Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы Алгебра 9 сынып



бет1/5
Дата21.04.2017
өлшемі463,76 Kb.
#14376
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Арқалық қаласының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін гимназиясы» мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы:

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Алгебра 9 сынып

Сабақты өткізген: Абилгазин Базархан Жумашович - математика пәні мұғалімі

4 желтоқсан 2015 жыл



4.12. 2015 жыл. Сыныбы: 9а Пәні:Алгебра

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің

қосындысының формуласы туралы алған білімін есептер шығаруға қолдану

дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: Білімділік.Жаңа сабақты өз беттерімен игеру. Пән бойынша білім-білік дағдылары қалыптастыру.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

Дамытушылық. Жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу.

Тәрбиелік.Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылық және тиянақтылыққа, шығармашылық белсенділікке баулу, көпшіл,ұйымшыл болуға тәрбиелеуге күш салу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ізденіс, сұрақ – жауап, сарамандық.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.

Өткізілуі:Топпен

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап »

(үй тапсырмасын тексеру)

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Топпен жұмыс

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Қорытындылау .



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

ә) Сабақтың мақсатын түсіндіру;

ІІ.Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап. (слайд)

1.Сан тізбегі дегеніміз не?

2.Сан тізбегінің берілуінің қандай тәсілдерін білесіңдер?

3.Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды?

4.Арифметикалық прогрессияның айырымы деп қандай санды атайды?

5.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңдар?





№ 172, №178


ІІІ.Жаңа сабақ. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы.

Ой толғау: 1. Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды?

2.Арифметикалық прогрессияның айырымы деп қандай санды атайды?

3.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңдар?

4. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы неге тең және қандай формула арқылы есептеледі?



Прогрессия тарихынан: Мұғалім 4 сынып оқушыларына 1 – ден 100 – ге дейінгі натурал сандардың қосындысы неге тең болатынын сұрайды, сонда ойланбастан 4 сынып оқушысы

Карл Гаусс - 5050 деп жауап береді.Мұғалім бұған таң қалады.Ал енді Карл Гаусс қалай есептегеніне тоқталайық.



Ι топ
Мысал:1.Алғашқы елу натурал сандардың қосындысын есептеп көрейік:

Ізделінді қосындыны S арқылы белгілеп, алдымен өсу ретімен,сонан соң кему ретімен орналастырып, екі рет жазып шығамыз:

S=1+2+3+…+48+49+50,

S=50+49+48+…+3+2+1.

Бірінің астына бірі жазылған сандардың қосындысы 51-ге тең, ал жұптар саны 50-ге тең.

2S=51*50


S= =51*25=1275. Қорытындылау.

ΙΙ топ

Тапсырма: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын қорытындылап шығару



ΙΙΙ топ

Теорема: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы шеткі мүшелерінің қосындысының жартысын барлық мүшелер санына көбейткенге тең.

 арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табайық: Sn123+...+аn-2n-1n

Snnn-1n-2+…+а321



2Sn=(а1n)*n

Sn= *n (1) аn-нің орына аn1+(n-1)*d қойсақ онда :

Есеп №1. Штангист салмағы 45кг штанганы көтерді.Әрбір келесі көтергенде, салмақты 5 кг арттырып отырды.7 рет қатарынан көтергенде штангист қанша кг салмақ көтереді?



Каталог: uploads -> doc -> 0c62
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c62 -> Сабақтың көрнекі құралдары: флипчарт, слайдтар, фишкалар акт дарынды балаларды оқыту
0c62 -> Әңгіме- дебат Топтық әңгіме Зерттеушілік әңгіме
0c62 -> Сабақ Мектеп : Ақсай қаласы №4 жоббм мерзiм 5а(17. 11. 15) ә


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет