Садыкулова Улбосын Оразбаевна,
№95 А.Оразбаева атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО,Сарыағаш ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.
Мұғалімнің аты жөні: Садыкулова Улбосын Оразбаевна
Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
Сынып: 7
Қатысқан оқушылар саны: 20 Қатыспаған оқушылар саны:1
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
ХVІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік, экономикалық күш-қуаты жағынан әлем таныған, іргелі мемлекет дәрежесіне жету себептерін түсіндіру, Қасым хан билік құрған кезеңдегі Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайларымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер: Қасым хан мен оның билік құрған кезеңіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары туралы біледі.
Оқушыларды елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Қазақ хандығын нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген Қасым ханның қоғамдық қызметіне баға береді.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, Жәнібек - Қасым саясатындағы тәуелсіздік идеяларын айқындайды.
Тілдік мақсат: Дипломатия,жарғы.
Ресурстар: Оқулық,Қазақстан Республикасының ХVІғ. қазақ хандығының тақырыптық карталары, Қасым ханның портреті ,плакаттар, түрліөтүсті кеспе қағаздар,бор,стикер, маркер. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру.Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Сыныпты топтастыру, «Жәнібек хан», «Керей хан», «Қасым хан» командалары деп атау.
ІІ. Үй тапсырмасы:
«Тест» ойыны.
§36. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
1. ХV ғ. соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі:
а. Сарыарқа үшін в. Сырдария қалалары үшін с. Маңғыстау үшін
д. Балқаш маңы үшін е. Орта Азия үшін
2. ХV ғ. аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы:
а. Көшім в. Уайс хан с. Мұхаммед Шайбани д. Әмір Темір е. Жүніс хан
3. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты:
а. Билік үшін талас тартысты в. Жүздерге бөлінуді с. Тайпалардың қоныс аударуын
д. Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды е. Хандардың озбырлығын
4. ХV ғ. соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар:
а. Отырар, Аркөк в. Шаш, Ашнас с. Созақ, Сығанақ
д. Суяб, Бозкент е. Яссы, Үзкент
5. Қазақ хандығы үшін саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар:
а. Жетісу аймағындағы в. Талас өзені бойындағы с. Сыр бойындағы
д. Шу өзені бойындағы е. Іле аймағындағы
6. ХV ғ. 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері:
а. Астрахан жері в. Сырдария мен Қаратау өңірі с. Қазан хандығы д. Моғолстан
е. Сібір хандығы
7. ХV ғ. 50-70 жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны:
а. 400 мың в. 250 мың с. 200 мың д. 350 мың е. 300 мың
8. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты:
а. Ақ Орда мемлекеті мен Сібір хандығы в. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы
с. Сібір хандығы мен Хиуа хандығы д. Ноғай Ордасы мен Ресей
е. Көшім хандығы мен Қоқан хандығы
9. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті:
а. Моғолстанға в. Көк Ордаға с. Мәуераннахрға д. Ноғай Ордасына е. Ақ Ордаға
10. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық:
а. Сібір хандығы в. Моғолстан с. Әбілхайыр хандығы
д. Алтын Орда е. Ноғай хандығы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жоспары:
1. Қасым хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің өрлеуі.
2. Қасым ханның заңдары.
3. Қасым ханның ішкі саясаты.
4. Қасым ханның сыртқы саясаты.
Жаңа сабақты бекіту.
Өздік тапсырмаларды орындау. «Тарихи бетпе -бет студиясы».
1 топ.
1. Бұрындық билеген жылдар: (172 бет).
2. Дешті-Қыпшақ үшін күресте қазақ хандарының басты қарсыласы болған кімдер? ... ханның мұрагерлері
3. Қазақ хандарымен ұзақ күрес жүргізген Әбілқайырдың немересі:
4. Шайбани ханның қазақ даласына жорық жасаған жылдары: ... , ... , ... .
5. Қасым ханның билік еткен жылдары:
6. ... «Қасым хан қарамағындағы атты әскер саны 300 мыңға жуық»-дейді, ... да солай жазады.
7. ... «Жәнібек ханның ұлдары арасында аса белгілі болғаны Қасым хан» деп жазады.
8. Қасым ханның қасқа жолы: 1) ... 2) ... 3) ... 4) ... 5) ...
9. Шайбани хан Қазақ хандығына қарсы ... жыл күрес жүргізген. (169 бет).
10. Қасым хан кезінде оңтүстікте: (173 бет).
2 топ.
1. ХVІ ғ. басындағы Қазақ хандығының шекарасы Шығыс Оңтүстікте: (173-174 бет).
2. ХVІ ғ. басындағы Қазақ хандығының шекарасы Солтүстік ж/е Шығыс Солтүстікте:
3. ХVІ ғ. басындағы Қазақ хандығының шекарасы Батыс Солтүстікте:
4. ХVІ ғ. бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы:
5. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы болған қала:
6. Қасым хан тұсындағы бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін көшірілді:
7. Қасым ханның билігі жүрген жоқ:
8. ХVІ ғ. бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан:
9. «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын» деп жарлық шығарған хан:
10. Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер етті: ... қаза болуы
3 топ.
1. ХVІ ғ. І жарт/ғы Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды: (175 бет).
2. ХV ғ.аяғында Моғолстанға өткен қалалар:
3. Қасым хан өмірінің соңында ... отырып биледі. (174 бет).
4. Жәнібек пен Қасым хандар кесенелері салынған қала:
5. Қасым хан кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны:
6. Қасым ханның ел басқаруымен даладағы билік кімдерге көшті? ... ұрпақтарына (Қасым хан әкесі).
7. Шайбани хан Сығанаққа қайтар жолда жолшыбай ... мың қазақ түтінін мал-мүлкімен қолға түсірді.
8. 1510 ж. ... түбіндегі шайқас. ... ханның қаза табуы. (223 бет).
9. 16 ғ. 20 жж. Қасым хан қайтыс болған сон қазақтарға қарсы ... ж/е ... билеушілерінің одағы құрылды.
10. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін Түркістан аймағы кімнің иелігінде болды?
Үйге тапсырма: Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі.
Бағалау: Топтық бағалау. Негізгі критерийлер бойынша бағалау тақтасындағы ұпай сандарымен 1-5 ұпай -3; 6-10 ұпай-4; 11-15ұпай-5 бағалау.
Кері байланыс: «ҚҚҚ» (« Құнды,Қызық,Қиын») әдісі бойынша кері байланыс орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |