Сабақтың тақырыбы А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба»


ғибратлі – үлгілі – өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, ғибратты, нәфрәтлі –



бет4/5
Дата13.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#125367
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Распечатка

ғибратлі – үлгілі – өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, ғибратты, нәфрәтлі – жеркенішті – жаман, нашар. Идеясы: жамандықтан қашу, жақсылыққа ұмтылу.


2-топ:
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл.
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл-мизан, өлшеу қыл.

мизан – таразы – өлшем, күпір - мұсылман емес, діннен шыққан – кәпір, басқа діннің адамы, дүлдүл – кемеңгер, атақты. Идеясы: ақылға салып ойлану.

3-топ:
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме,
Сізге айтамын, қаупім – бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі – тұл,
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөзі қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл,
Ғұламаһи Дауани
Солай депті ол шыншыл.
Надандық – қараңғылық, білімсіздік, ғұламаһи - ғалым, ғұлама – данышпан.

Идеясы: жақсы қасиеттерді бойға сіңіру, жамандықтан аулақ болу.

Дескриптор:




  • Өлең шумақтарын оқи отырып, таныс емес сөздерді табады.

  • Мәтіндегі таныс емес сөздерге түсінік береді, синонимдерін табады.

  • Әр топ оқушылары берілген өлеңнің идеясын табады.


Кітаппен жұмыс





1-топқа

6-тапсырма. «Бес дұшпаннан» алыс болу үшін не істеу керек?

2-топ

7-тапсырма.

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,


Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз...

2. «Ғылымның пайдасы» тақырыбында өз ойларыңды ортаға салыңдар.

3-топ


4-тапсырма.

Өлеңдегі антонимдік қатар құрай алатын сөздерді тауып, дәптерге жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет