Күні:
Сыныбы: 9б
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның формулаларын пайдаланып есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, формуланы пайдаланып есептер шығару, есептер шығаруды өмірмен байланыстыра шығару
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (білімді тексеру және бағалау сабағы)
Сабақтың көрнекілігі : Интербелсенді тақта, карточкалар, сөзжұмбақ
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, салыстыру, деңгейлік тапсырма
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. /Психологиялық дайындық/
2.Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ басшыларын таңдап («аn», «Sn» , «n», «d» жазуларын суыру бойынша)
Оқушыларға дұрыс психологиялық ахуал туғызу
Психологиялық дайындық.
Ерте заманда бір ескі қалада бір ақылды,дана адам мен ашушаң, долы адам өмір сүріпті. Сол ашулы адам үнемі дана адамның ақылдылығына қызғанып жүрді. Күндердің күнінде долы адам ақылды адамға жауабын табуға болмайтын бір қиын сұрақ қоймақшы болады. Сөйтіп жүріп, ол даладан ұшып жүрген көбелекті ұстап алады. Ол көбелекті қолына қатты қысып алып, дана адамға сұрақ қоюға барады. Егер дана адам тірі деп айтса, қолымен қысып тастаймын, ал өлі деп айтса, жібере саламын деген ойы болды. «Ей, дана адам! Менің саған қоятын бір сұрағым бар» – депті. «Ол қандай сұрақ" - деп сұрады дана адам. Сонда долы адам: «Менің қолымда көбелек бар, ол көбелек тірі ме, әлде өлі ме? Кәне, ақылды болсаң, осы сұраққа жауап тауып көрші» - депті. Дана адам оған былай деп жауап берді: «Көбелектің тірі болуы, әлде өлі де болуы бәрі сенің қолыңда».
Өмірде қиын кезеңдер де, жақы жағдайлар да болады. Ол қиыншылықтарды жеңіп шығу сендердің қолдарында. Ендеше «Бәрі сенің қолыңда» деген дана адамның сөзін бүгінгі сабақтың ұраны ретінде таңдап алып, бүгінгі сабақтағы тапсырмаларын орындауға кірісейік.
Осы арада оқушылар көңіл-күйлерін сұралды,көңіл-күйлерін смаиликтермен көрсетті.
в) Сабақтың мақсатымен таныстыру
3. Үй тапсырмасын тексеру. Дәптерлерін жинап алып тексеріп шығу.
4. «Сөзжұмбақ шешу»
1-топ
1. Квадраттық функцияның графигі.
2. Дәлелдеуді қажет ететін тұжырым
3. Жазықтықтағы нүктенің орнын көрсететін сандар жұбы.
4. Жазықтықтағы центрі берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелерден құралған фигура
5. у осі
6. five сөзінің қазақшасы
7. екі жағы шектелген түзу
8. 900- тан кіші бұрыш
9. Кеңістіктегі фигура
10. Түзу сөзінің орысшасы
2-топ.
Прямая сөзінің қазақшасы
Фигураларды зерттейтін 7-сыныптан басталатын пән
Құрамында табуды қажет ететін белгісіз саны бар өрнек
Х осі
Геометрияның негізгі ұғымдарының бірі «Отрезок» сөзінің қазақшасы
Nine қазақша
Барлық қабырғалары тең төртбұрыш
900-қа тең бұрыш
Кеңістіктегі фигура
3-топ
7 сыныптан бастап өтетін ежелгі Вавилон және Мысырда дамыған математиканың бөлімі
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары
900-тан үлкен бұрыш
9; 7; 5; 3;...қандай тізбек
Eighty сөзінің қазақшасы
Құрамында табуды қажет ететін белгісіз саны бар өрнек
Бір жазықтықта жатпайтын 3 нүктеден құралған фигура
Египеттегі фигура
Кеңістіктегі фигураларды зерттейтін геометрияның бөлімі
4-топ
тік бұрышты үшбұрышқа байланысты теорема
Египеттегі фигура
Нүкте орысша
Eight қазақша
Арифметикалық прогрессияда d деп белгіленеді
Құрамында табуды қажет ететін белгісіз саны бар өрнек
Х осі
Минус таңбалы сан
Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғасы
Арифметикалық прогрессияның берілу тәсілдерінің бірі
5. «Ой қозғау». Ауызша тапсырмаға берілетін сұрақтар
1-топ
1.Тізбек ұғымының анықтамасын айтып, мысал келтір.
2.Тізбектің берілу тәсілдерін ата
3.Өспелі және кемімелі тізбек деп қандай тізбектерді айтамыз
4.Бірсарынды болатын және болмайтын тізбектердің анықтамасын айт
2-топ
5.Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтір
6.Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атайтынымызды түсіндір
7.Арифметикалық прогрессия қай кезде өспелі, қай кезде кемімелі болады
8.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын тұжырымда
3-топ
9. Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеті қалай тұжырымдалады
10. Арифметикалық прогрессия деп қандай тізбекті айтамыз?
11. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-мүшесінің қосындысын қалай табамыз?
Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтір
4-топ.
Тізбек ұғымының анықтамасын айтып, мысал келтір
Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтір
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын тұжырымда
Арифметикалық прогрессия деп қандай тізбекті айтамыз?
Есептер шығару.
6. Есептер шығару.
1-топ.
№1 Дәрігердің кеңесі бойынша демалушы адам 5 минуттан күннің көзіңе шығып отырды. Ал келесі күнде күннің көзіңе шығу уақытын 5 минутқа артып отырды. Неше күннен кейін оның күннің көзіңе шығу уақыты 40 минутты құрайтын болады?
Шығарылуы: а1 =5,а2=10. n=? an =a1+(n-1)d, 5+(n-1)∙5= 40
n=8
Жауабы: 8 күннен кейін.
2-топ. Жүк машинасы 210 тонна кірпіш кесектерін тасып бітіруі керек. Жүк машинасы массасын өзгертпей күн сайын кірпіш кесектерін тасыды. Бірінші күні 2 тонна жук тасыса, онда барлық жүкті 14 күнде бітіреді. Сонда жүк машинасы 9-шы күні қанша тонна кірпіш кесектерін тасыды? Шығарылуы: а1=2 т, S14=210; а9=?.
S14= (а_1+а_14)/2∙14; (а_1+а_14)/2∙14=210,
а_1+а_14=30, а_14=28,
d=(а_14- а_1)/13∙13=(28-2)/13=2.
а9= а_1+8d=2+8∙2=18 (тонна) Жауабы: 18т.
3-топ. Еркіннің ата-анасы туған күніне баласына ұялы телефон сатып алып беруді ұйғарды. Ол үшін 10 ай ақша жинады. Бірінші айда 650 тг салса, келесі айда салынған ақшадан 50 тг артық ақша салып отырды. Еркіннің ата-анасы 10 айдан кейін қанша ақша жинайды ?
Шығарылуы: а1=650 тг. d=50, S10=?
S10= ( 2 а_1+9d)/2∙n = (2∙650+9∙50)/2∙10=(1300+450)/2∙10=8750 (тг).
Жауабы: 8750тг.
4-топ. Базарбайда көп жылқы болды. Жылқының ең нашары 4 алтын, ал ең жақсысы 55 алтын тұрады. Жылқының әрқайсысының бағасы келесіге қарағанда 3 алтын монетаға дейін өседі. Базарбайда барлығы неше жылқы болды? Шығарылуы: а1=4, а2=7 болса,d=3 тең. Ал аn=55,n=?
Сондықтан 4+(n-1)∙3=55.
n=18 Жауабы: барлығы 18 жылқы болды.
Қосымша есептер.
7. Үй тапсырмасын беру.
8. Рефлексия
9. Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.(Топ басшылар жургізген бағалау парағы бойынша).
10. қорытынды.
Өзара бағалау
Топ басшысы –
№
|
Оқушы
|
Үй тапсырмасы
Толық – 2 ұпай
Жартылай – 1
|
Сөзжұмбақ
Толық – 2
|
Топқа сұрақ
Жазса – 2
Жазып, әрі айтса
|
Есептер шығару
1есеп – 2 ұпай
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
9-10 ұпай «5» 7-8 ұпай «4» 4-6 ұпай «3»
Достарыңызбен бөлісу: |