Абай өлеңдерін топтастыру арқылы үй тапсырмасын пысықтау, қорыту Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Абай-дана, Абай дара қазақта» (он жетінші қара сөзі негізінде)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Абайдың он жетінші қара сөзінде айтылған даналық ойларынан ақыл, қайрат, жүрек сапаларын, олардың мәнін ұғыну. Оны өз сөздерімен жеткізе алу. Тірек сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем, мәтін құрастыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, сұлулық, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. Ақыл мен қайраттың пайдасы мен пайдасыз жақтарын біліп, жақсылығына басымдық беру түсінігін қалыптастыру.