Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні:Информатика
Сыныбы: 6
Мерзімі: 29.04.2015 жыл. 1/30 сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету. (қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға POWER POINT бағдарламасы арқылы, қарапайым анимация жасау жолдарын практика жүзінде үйрету. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, оқушының информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
анимациялық эфектілермен таныса отырып, объектіге енгізіп, түрін өзгерте білу.
тақырып бойынша білімдерін пысықтап, практикада қолдану.
сабақ бойынша белгілі бір ой қорытындылар жасау.
өз бетінше слайд жасау.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда АКТ –ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Оқыту технологиясы мен стратегиялары: дамыта оқыту жүйесінің сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының «диалог негізінде оқыту», «ой қозғау стратегиясы», сұрақ – жауап, топпен жұмыс, блумның сұрақ қою өлшемі, миға шабуыл, сергіту сәті, рефлексия, өзін - өзі, бірін – бірі бағалауы.
Күтілетін нәтижелер:
топта жұмыс істей алуы;
өз көзқарасын дәлелдеп, тұжырымдай білуі;
алған жаңа ақпараттарын тиімді, ұтымды қолдана білуі;
Мұғалім үшін оқу нәтижелері:
Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың өзін және сыныптастарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, АКТ, слайд көрсетілімі, компьютерлер, флипчарт, А3 парағы, маркерлер, стикерлер, қима қағаздар, кері әсер парағы, өзін - өзі басқару дәптері, бағалау парағы, маркерлер, стикерлер,
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері, уақыты
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің
іс - әрекеті
|
Оқушының
іс - әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
І. Кіріспе
5 мин
|
Психологиялық ахуал
Ұйымдастыру кезеңі
Тұлғааралық байланыс орнату
Топқа бөлу
|
Оқушылармен амандасамын.
Сабаққа назарын аударамын.
«Жүректен жүрекке» шаттық шеңбері.
Оқушыларды топқа бөлемін.
|
Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер айтады, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. .
Оқушылар екі түрлі конфет арқылы топқа бөлінеді.
|
«Жаксы»
«Өте жаксы»
|
Конфеттер
Топтың дайындығын білдіретін әр түсті белгілер.
|
ІІ.Тұсаукесер
10 мин
|
Өткен сабақты бекіту
|
Әр оқушы өздері дайындап
келген “ПРЕЗЕНТАЦИЯ” тақырыбындағы
сөзжұмбақтарын жасырады.
|
Барлық оқушылар өздерінің үйде дайындап әкелген сөзжұмбақтарын шешеді.
|
«Өте тамаша!»
«Жарайсыңдар!»
Бағалау парағына топ бір-бірін бағалау
|
Интерактивті тақта, компьютер
|
ІІІ.
Негізгі бөлім
20 мин
|
Қызығушылығын ояту
Қайталау сабақ
Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Жеке компьютерде жұмыс
Шығармашылығы жұмыс
Сергіту сәті
|
«Желпуіш» стратегиясы бойынша сұрақ-жауап
«Палитра», «Графика» деп жазылған екі түрлі фигура арқылы оқушыларды екі топқа бөлу.
|
Әр оқушы сегіз бөліктен тұратын желпуіш жасайды.
Желпуіштің 4 бөлігіне өткен сабақтарды қорытындылай
отырып, 4 сұрақ жазады. 4 сұрақ жазылған желпуішті
сағат тілімен айналдыра отырып, әр оқушы берілген
сұрақтарға жауап береді.
Әр топ
“Астана – бас қала”
“Жайдарлы Жанаарқа” тақырыптарында 4 слайдтан жасайды. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
|
Бір-бірінің жұмысын жұлдызша арқылы бағалау
Бағалау парақшасына бағалау
Екі топ бір-бірін бас смайликтер арқылы бағалайды.
«Өте тамаша!»
|
Интерактивті тақта, компьютер, А4 парағы, маркер, стикер, дәптер, қалам, түрлі – түсті қағаз, қайшы, желім
|
ІҮ. Бекіту
5 мин
|
Рөлдерге бөлу
|
1. Информатика сабағы жүріп жатыр, бір оқушы компьютерде тұрған барлық ақпаратты өшіріп алды, оқушылар мұғалімге болған жайтты қалай түсіндіріп айтады.
2. Информатика сабағы жүріп жатыр, оқушылар қызу жұмыс үстінде, сыныпқа мектеп басшысы кіріп келді, оқушылар байқамай қалды.
|
Әр топ берілген жағдаятты оқи отырып, рөлге сомдайды.
|
Формативті бағалау
|
Тақтада ілінген ағаш, түрлі түсті жапырақ стикерлер,
А 4 қағазы
|
Ү. Қорытынды
5 мин
|
Үйге тапсырма
Бағалау
|
Microsoft Power Point
бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, “1 – мамыр – Халықтар достастығы” тақырыбына 10 слайдтан тұратын көрме дайындап келу.
Қорытынды баға шығару
|
Оқушылар күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақ басында таратылған бағалау парақшасында сабақтың әр тапсырмасын алған ұпайларын есептеп мұғалімге өткізеді.
|
Мұғалім смайликтермен белсене қатысқан оқушыларды бағалайды
|
Күнделік
Бағалау парақшасы критерийлер
|
Достарыңызбен бөлісу: |