Өткізілетін күні: __________ Бекітемін: __________________
Сыныбы: 3 « Г» сыныбы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Арғынғазина Арай Арғынғазықызы
Сабақтың тақырыбы: Анамның туған күні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік: Ананы, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу мәнерін және мелекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер, слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (10 минут)
142 бет 1 тапсырманы сұрау.
Жазбаша 124 беттегі 3 тапсырманы тексеру.
Жеке берілген тапсырманы сұрау. (тақпақ, тілек)
ІІІ Жаңа сабаққа дайындық (3 минут)
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
IV .Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі (20 минут)
Сөздікпен жұмыс
Мұғалім допты оқушыға сөздің орысшасын лақтырып айтады. Оқушы қазақшасын айту керек. Праздник – мереке, ден рождения – туған күн, поздравляю – құттықтаймын, что делает? – не істеп жатыр?, подарил-сыйлады, подарок – сыйлық, готовятся-дайындалы жатыр, одноклассник – сыныптас, мне-маған.
Тапсырмалармен жұмыс
1 тапсырма: 126 бет 1 тапсырма. Өлеңді мәнерлер оқу.
2 тапсырма: 127 бет 2 тапсырма. Сурет бойынша диалогты оқу.
3 тапсырма: 127 бет 4 тапсырма. Сөйлемді аударып айту.
3 тапсырма: Сөйлем құрап дәптерге жазу
Бой сергіту сәті (1 минут)
Ал тұрайық, тұрайық.
Қолды жанға созайық,
Боламыз деп шағала,
Қанатты тез қағайық,
Ұшып-ұшып алайық.
V. Сабақты бекіту (4 минут)
Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер? Қандай сұрақтарың бар? Бізге ең жақын кім екен?
VI. Сабақты қорытындылау (2 минут)
«Анашым қартаймашы» өлеңінің 1 қайырмасын орындау
VII. Оқушылардың білімін бағалау. (1 минут)
Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай білімдерін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру (1минут)
127 бет 4 тапсырма жазбаша орындап келу. Менің анам тақырыбында әңгіме құрап келу.
«Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталықпен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Анамның туған күні»
Пән мұғалімі: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі А.А.Арғынғазина
Үшқоңыр ауылы
2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |