_______________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ елінің бас қалалары.
Грамматика: күрделі сөздер.
Сабақтың мақсаты: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді меңгерту, Қазақстанның көне қалалары жайлы мағлұматтың қазақша атауларымен таныстыру, мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу дағдыларын, сөйлем құрай білу біліктіліктерін дамыту сияқты тілдік құзыреттіліктерін дамыту, азаматтық, басқарушылық, ақпараттық құзыреттіліктені игерту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, аударма, эвристикалық
Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта, , «Қазақ тілі» оқулығы.
Ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, өздік жұмысы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сары, көк, ақ түсті шеңбершелер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. Бағалау парағын тарату.
Үй тапсырмасын тексеру:
Қызығушылықты ояту: Тыңдалым. ЭО-тан бас қалалар жайында түсірілген бейне фильмдер көрсету. Сөйтіп, сабақтың тақырыбы ашылып, мақсат қойылады (оқушылар).
Негізгі бөлім:
Ой қозғау
|
Қазақстанның қазіргі астанасының тарихы, аталуы, ондағы ірі ғимараттар туралы білімдерін постерге салу, кластер. 5 мин.
|
Оқулықпен жұмыс
|
Оқылым. 1-тапсырма, жаңа сөздермен жұмыс.
3-деңгей тапс.
Айтылым. 2-деңгей.
Жазылым. 1-деңгей.
Спикер бағалайды.
|
Сөздікпен жұмыс
|
Аударма, түміндірме, орфографиялық сөздіктермен жұмыс (3-тапсырма бойынша)
|
Тілдік талдау
|
1-тапсырмадағы мәтінге лингвистикалық талдау жасалады. Спикер бағалайды.
|
Сергіту сәті
|
Қазақтың буын биінің қимылдары орындалады.
|
Тілдік талдау
|
Қол көрнекілікті пайдалана отырып, үлестірмелі дидактикалық материалдардағы күрделі сөздер, оның ішінде біріккен сөздер тапқызылады. Емлесі, құрамы анықталады, СКТалдау жасалады. Спикер бағалайды.
|
Қосымша материалмен ж.
|
Оқылым. Бас қалалар жайлы зерттеу жұмыстары жасатылады. Постер жасатылады. Спикер бағалайды.
|
Рефлексия:
Зерттеу жұмыстары бойынша кластер (постерде жасағандарын қорғау) жасалынады.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Үйге тапсырма:
1. Жаңа сөздерді жатта.
Янғикент, Орынбор, Баласағұн, Қызылорда... т.б. біріккен сөз атауларынан болған қала атауларын жазып, тұлғасына қарай талдау.
3. Әр оқушы бас қалалар бойынша 5-10 бет көлемінде презентация жасап келу.
Бағалау.
__________________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары
Сабақтың мақсаты:
білімділік:«Менің Отаным» модуль бойынша алған білімдерін пысықтап, қорыту
дамытушылық: оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту
тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекі құралдары: слайдтар, сөзжұмбақ.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, сөйлесу, әңгімелеу, тірек сызба жасау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
III. Өткенді қайталау
Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.
Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға отырайық, пойызбен бірге
қимылдаймыз. Алға!
(Экранда слайд «Пойыз», «Петропавл» вокзалы; «Көкшетау» вокзалы)
Балалар, біз Көкшетауға келдік. Көкшетаудан Астанаға жүру үшін мына тапсырманы орындау керек. «Көкшетау» сөзіне тірек сызба құрастырыңдар.
— Жақсы, жарайсыңдар! Енді тірек сызба арқылы Көкшетау туралы кім әңгімелеп береді? Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. пойызға отырамыз. Кеттік. (Экранда слайд «Пойыз», «Астана» вокзалы)
— Міне, біз Қазақстанның елордасы-Астана қаласына келдік.
— Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер? (Экранда слайд «Бәйтерек»)
— Жақсы, өлеңіңді жатқа оқып бере ғой.
— Кім Астанада болды?
— Астанада нелер бар?
— Нұрсан, сен Астананың қай жерінде болдың?
— Саған океанариум ұнады ма? Неліктен?
— Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық. Назарларыңды теледидарға аударыңдар. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, оқып, орысшаға аударыңдар. (Экранда слайд «Сөйлемдер»)
1. Қазақстан Республикасында ... астана болды.
2. Бірінші астанасы ... қаласы.
3. ... астанасы — Қызылорда қаласы.
4. ... астанасы — ... қаласы.
— Дұрыс, Қазақстан тарихында төрт астана болды. Астана күннен күнге көркейіп келе жатыр. Астана — біздің мәртебеміз, мақтанышымыз.Тапсырмалар жақсы орындалды, сондықтан саяхатымыз жалғасады.
— Пойызға отырыңдар, кеттік. (Экранда слайд «Пойыз», «Қарағанды» вокзалы)
— Балалар, Қарағанды қаласына келдік. Көз алдарында не елестеді? (Экранда слайд «Көмір»)
— Қазір екі минут ішінде «Көмір» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
— Қарағанды қаласы Қазақстанда көмір Отаны деп саналады. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, саяхатымызды жалғастырайық. (Экранда слайд «Пойыз», «Алматы» вокзалы)
— Балалар, мынау Онтүстік Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы.
— Экранға назарымызды аударамыз.
— Сендерге мынадай тапсырма қоямын. Берілген суретке қарап, Алматы туралы әңгімелеп беріңдер. (Экранда слайд «Алматы», «Медео», «Алма»)
— Рақмет, әңгімең жақсы екен..Енді өзіміздің сүйікті қаламыз Петропавлға бет бұрайық,
— Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Өз қаламызға оралдық, Өз туған лицейімізге келіп түстік. (Экранда «Петропавл» вокзалы, «Лицей»)
— Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Неге?
IV. Сабақты қорытындылау
Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызды бес жол өлең стратегиясымен қорытайық.
(Экранда «Бес жол өлең стратегиясы»)
1. Сөзжұмбақтың негізгі сөзі? 1. Қалалар
2. Қазақстанның қалалары қандай? 2. Әдемі, үлкен
3. Ол қалаларға не істедік? 3. Бардық, көрдік, ұнады
4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр. 4. Қазақстанда әдемі қалалар көп.
5. «Қала» сөзіне синоним сөздерді айт 5. Шаһар, кент
V. Бағалау
Сабағымыз аяқталып келе жатыр.
Бүгін сендер көп тапсырмалар орындап, модуль бойынша алған білімдерінді көрсете білдіңіздер. (Экранда «Үй тапсырмасы»)
VІ. Үй тапсырмасы
«Сүйікті қалам» атты тақырыпқа шағын шығарма жазу
Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласы
Сабақтың мақсаты: тақырып көлеміндегі жаңа сөздерді меңгерту, мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу дағдыларын, сөйлем құрай білу біліктіліктерін дамыту арқылы тілдік құзыреттіліктерін дамыту, коммуникативтік, азаматтық, ақпараттық құзыреттіліктерін жетілдіру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география, музыка
әдіс-тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, эвристикалық
Сабақ жабдығы: интербелсенді тақта
Ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, өздік жұмысы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1-3-ке дейін санау арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. Бағалау парағын тарату.
Үй тапсырмасын тексеру: 1.Жаңа сөздерді жатта. 2. «Қазақстан -көпұлтты мемлекет» мәтін жазу
Қызығушылықты ояту: Тыңдалым. А.Қоразбаев «Сағындым Алматымды» әнінен үзінді тыңдату. Сөйтіп, сабақтың тақырыбы ашылып, мақсат қойылады (оқушылар).
Негізгі бөлім:
Жұмыс түрі
|
мазмұны
|
хронометраж
|
Ой қозғау
|
Постер салу. «Алматы -оңтүстік астана». Кластерді спикер бағалайды.
|
5 мин.
|
Оқулықпен жұмыс. Картамен, атласпен жұмыс
|
Оқылым. 3-тапсырма «Алматы қаласы». 3 деңгейлі тапсырма орындатылады (3 және 2-деңгей). Картамен жұмыс жасалады. Жаңа сөздермен жұмыс жасалады. Спикер бағалайды.
|
20 мин
|
|
Оқылым мен тілдесім. 1-тапсырма. Диалог «Алматы қаласы»
|
3 мин
|
Сергіту сәті
|
«Сағындым Алматымды» әнін оқушылар айтады
|
2 мин.
|
Тілдік талдау
|
2-тапсырма. Сөйлем құрау
|
5 мин.
|
Рефлексия:
Жазылым. 1-деңгей тапсырмасы.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Спикер бағалайды.
Үйге тапсырма: 1. Жаңа сөздерді жатта. 2. 1-деңгей: «Сағындым Алматымды» әнін толық жатта. Бағалау.
______________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту.
Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып ішінде жаңа сөздерді және мәтін мазмұнын меңгерту, ауызша-жазбаша сауатты сөйлеу дағдыларын, сөйлем құрау, сын есімнің түрлерін ажырата білу, емлеге сай дұрыс жазуын дамыту арқылы пәндік және тұлғалық құзыреттіліктерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
әдіс-тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, эвристикалық
Сабақ жабдығы: кеспеқағаздар
Ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, өздік жұмысы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Бағалау парағын тарату.
Қызығушылықты ояту: Үйге берілген мәтінді оқыту арқылы сабақтың тақырыбы ашылып, мақсат қойылады (оқушылар).
Негізгі бөлім:
Жұмыс түрі
|
мазмұны
|
Хронометраж
|
Оқулықпен жұмыс
|
Тілдесім. 1-тапсырма. Сөздік жұмысы.
|
4 мин
|
|
Айтылым. 2-тапсырма. Спикер бағалайды.
|
3 мин.
|
|
Жазылым. 3-тапсырма. Спикер бағалайды.
|
5 мин.
|
Сергіту сәті
|
Қимыл биі
|
2 мин.
|
Тілдік материалды меңгерту
|
Шағын диктант.
Атбасар уезі мен Ақмоланың шекарасына келдік. Бір белеске шығып, аттарымыздың басын тартып, жан-жаққа қарап тұрдық. Төңірек ылғи бір белес, ылди, ойпаң. Тұтасқан қап-қара көк. Қалың көк шөп, көк шалғын тұтасып, жер-дүниені қаптаған тәрізді.
Қатемен жұмыс.
Сын есімдер таптырылып, түрлеріне ажыратылады.
М.Т. жасатылады.
Спикер бағалайды.
|
10 мин.
|
Рефлексия: 4,5-тапсырма (2 топқа бөлініп беріледі).
Жұмбақтар. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы қиялының шамасын білдіреді. М. Әуезов.
Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Бұл заттар мен құбылыстарды олармен ұқсас нәрселермен салыстыра отырып тұспалдап айтатын фольклор жанры. Жұмбақтар баланы қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылауына, тапқыр, ізденімпаз болуына әсерін тигізген.
Жұмбақтардың да тақырыптары алуан түрлі болып келеді:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
_____________________________________________________
Жұмбақтарды шешіп, олардың қандай тақырыпқа шығарылғанын анықтаңдар:
Қарап тұрсаң өзіне
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе.
Мұрты бар, сақалы жоқ.
Тоны бар, шапаны жоқ.
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.
Үйге тапсырма: 1. Жаңа сөздерді жатта. 2. «Менің сүйікті ауылым» тақырыбына мәтін жазып кел (сын есімдерді қатыстыр).
Бағалау.
_________________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қызылорда қаласы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік- Қызылорда облысының әкімшілік,әкономикалық және мәдени орталығы,Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан Қызылорда қаласы туралы таныстырту;
2. Дамытушылық-берілген мәтінді түсініп,сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру,жаңа сөздерді меңгерту,сауатты жазуға ,өз бетімен сөйлем құрастыру,мәтіннен есім сөздерді табуға,тіл байлығын,терең ой,шығармашылық қабілеттерді дамыту;
3. Тәрбиелік-Қазақстанның ірі-ірі қалаларына саяхат жасап,олардың тарихы мен көрікті жерлерімен танысуға үйрету .Тарихи мұраларды сақтау,қорғау және насихаттауға тәрбиелеу;
Түрі - аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері- түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,тіл дамыту
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық кезең «Тілек айту»
II. Үй жұмысын тексеру
1.Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазу
2. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп,түрлерін ажырату.
III. Қайталау кезеңі «Қазақстанның ірі қалалары»
Мұғалім: Біздің қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
I. Жаңа сабақ
1.Сөздікпен жұмыс
А) оқу-аудару
Ә) сөйлем құрастыру
2. Мәтінмен жұмыс
А) оқу-аудару
Ә) талдау (бір-біріне сұрақ қою)
Б)жоспар құру
3. Қызылорда қаласы туралы слайд көру
V. Ереже кезеңі
1. Күрделі сөздерге қандай сөздер жатады?
2.Қай сөздерді біріккен сөздер дейміз?
3. Қай сөздерді қос сөздер деп аталады?
4.Қысқарған сөздер қандай сөздер?
5. Тіркескен сөздерге қандай сөздер жатады?
VI.Дәптерде жұмыс
1. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар.
Сырдария ...зенінің оң жа..алауында;балық ...ңдеу зауыты; су б...геті;тарихи орындар жа...ғыртылды;...нерк...сіп қатынастары; саяси қу...ын-с...ргін қ...рбандары.
2.Мәтінді көшіріп жазып,қос сөздердің арасына дефис қойыңдар.
Қызылорда қаласы қазіргі таңда үсті үстіне көркейіп келеді. Бас аяғы үш-төрт жылдың ішінде танымастай өзгерді. Шынында,Сыр елі бақ береке қонған,өз сән салтанаты бар өлке. Жылда ақмаржаны үйіліп төгіліп жатады. Соңғы жылдары әлеуметтік экономикалық жағдайы да көтерілді.
3.Карточкамен жұмыс
(Құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратыңдар)
*Таудағы шыршаларға алыстан қарасаң,еріксіз таңдай қағасың.
*Бірте-бірте туризм саласы қалыптасты,ойткені Алматы тамашалайтын көрікті жерлерге бай.
*Ел ордасы Астана қаласына көшсе де,Алматы одан әрі қарқынды дамыды.
*Шыңғыс хан шапқыншылығы Алматыны қиратты,бірақ қала қайта өркендеді.
*Ер Төстік жыланды өлтіріп,Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады.
* Құрылыс іргесін үйір-үйір жылқы айдап,мал тұяғымен қатайтады.
* Бұл ғимараттың салғанына қанша уақыт болса да, оның өздігінен бір қышы сынбаған,бір шегесі босамаған,сыры кетпеген.
VII. Үй тапсырмасы -142 бет
1) берілген сөз тіркестерін қазақша айтыңдар;
2) хабарламаны жалғастырып жазыңдар;
3) Қызылорда мәтінді мазмұндаңдар;
VIII. Қорытынды
IX. Бағалау.
________________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Елордасы - Астана туралы жан - жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушыларды дұрыс сөйлеуге үйрету.
3. Тәрбиелік. Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, туған жеріне деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, кезекшілермен диалог ұйымдастыру
Үй жұмысын тексеру.
ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу.
- Кіріспе.
Қазақстанның бас қаласы - Астанасы туралы презентацияны тамашалау. Оқушылар Астана көріністерін көрген соң, сабақтың тақырыбын шығарады.
1. Тыңдалым Астана туралы мәтінді тыңдау.
III. Негізгі кезең.
2. Оқылым. Мәтінмен жұмыс.
А) Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу.
Ә) Жаңа сөздермен танысу.
3. Жазылым – дәптермен жұмыс.
1 - тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сөзді қою.(өз - өзін тексеру)
2 - тапсырма: Сөздердің жалғасын табу.
3 - тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын анықтау.
4 - тапсырма: Суреттердің атауларын анықтау (өз - өзін тексеру)
5 - тапсырма: Сөзжұмбақты шешу.
4. Тілдесім.
Диалогты толықтыру. (өз - өзін тексеру)
5. Айтылым.
Бір тақырыпты таңдап алып, әңгіме құру. Әр оқушының жауабын тыңдап, қателерін түзетіп, мұғалім баға қояды.
IV. Рефлексия. «Синквейн» стратегиясын қолдану.
V. Бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын талдап, бағалайды.
VI. Үй тапсырмасы: ұсынылған үш тақырып аясында шағын шығарма жазып келу.
________________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бас қаланың бойтұмары.
Сабақтың мақсаты: Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдысын арттыру, сөздік қорын молайту арқылы туған еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қағаздар, бейне көрініс.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сынып оқушыларын түгендеу;
- Оқу - құралдарын тексеру;
- Оқушыларды 2 топқа бөлу;
- Топ басшысын сайлап, бағалау парағын беру.
ІІ. Өткен сабақтарды қайталау.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
«Символдар» стратегиясы арқылы жұмыстанады.
- 2 топтың оқушылары да берілген суреттерге сүйене отырып, шағын мәтін құрастырады. 4 минут уақыт беріледі. Әр топтан 2 оқушы оқиды.
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар?
- Астана қаласы туралы.
ІҮ. Мағынаны тану.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Астана - бас қала. Бас қаланың бойтұмары. Сан есім (дара, күрделі)
1) «Астана - арман қала» атты бейне таспа көрсетіледі.
2) Топпен жұмыс.
Әр топ берілген мәтіндегі ойды топтастыру арқылы жұмыстанады.
Және оқып отырған мәтіндегі сандарды дәптерлеріне жазбаша жазып шығады.
І топ
- Астана тарихы тақырыбындағы мәтінді оқып, әңгімелейді.
Мысалы: ХІІІ - ХІҮ - он үшінші - он төртінші ғасырларда
1830 - бір мың сегіз жүз отыз
1862 - бір мың сегіз жүз отыз екі
ІІ топ
Бас қаланың бойтұмары тақырыбындағы мәтінді оқып, әңгімелейді.
Мысалы: 22 - жиырма екі
3) Сан есім туралы мәлімет беріледі.
4) Сөздікпен жұмыс.
Оқушылар жаңа сөздерді 1 мин. оқып алған соң тақтаны жауып қазақшасын жатқа айтады.
Күмбез - купол
Бейіт - могила
Қаланған - основан
Илеу - дубление, выделывание
Қайнату - кипятить
Қасапхана - бойня
Жарлық - Указ
Қызғалдақ - тюльпан
Мұнара - башня
Көрме - выставка
Кешен - комплекс
Жеделсаты - лифт
ғимарат - здание
көрікті - красивий
жаға - берег
орталық - центр
Жаңа сөздерді пайдаланып әр оқушы 1 сөйлем құрау керек.
1) Жаттығу жұмыстарын орындау.
№1 топтық тапсырма:
І топ
2 - тапсырма. Сөйлемдердегі сұрақтарға жауап беріңдер. (105 беттегі)
ІІ топ
2 - тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.
(108 беттегі)
Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1. Астана қаласының басты символы - «Бәйтерек» кешені. +
2. Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты. +
3. Бәйтерек төрт бөліктен тұрады. +
4. Мұнараға кіреберістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындылары ілініп тұр. +
5. Ал «Даму» кешенінің орта бөлігі үй тәріздес. +
6. Шардың ішінде жеделсатылы холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан. +
7. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясын тамашалауға болады. +
8. Бәйтерек идеясының авторы - Нұрсұлтан Назарбаев. +
№2 топтық тапсырма
І топ
3 - тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құраңдар. (106 беттегі)
1. Астанада болып көрдіңдер ме?
2. Астана туралы не білесіңдер?
3. Астананың табиғаты қандай деп ойлайсыңдар?
4. Астананың зәулім үйлері көп пе?
ІІ топ
3 - тапсырма. Сөздерден сөйлемдер құраңдар.
1) Бөліктен, үш, тұрады, Бәйтерек.
2) Тамашалауға, жағында, Аялы, болады, композициясын, алақан, жоғарғы, ең.
3) Бөлігі, Даму, тәріздес, ағаш, орта, кешенінің, діңгегі.
№3 топтық тапсырма
І топ
5 - тапсырма. Сөйлемдерге керекті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
(106 беттегі)
ІІ топ
ІІ деңгейлік тапсырманы орындау.
1. Сөздерді септеңдер.
Бәйтерек, аңыз, құс
2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімнің көрінісі.
«Семантикалық карта» стратегиясы
Астана сөзіне «Бес жолды өлең» жазу.
1. Зат есім - Астана,
2. Сын есім - көрікті, әдемі
3. Етістік - дамыған, өсуде, орналасқан.
4. Сөйлем - Астана – көрікті дамыған қала.
5. Синоним - Елорда
- Астанаға қандай тілек айтасың?
- Астананың болашағын қалай елестетесің?
ҮІ. Үй тапсырмасы.
1) «Астана - жас қала» атты шығарма жазу.
2) 105 беттегі деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ҮІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
Қорытынды
____________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан табиғаты
Сабақтың мақсаты: Қазақстан облыстарының табиғаты тақырыбына жататын бүгінгі сабақтың тақырыбы ішінде жаңа сөздерді меңгерту, мемлекеттік тілде сауатты ауызша-жазбаша сөйлеу дағдыларын, сөйлем құрай білу біліктіліктерін шыңдау арқылы тұлғалық құзыреттіліктерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді ме ңгерту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка.
әдіс-тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, эвристикалық
Сабақ жабдығы: кеспеқағаздар
Ұйымдастыру формасы: өздік жұмысы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды 2 топқа бөлу. Бағалау парағын тарату.
Негізгі бөлім:
Жұмыс түрі
|
мазмұны
|
Хронометраж
|
Ой қозғау
|
|
6 мин.
|
Оқулықпен жұмыс
|
Оқылым. Орталық Қазақстанның табиғаты. Сөздікпен жұмыс. Аударма сөздік қолданылады.
4-тапсырма. Әңгіме құрастыру
І топ. Шығыс және Батыс Қазақстан
ІІ топ. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан
|
10 мин
|
|
Жазылым. І топ. 3-тапсырма. Тілдік материалды меңгерту. ІІ топ. 5-тапсырма. Сөйлем құра.
|
5 мин.
|
Сергіту сәті
|
Қимыл биі
|
2 мин.
|
Тілдік материалды меңгерту
|
1-топ. 2-тапсырма.
2-топ. 5-тапсырмадағы үлгімен өз ауылына сызба жасау арқылы әңгімелеу. Спикер бағалайды.
|
10 мин
|
Рефлексия: 6-тапсырма. 114-бет.
Тест. 1. Жұмбақтың шешуін тап:
Қолы жоқ – сурет салады,
Аузы жоқ – тістеп алады.
А) көлеңке
ә) айна
б) аяз
2. Жұмбақтың шешуін тап:
Алдына келсең , өзіңді көресің
А) көлеңке
ә) айна
б) аяз
3. Өте ерте заманда жазу болмаған кезде ауызша шығарылған қызықты және көркем әңгіме:
а) жаңылтпаштар
ә) мақал-мәтелдер
б) ертегілер
Үйге тапсырма: 1. Жаңа сөздерді жатта. 2. 6-тапсырма.
Бағалау.
____________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстарының өнеркәсібі
Сабақтың мақсаты: Қазақстан облыстарының өнеркәсібі тақырыбы ішінде жаңа сөздерді меңгерту, мемлекеттік тілде ауызша-жазбаша сауатты сөйлеу дағдыларын, сөйлем құрай білу біліктіліктерін, күрделі сөздердің түрлерін ажырата білу, емлеге сай дұрыс жазуын, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту арқылы тұлғалық құзыреттіліктерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: сайыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география
әдіс-тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, эвристикалық
Сабақ жабдығы: оқулық, кеспеқағаздар
Ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, өздік жұмысы
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасы тексеріледі: 1. Жаңа сөздерді жатта. 2. 6-тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды 2 топқа бөлу. Бағалау парағын тарату.
Қызығушылықты ояту: қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалатады. Сөйтіп, сабақтың тақырыбы ашылып, мақсат қойылады (оқушылар).
Негізгі бөлім:
Жұмыс түрі
|
мазмұны
|
Хронометраж
|
Ой қозғау
|
Өнеркәсіп деп нені түсінеміз? 1-тапсырмаға сүйене отырып, постер жасау.
|
6 мин.
|
Оқулықпен жұмыс
|
Оқылым. Айтылым. 4 аймақ бойынша салыстырмалы жұмыс. Сөздік жұмысы.
|
10 мин
|
Сергіту сәті
|
Қимыл биі
|
2 мин.
|
Тілдік материалды меңгерту
|
Тілдесім. І топ. 6-тапсырма «Менің қаламның немесе ауылымның табиғаты» деген тақырыптқа шағын мәтін құраңдар.
Оқылым. ІІ топ. 8-тапсырма және түсіндірме сөздікпен жұмыс.
|
8 мин.
|
Тілдік материалды меңгерту
|
Жазылым. 1-топ. 7-тапсырма.
Жазылым. 2-топ. 2-тапсырма
|
5 мин
|
Рефлексия:
Павлодар облысының өнеркәсіптік даму жағдайын әңгімеле, сызба құр Кластер топ ішінде.
Үйге тапсырма: 1. Жаңа сөздерді жатта. 2. 4-тапсырмадағы мәтін бойынша диалог құр.
Бағалау.
________________
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыстарының халқы
Сабақтың мақсаты: тақырып көлеміндегі жаңа сөздерді меңгерту, мемлекеттік тілде сауатты сөйлеу дағдыларын, сөйлем құрай білу біліктіліктерін дамыту сияқты тілдік құзыреттіліктерін дамыту, азаматтық, басқарушылық, ақпараттық құзыреттіліктерін игерту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география
әдіс-тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, эвристикалық
Сабақ жабдығы: сызба
Ұйымдастыру формасы: топпен жұмыс, өздік жұмысы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын тексеру:
Қызығушылықты ояту: Оқулықтан 3-тапсырма. Диалог. Сөйтіп, сабақтың тақырыбы ашылып, мақсат қойылады (оқушылар).
Негізгі бөлім:
Жұмыс түрі
|
мазмұны
|
хронометраж
|
Оқулықпен жұмыс
|
Жазылым. Айтылым. 1-тапсырма (деңгейлік тапсырмалар: 3,2-деңгей).
|
10 мин.
|
|
Тілдесім. 3-тапсырма. Диалог
|
3 мин
|
|
Оқылым. 4-тапсырма
|
3 мин
|
Сергіту сәті
|
Дене шынықтыру қимылдары
|
2 мин.
|
Тілдік талдау
|
Оқылым. Төменде берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне
талда.
1. Қазақстанда көп ұлттың өкілдері тұрады.
2. Қазақстанның бас қаласы -Астана.
3. Нұрсұлтан Назарбаев -Қазақстанның алғашқы Президенті.
|
10 мин.
|
Сергіту сәті
|
Ұлттық қозғалысты ойынын ойнау «Сақинамды тап»
|
3 мин.
|
Тіл дамыту
|
Айтылым. 3-тапсырма.
|
5 мин.
|
Рефлексия:
Айтылым. Монологтік сөйлеу: қала туралы əңгіме айту, баяндау. Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Үйге тапсырма: 1.Жаңа сөздерді жатта. 2. «Қазақстан -көпұлтты мемлекет» мәтін жазу Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |