Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға ас қорыту мүшелерінің



бет2/2
Дата07.05.2017
өлшемі238,59 Kb.
#15846
түріСабақ
1   2

ІІІ.Жаңа сабақ

1. Қызығушылықты ояту

Ротация стратегиясы бойынша үш топқа плакаттар таратып беріп алғашқы білімдерін тексеру:

Бірінші топқа тыныс алу жүйесі және ас қорыту жүйесі жайында венн диаграммасын беру.

Екінші топқа ас қорыту жолы туралы ассоциация.

Үшінші топқа ас қорыту бездері туралы ассоциация.

Содан соң плакаттарымен төмендегідей тәртіппен ауысып ойлары толықтырылады. Осылай алғашқы білімдерін білу.












2.Мағынаны тану:



Тақырыпты түсіндіру.

Ас қорыту жүйесі ас қорыту жолы мен ас қорыту бездерінен тұрады. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 8-10м. Ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек және тоқ ішек, болып бөлінеді

Ауыз қуысының құрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт, жоғарысында қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағы тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы жұтқыншаққа өтеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі кішкене тіл түрінде болады.

Тіл мына аймақтарға бөлінеді: түбір, дене, ұшы. Түбірі -ащыны, ұшы -тәттіні, бүйір жағы қышқыл және тұзды дәмге сезімтал.


Жұтқыншақ - ұзындығы- 11-13см бұлшық етті мүше; онда ас қорыту және тыныс алу қиылысады. Төменгі жағы тарылып, өңешке өтеді.
Өңеш-ұзындығы, шамамен, 25см бұлшық етті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.

Асқазан- ас қорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2-3л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.

Аш (ащы) ішек- ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Оның ұзындығы 5-7м және үш бөлікке: ұлтабар, аш ішек және мықын ішекке бөлінеді.



Тоқ ішектің ұзындығы 1.5-2м және ол соқырішек, жиек ішек, тік ішекке бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі –ұзындығы 8-15см аппендиксі болады. Ол иммундық жүйенің мүшесі болып табылады.

Ұйқыбез. Ұйқыбез асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқаның деңгейінде орналасқан. Ұйқыбез өндіретін сілтілік реакция көрсететін ұйқыбез сөлі ас қорытуда маңызды роль атқарады. Бездің басты шығаратын өзегі ұлтабарға ашылады.



Бауыр- ең ірі без. Массасы, шамамен, 1500г . Ол қызыл қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр – күрделі түтікшелі без. Оның секреті – өт.

ІV. Жаңа сабақты бекіту



Рефлексия ( ой-толғаныс). Ойын арқылы тақырып бойынша сұрақтар қою, яғни интерактивтік тақта арқылы әрбір сәбіздің артында сұрақ тұрады соған жауап берген топқа сәбіздер ұпай ретінде есептеледі. Осылайша әр топ жарысады. Осы арқылы ой –толғаныс жүзеге асады.

V.Үйге тапсырма және бағалау

Топтардан сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма: тақырыпқа дайындалып, соңындағы сұрақтарға жауап беру, термин сөздерді жазу, сурет салып келу.



Головацкий атындағы мектеп Панфилов ауданы

Биология пәнінің мұғалімі:Рысбаева Г ульмира Бейсембаайқызы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет