Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтбаев. Сабақтың мақсаты:Көрнекті ғалым ,қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру.Тәуелдік жалғауларын қайталау.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып,оқушылардың байланыстырып сөйлеуін , әдеби тілін қалыптастырады,сөздік қорын молайтады.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып, ой - өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелейді, отансүйгіштік сезімдерін арттырады. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырады.