Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, жұппен, жекелеп, талдау, сұрақ- жауап, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулықтар, үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, жаратылыстану,дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау)
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Өйткені қонаққа бір жануар келіп тұр. Ол не екенін айтындаршы?
-Арыстан Алекс, дұрыс айтасыңдар! Ол бізден көмек сұрап жатыр. Ол өз достарды жоғалып кетті. Оған көмектесеміз бе?
- Жақсы. Ендеше тапсырмаларды орындаймыз.
ІІ. 1.Үй тапсырмасын сұрау. 154 бет, 3- тапсырма.
2.Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Жолбарыс қандай аң? (жыртқыш, күшті аң)
-Жарайсыңдар! Ал енді қима қағаздар арқылы үй жұмысын тексеремін. Кестені толтыру үшін 1 минут беріледі. Содан кейін бір сөйлемнен оқыйсыңдар. (Керік Мэлман табылды)
ІІІ. Жаңа сабақ
-Жаңа сабақты өтпес бұрын, өткен сабақта танысқан сөздерді есімізге түсірейік.
Жыртқыш – хищный
Күшті – сильный
Оңай – легко
Өлтіреді – убивает.
-Жақсы! Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Арыстан»
Сабағымыздың мақсаты: жануарлар тақырыбын жалғастырып, арыстан жайлы өз білімімізді толықтыру.
-Алдымен балалар, жалпы жануарларға не жататынын атап өтейікші.
Жануарларға: аю, піл, жолбарыс, тасбақа, кит, керік, т.б. жатады.
-Осы аталған жануарлардың ішінен балалар, біз бүгін арыстан жайлы сөз қозғаймыз.
-Енді арыстанның қандай екенін білу үшін, бүгінгі сабақтың жаңа сөздеріне назар аударайық!
Достарыңызбен бөлісу: |