін үйренесің. Біз сенің кішкене болсада қазақша үйренді деген сенімдеміз.


  • Нементай: «Балалар рахмет сендерге, сендер маған көп көмек бердіңдер. Сау аман болыңдар».

Қорытындылау: Балалар бүгін біз Қазақстан Республикасы жайлы айттық, жыл мезгілдері жайлы білдік, Нементайға көмектестік, Ал, енді орнымыздан тұрып бәрәміз бірге:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Біздің ана тіліміз, туған туған тіліміз қай тіл? – Қазақ тілі



Оқу қызметіміз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет