Пәні:Қазақ әдебиеті
Сыныбы:10
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы. Отыз бірінші сөз.
Сабақтың мақсаты: 1. А.Құнанбайұлының қара сөздерін оқыта отырып,толық мәлімет беру, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.
2. Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
3. Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны, іскерлікті қолдану сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс,тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті,интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
∙ Абайдың өлеңін мәнерлеп жатқа айту.
∙ Өлеңнің идеялық мазмұнын топтастыру.
3. Жаңа сабақ.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді»
М.Әуезов.
А.Құнанбаевтың өлеңдері мен поэмаларымен таныстыңдар.Мына кестені толтыру мақсатында біз бүгін Абайды тағы бір қырынан танитын боламыз.
Ой қозғау. Оқушыларға ББҮ кестесін толтырту.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.
Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде жазды.
Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман, повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады.
Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық ой, ақыл-нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қара сөздерінің жанрлық, стильдік ерекшеліктері ғалымдардың зерттеуінше былайша топтастырылады. Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.
Интерактивті тақтадан Абайдың 1- қара сөзін тыңдата отырып, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.
Мағынаны тану сатысы.Балалар,бүгін біз Абай Құнанбаевтың жиырма тоғызыншы қара сөзі мен отыз бірінші қара сөзімен танысамыз.
Тақтадан жиырма тоғызыншы қара сөзін тыңдатып,талдау жасау.
Кестені толтыру.
Мақал-мәтелдер
|
Абайдың сыны
|
Оқушы пікірі
|
|
|
|
« Зерек ес», «есте сақтау», «ақыл» деген кілт сөздер беріліп,балалардың ойларын тыңдау. Балалар, сабақты тез әзірлеу үшін есті қалай шыңдауға болады? деген сұрақ қойылады.
Зерек ес – психологиялық күрделі процесс. «Ес – ақыл қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы ғана есті зерек ете аласың. Осыны жадыңа тұт.
Абайдың «Отыз бірінші сөзін» тыңдату.
Ауызша жұмыс.Мәтін бойынша сұрақтар қою.
Мәтінде не туралы айтылған?
Есте сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет?
Өзің өмірде естіген нәрсеңді ұмытпас үшін не істейсің?
Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін топтастыр.
Ой кеселдерін ата.
Ой кеселдерінен бойыңды аулақ ұстау үшін қайтер едің?
Ғибратләну, уайымсыздық, салғырттық сөздерінің синонимдерін жазу. түсіндірме сөздіктен қарай отырып, мағынасын жаз. (Тақтамен жұмыс)
Тақтамен жұмыс.Қара сөз. Сөзді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жаса.
Қарасөз
1. Бұл сөз екі құрамнан тұрады. Қара + сөз
2. Тұлғасына қарай – туынды. Себебі екі сөздің
тіркесуі арқылы жасалған туынды сөз.
3. Құрылысына қарай – күрделі, тіркесті сөз.
4. Сөзде 1 лексикалық, 1 грамматикалық мағына
бар.
5. Лексикалық мағынасы – көркем әдебиет
жанрына берілген атау.
6. Грамматикалық мағынасы – зат есім.
7. Қара сөз – не? деген сұраққа жауап береді.
Шығармашылық жұмыс. Өзің қалаған тақырыпта Абайша қара сөз жазып көр.
Ұсынылатын тақырыптар.
* Күлкішілдік
*Зиянды әдеттерге құмарлық
Қорытынды.
Кестедегі «Үйрендім» ұяшығын толтыру арқылы сабақты бекіту.
Мұғалімнің сөзі. Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл, Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ақын С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады. Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.
Үйге тапсырма: Мен естіген нәрсемді ұмытпас үшін…
(Сөйлемді өз ойыңмен ұштастыр.)
Бағалау.
7 сынып, Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері. Жиырма тоғызыншы қара сөз.
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты. оқушыларды сабақ барысымен таныстыру, ақынның дарындылығын дәріптеу, оның қара сөздерімен таныстыру;
Дамытушылық мақсаты. оқушылардың өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өзінше ой түюге үйрету, сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу, арқылы оқушының сын тұрғысынан ойлап, ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізу. Өз-өзіне баға беріп, өз-өзіне сын тұрғысынан қарай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты. оқушыларды адамгершілікке, еңбекті сүюге, тәрбиелеу, дұшпандық істерден сақтануға шақыру.
Сабақтың түрі: өнеге сабақ
Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлап, талдау жасау және өз пікірін қорғау
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
- оқушылармен сәлемдесу
- сыныпты түгелдеу
Сабақтың жоспары.
І. Ой қозғау. Нені білеміз?
Өткен сабақта Абайдың өмірі, ақындығына, оның шығармаларына тоқталған болатынбыз. Сонымен бұл бөлімде үй тапсырмасы бойынша Абай жөнінде сұрақтар қойылады. «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерін жатқа сұралады.
ІІ. Ой толғау. Нені білдік?
Бұл бөлімде Абайдың қара сөздерімен танысып, соның ішінде Жиырма тоғызыншы қара сөзбен танысамыз.
Оқушылар «Жарлы болсаң, арлы болма», «Қалауын тапса, қар жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» мақалдарының мағынасын мына кестеге жаздырып, Абайдың түсіндірмесімен салыстырамыз.
Мақал-мәтелдер Оқушының ой-пікірі Абайдың сыны
«Жарлы болсаң, арлы болма»
«Қалауын тапса, қар жанады»
«Атың шықпаса, жер өрте»
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
«Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»
ІІІ. Ой қорыту. Нені білгіміз келеді?
Бұл бөлімде мына сұрақтар төңірегінде пікірлесу жүргіземіз:
1. М.Әуезов Абай қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі туралы қандай пікірлер айтады? Сен не айтар едің?
2. Қай мақалға айтқан сынына қосыласың? Себебін дәлелді түрде айту.
3. Қай мақалға айтқан сынға қосылмайсың? Себебін дәлелді түрде айту.
«Бес жол өлең» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз..
1. Зат есім (1 сөз) . . .
2. Сын есім (2 сөз) . . .
3. Етістік (3 сөз) . . .
4. Пысықтауыш (4 сөз тіркесі) . . .
5. Түйін сөз ( 5 сөзден құралған түйін сөйлем) . . .
Үй тапсырмасын беру
«Ата-анадан тәтті жоқ», «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» тақырыптарында шағын шығарма жазу
Абай Құнанбайұлы. Он жетінші қарасөз
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы терең ұғындыру, қарасөздерін оқыту арқылы адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы асыл қасиеттер болуы үшін күресе білуге, мәтін тақырыбын аш білуге үйрету.
Ә) дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ой қорыта білуге, аз сөзбен түйіндеуге баулу, тіл байлығын дамыту.
Б) Тәрбиелілігі: ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге адамгершілікке, адалдыққа, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу, жаны ізгілікке жақсылыққа толы азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау, топтастыру, рөлге бөліп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті, бүктеме, интерактивті тақтадан слайдтар,
тірек-сызба, үнтаспа, кітаптар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа келмеген оқушыларды анықтау, сабақтың құрал-жабдықтарының, сынып бөлмесінің әзір екенін тексеру. Назарын сабаққа аудару. Абайдың әні орындалады.
Үй тапсырмасы: М.Әуезов
«Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты, өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты»
Абайдың суреті, туған жер көрінісі
Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында Шыңғыс тауында дүниеге келген.
Слайд арқылы Абайдың өмірі, шығармашылығына тоқталу.
М.Әуезов суреті.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді»
Абай өлеңдерін топтастыру арқылы үй тапсырмасын пысықтау, қорыту
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Абай-дана, Абай дара қазақта» (он жетінші қара сөзі негізінде)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың он жетінші қара сөзінде айтылған даналық ойларынан ақыл, қайрат, жүрек сапаларын, олардың мәнін ұғыну. Оны өз сөздерімен жеткізе алу. Тірек сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем, мәтін құрастыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойында ізгілік, мейірім, сұлулық, адамгершілік сапаларының жетекші сапалар ретінде қалыптасуына құлшыныс тудыру. Ақыл мен қайраттың пайдасы мен пайдасыз жақтарын біліп, жақсылығына басымдық беру түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық (кәсіби-біліктілік): оқушылардың өзара пікір алысу,, ортақ ьой тұжырымдау, оны көпшілік алдында айта алу дағдыларын жетілдіру. Ұжымда өзара әрекеттестікте жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту.
Сабақтың тегі: меңгерген жаңа материалды жинақтау және жүйелеу сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ, рөлдік ойын, пікірталас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік әдістер, сыни ойлау әдісі, ойға шабуыл, ойталы, пікірсайыс , коммуникативті әдіс, проблемалық ізденіс әдісі.
Сабақтың жабдығы: «Абай қара сөздері» (Семей 2001жыл). Абай энциклопедиясы, Абай шығармаларының жинағы. Г. Құрманбай. «Абай қарасөздері»-сабақта. Оқу құралы.
Жұмыс дәптерлері, таратпалы материалар, техникалық құралдар, суреті
1. Сабақтың барысы:
2. Ұйымдастыру.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
3. Үйге берген тапсырмаларды тексеру.
Оқушылар өздеріне ұнаған қарасөздерін жатқа оқиды. Талап: Абай қарасөһздерін оқуға шығармашылық шешім табуы керек. (Ақылдасуға, айтуға, қойған сұрақтарға жауап бергендеріне 10 минут уақыт беріледі).
Оқытушы өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырады.
-Балалар, өткен сабақта Абайдың он жетінші қара сөзінің мазмұнымен танысып, біраз оқушылар Абайдың он жетінші сөзіне келіспейтіндіктерін білдірген еді. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша, бүгінгі сабағымызды он жетінші сөзге арнаймыз, пікірсайыс өткіземіз. Пікірсайысты бастамас бұрын он жетінші қарасөзде не туралы айтқан еді» Баршамызға түсінікті болу үшін мазмұнымен таныстыра кетейік. (Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогі. 5 минут).
Мұғалім: - Балалар, Абай осы он жетінші қарасөзіндегі ойын өлеңімен бекіткен деп едік қой. ОЛ қай өлеңі еді? Кім оқиды? Бір оқушы «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» өлеңін оқиды. (1 минут).
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек , Бәрін жүректі билет дейді, ал енді сендер не дейсіңдер»?
4. Меңгерген материалд жинақтау және жүйелеу мақстында он жетінші қарасөзге пікірсайыс, яғни дебат өткізу.
Төреші дебаттың шарттарымен таныстырады (1 минут)
Дебат (20 минут) Резолюция: «Ақыл мен қайрат жүрекке бағынуы шарт па?» Бәрін жүрекке билет деген дұрыс па?»
Шарты:
а) әр оп өз тұжырымын өмірімен саақтастыра дәйектеу керек;
ә) бір-біріне сұрақ қоюы, жауап беруі;
б) бір-бірінің пікіріне сын айтуы, өз пікірлерін дәлелдеуі.
Мақсаты; Нақты тапсырма бойынша өз пікрін дәйектеп жеткізуге және қарсыластарымен пікірсайысуға, сұраққа да нұсқа жауап беруге дағдыландыру.
Бағалау шрттары:
-пікірлерін түсінікті әрі жүйлі жеткізе алуы;
- өзгелердің пікірлерін сараптай алуы:
- өз тұжырымдарын дәлелдей білу дағдылары;
-өз мәдениеті және сөйлеу мәдениеті.
Тапсырма: Қарсы тп оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты екі сұрақ дайындаңыздар (2 минут)
Мақсаты: оқушыларды сұрақ-жауап негізінде өзара сұқбаттасуға, бір-бірінің жауабындағы мәнді немесе басы артық пікірлерді саралауға төселдіру
Бағалау шарттары:
- сұрақты дұрыс қоя білу іскерліктері;
- өзгелердің сөзіне сын көзбен қарап, бағалай алу дағдылары:
- өз пікірін әдеппен жеткізе білуі.
Төреші қай топтың жауабы дұрыс болғанын айтады.
Тапсырма: Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, Абай туралы
шағын мәтін құрап айтыңыздар:
толық адам, ақын нәр алған қайнар бұлақтар, өлеңдердегі сыр, қарасөздердегі мұң, ұлттық мәдениеттің үлгісі.
Бағалау шарттары:
-сөз мағыналарын дәл ажыратып, сөздерді дұрыс қолдану;
тірек сөзден сөйлем, одан біртұтас мәтін құрау дағдылары;
мәтіндегі ойдың мазмұнын жеткізе білу.
Тақырып бойынша оқушылар түйіндемесі.
Үйге тапсырма: «Болмасаң да ұқсап бақ! » (Абай қарасөздеріне ұқсатып өз қарасөздеріңді жаз).
Қорытынды.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазғанмын Абайдың үлгісіменен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден...
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-
депті XX ғасырдың атақты ақыны Мұқағали Мақатаев
Қадірлі оқушылар, сендердің жүректеріңде де дара Абайға, дана Абайға орын бар деп білемін. Абай жаққан сәулені сөндірмеулеріңді өтінемін. Рахмет сендерге!
Әдебиет пәні 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Абайдың “Он жетінші қара сөзі”
Сабақ мақсаты:
а) Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философияның ойды түсінулерін;
ә) Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтіннен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
б) Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
Сабақ түрі: топтық
Сабақ типі: жаңа білім беру
Сабақтың өту әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, түсіндіру әдісі, рөлге бөліп оқу, талдау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, интерактивті тақта, слайд-шоу
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
II. Мақсат қою
III. Жаңа сабақ. Психологиялық тренинг
І Өткен сабақта біз қай ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстық?
ІІ Абай – ұлы ақын, аудармашы, сазгер, мысалшы, ағартушы, философ дейсіздер кім дәлелдейді?
Абай: - аудармашы, мысалшы, сазгер, ақын
- Сонымен, балалар, Абай ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған сазгер болуымен қатар ғалым, философ, ойшыл болған екен. Бүгінгі сабақтың мақсаты – ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отырып “Он жетінші қарасөзді” меңгеру.
(Дәптерге күннің жады мен тақырып жаздыру).
Қарасөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың “ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз. Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы “Абай” журналында жарық көрген. Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.
(Абайдың бірінші қарасөзін оқиды).
I топ “Ақыл”
II топ “Қайрат”
III топ “Жүрек”
IV топ “Ғылым”
(Топтан әр оқушы шығып, мәтінді оқып 3 минут береді, түсіндіреді, қайтып өз тобына келіп айтады. Мәтін 4 бөлікке бөлінген).
Мәтінде қандай түсініксіз сөз кездеседі?
Ғақлия, ғибадат, ахирет, нәдәсі.
Салыстыру.
- Балалар, өткен сабақта Абайдың ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерін тауып, осы жаңа тақырыппен салыстырып кел деген болатынмын.
Жаңа тақырыптағы қайрат, ақыл, ғылым, жүрек туралы ой мен бұған дейінгі айтқан ойларын салыстырып көрейікші. Қай өлеңмен сәйкес келеді?
“Ақыл” тобы: Әуелде бір суық мұз - ақыл, зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек
“Қайрат” тобы: Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек
“Жүрек” тобы: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек
“Ақыл” тобы: Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жолда жоқ жарыместі “жақсы” деме
“Жүрек” тобы: Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек
“Ғылым” тобы: Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
“Ғылым” тобы: Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,
Білгендердің сөзіне,
Махаббатпен ерсеңіз.
Дәлелдеу.
Қайсысының айтқаны дұрыс?
1. Әр топ өзінің атына сәйкес, яғни “ақыл” тобы ақылдың айтқанының дұрыстығын өз сөзімен, өмірмен байланыстырып дәлелдеу.
Ал, “ғылым” тобы әр топтың айтқан жауабына баға бере отырып, кемшілігін, жетістігін айтады.
2. Абай неге адамның көп қасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек – үшеуін ғана таңдап алған? Неге ғылымға төресін айтқызған?
3. Сендердің өз бойларыңда осындай сипаттар бар ма?
Сергіту минуты “Сен Абайды білесің бе?” ойыны
Бекіту. Табанының топырағы көзге сүртерлік, қасиетті, толық, идеалды адам болудың жолдары үшін қандай қасиеттерге ие болуларың керек?
Ал, егер үшеуі бір адамнан табылмаса қайсысын таңдар едің?
Құдайшылыққ сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды.
“Құран кітабы” сүре
“Рафт” ойыны
Үйге тапсырма
1.Абайдың өмірін, шығармашылығын білу.
“Он жетінші қарасөздің” мазмұнын білу.
Рөлге бөліп жаттау.
“Мен кіммін” деген тақырыпта шағын шығарма жазу.
Сабақтың тақырыбы: “Абайдың қара сөздері”
Сабақтың білімділік мақсаты: Абайдың қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру.
Дамытушылығы: Ақын жан-жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып,оқушылардың ақыл-ойларын дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Абай шығармашылығында кең таралған кәсіптің түрлі салаларын меңгеруге, адал еңбек етуге үндеу, тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Иллюстративті-түсіндірмелі,ынталандыру, сөздік әдісі, ақпарат беру әдісі,оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Абайдың қара сөздері (аудио түрінде жазылған), слайд, қара сөздері толық нұсқаларымен, суреттер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу) 2. Үй тапсырмасы (сұрау, бекіту сұрақтары) «Ескендір» поэмасынан үзінді (оқушылар жатқа айтады) (сөз жұмбақ гиперссылка арқылы ашылады.)
1.Абай “Масғұт” поэмасында көпшіліке нені үлгі етеді?
2.“Ескендір” поэмасын Еуропа ақындарына қоса, шығыстың қай
ақыны жырға қосқан?
3.Абайдың дүниежүзілік озық шығармалары?
4.Абай орыс жазушылары Крыловтың, Пушкиннің және тағы қай ақынның
шығармаларын аударған?
5. Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым,гуманист?
3. Негізгі бөлім Жаңа сабақ (түсіндіру,видеоролик гиперссылка арқылы ашылады.)
Абайдың қара сөздерінің саны -45.Қара сөз – арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс ( слайд арқылы көрсетіледі)
Ғақлия – көркем сөз, дана сөз, асыл сөз
Ләкин – бірақ (он сегізінші сөз)
Дәрілхарап – қауіпті, бүлінген (Жиырма бесінші сөз)
Хикмет – керемет, ғажайып, сыр, ақыл (Жиырма бесінші сөз)
Дауғасына – талас, тартыс, айтыс ( Жиырма бесінші сөз)
Ғибратлану- үлгі,өнеге, сабақ алу (Отыз бірінші сөз)
Оқушыларға Абайдың бірінші, екінші, үшінші, төртінші қара сөздері аудио жазба түрінде тыңдатылып, ауызша талдаймыз. 4. Қорытынды ( тапсырмалар беру)
Тапсырмалар (слайдтан көрсетіледі)
1-тапсырма. Абайдың он жетінші қара сөзін рөлге бөліп оқыңыздар (ақыл, жүрек, қайрат, ғылым)
2-тапсырма.Абайдың бесінші қара сөзіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазып, талдаңыздар
«Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», «Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым – береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без»
3-тапсырма.Абайдың он екінші, он бірінші, он тоғызыншы қара сөздерін оқып, мазмұнын ашыңыздар
4-тапсырма. Ақпаратпен толықтыру (оқулықпен жұмыс, оқушылар берілген мәтіннен жасырын сөзді табады 109-112 беттер аралығында)
1.Бұл қарасөздер -көркем әңгіме емес, алайда олардың _______ ______ , мақала, ғылымдық, _________ шолулар деп қарастыруға болады.
2.Абай поэзиясында жиі кездесетін “_____” мен “______” ұғымын оның адам ___________ рөлін, өміріндегі қызметін өзіндік __________ кең талдап түсіндіреді.
3.______ қара сөздері өз _______ тарихи шындығынан туған.
4.“Сөз _________ жұртқа сөз айтқанша, __________ танитұғын шошқаны баққан жақсы деген екен ______ ________, сол секілді сөзө болады”. – деп аяқтайды
Абай өзінің _________ арқылы да тілімізді _____ _______ әдебиетінде ____ белеске шығарды.
Н.Ә. Назарбаев: «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен» деп сабағымызды қорытындылаймыз.
5. Үй тапсырмасын беру «Абайдың қара сөздерін жатқа айту» (түсіндіру әрбір оқушы бір-бір қара сөзден жаттау)
6.Бекіту (белсене қатысқан оқушыларды бағалау)
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Абайдың қара сөз жазудағы ерекшелігін меңгерту. Афоризм жазудағы ақынның тіл шеберлігін таныту
Тәрбиелік: Оқушыға көркем ойдың айнасы – көркем сөз екендігін үйрету, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Танымдық белсенділіктерін арттыру, сын тұрғысынан ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әдісі: баяндау; сұрақ жауап, топпен жұмыс
Түрі: дәстүрлі сабақ Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Көрнекілігі: Абай қарасөздері, Абай афоризмі, интерактивті тақта
Барысы: І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Абай «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жатқа сұрау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Абайдың өлеңдерін тақырып бойынша топтастыру, табиғат, адамгершілік, өнер – білім лирикасы.
ІҮ. Жаңа сабаққа әзірлік.
Абайдың өмірінің соңғы кезінде жазған шығармаларын кім біледі? Қанша қара сөзі бар?
Ү. Жаңа сабақ
Мағына тану Міне, өздерің айтқандай Абай ХІХғ 90- ж өзінің ой толғаныстарын қара сөздермен жазған:
Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы.Алтынсариннен басталады.
Одан әрі қарай дамытушы Абай болды.Абайдың қара сөздері көркем әңгіме емес,ғақлиялық даналық сөздер.
Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар.Сөйлемдері қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық ғибрат беруді көздей құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол сұрауға өзі жауап беруге тырысады.Немесе өзімен-өзі кеңесу, ой пікір білдіру үлгісінде құрылған.
Қара сөздерінің жалпы саны – 45.Оларды тақырып жағынан бірнеше топқа бөлінеді.
1Халық тарихы, ел басқару мәселесі: 13,8,22,38, 7, 41, 42, 46 сөздер.
2.Оқу – ағарту ғылым, өнер – білім: 12,8,10,17,18,25,32,33,38,43 сөздер.
3.Еңбек,шаруашылық,тұрмыс,туралы,адамгершілік:14,15,17,18,21,22,28,34, 42,44сөздер.
4.Діни имандылық,өмір сырлары туралы:12,13,15,17,31,35,36,37 сөздер
Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері
Мақала мысал өсиет афоризм дидактикалық насихат өсиет көркем сөз
ҮІ. Сабақты бекіту.
1.Қорытынды сөз. «Қара сөздері» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебі 1900 – 1904 жылдар аралығында жүрек ауруының асқынуы салдарынан ұлы ойшыл өндіріп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтіп ол 1904ж 23.ҮІ 59 жасында дүниеден қайтты.
2.Абайдың қара сөздерін тақырыптық тұрғыда талдау.
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Абайдың қара сөздерін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |