Сабақтың тақырыбы: Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала»



бет2/2
Дата13.04.2020
өлшемі336,72 Kb.
#62362
түріСабақ
1   2
Байланысты:
жау тылындағы бала2

«Желпуіш» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар үйден сұрақтар дайындап келеді.

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін білесіңдер ме?


Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды.

Сабаққа зейіндерін аударады.

Оқушылар «Жойылсын соғыс» әнін орындайды.

Оқушылар үш топқа бөлінді.

І. Бейбітшілік

ІІ. Тыныштық

ІІІ.Бірлік

Оқушылар үй жұмысына дайындалып келеді.

Әлия Молдағылова, Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова, Бауыржан Момышұлы, Қасым Аманжолов, Қасым Қайсенов және т.б.


Ортасы

30 мин

Оқушыларға «Қасым» фильмінен үзінді көрсету.

«Т» кестесін толтыру



Білемін

Қостым







ҚБ. Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.

Оқушыларға Қасым Қайсеновтің өмірі таныстырылады.

Қасым Қайсенов

(1918 - 2006)

Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді. Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында»...атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.

Электронды оқулықтан мәтін тыңдалады. Тыңдау арқылы «Екі жақты түсініктеме күнделігі» әдісі жүргізіледі.

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,

үзінділерді жазады.



Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.







ҚБ. Құнды пікірлер мадақталады.

Жеке жұмыс

«Бұл неліктен ең жақсы?» әдісі.

Шығармада сізге қай кейіпкер көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға

тырысыңыз).

Шығармадан өзіңізге ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа айтыңыз.



ҚБ. «Бағдаршам» әдісі

3топқа тапсырмалар беріледі. Кейіпкерлер бейнесін сомдау.

Бейбітшілік тобына

Жомарт пен Жамалдың күдігі мен қорқынышы. Кейіпкерлер бейнесін сомдаңыз.



Тыныштық тобына.

Серіктің тапқырлығы мен қырағылығын автор қалай көрсетті?



Бірлік тобына

Шығармада Анна Ивановнаның аналық қамқорлығы қалай көрінеді?

Шығармадағы ана бейнесін сомдаңыз.

ҚБ. «Отшашу» әдісі

«Еркін жазу» әдісі.

Автор берген кейіпкер бейнесіне тоқталып, кейіпкер бойындағы гуманистік қасиеттерді жазып шығыңыз

І – топ. Серік

ІІ – топ. Жамал

ІІІ – топ. Анна Иванова

ҚБ смайликтер арқылы бағалайды



Оқушылар «Қасым» фильмінен үзінді көреді.

Оқушылар Қасым Қайсеновтің өмірімен танысады.



Жеке жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар электронды оқулықтан мәтін тыңдайды. Тыңдау арқылы «Екі жақты түсініктеме күнделігі» әдісін орындайды.



Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды,

үзінділерді жазады.



Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.







Оқушылар жеке жұмыспен жұмыстанады.

«Бұл неліктен ең жақсы?» әдісі арқылы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет