Күні: 25.02.2016 ж
Пәні: Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік, экономикалық күш-қуаты жағынан әлем таныған, іргелі мемлекет дәрежесіне жету себептерін түсіндіру.
Білімділік: Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Қасым ханның заңдарымен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы іс-әрекетіне оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін қрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру, ой қозғау, ой қорыту
Пәнаралық байланыс: құқық, география
Көрнекілігі: слайд, карта, видео көрсетілім
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу, түгендеу
Назарларын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық /жүректен- жүрекке әдісі/ оқушылар бір-біріне сабақ барысына сәттілік тілейді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Сәйкестендіру:
1. Қазақ хандығы құрылды Керей
2. Алғашқы қазақ ханы Есен бұға
3. Моғолстанның билеушісі 1465-1466 жж
4. Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі Қозыбасы
5. Дайырқожа би қаза тапты қай жылы Тарихи Рашиди
6. Қазақ хандығы қай жерде құрылды 1457 ж
7. Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі 1456 ж
2. Тест жұмысы:
1. Қазақ хандығы құрылуы алғышарттарының бірі сол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің ішкі –сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды. Ол қай мемлекеттер
а) Әбілқайыр хандығы мен Мауараннахр б) Әбілқайыр мен Моғолстан хандықтары
ә) Мауараннахр мен Моғолстан хандығы в) Ақ Орда мен Ноғай Ордасы
2. Қазақ хандығының құрылуына Қазақстанның қай аумағында негіз қаланды?
а) Батыс Жетісу жерінде б) Орталық Қазақстанда
ә) Шығыс Қазақстанда в) Орта Азияда
3. Керей мен Жәнібек қай ханның ұрпағы:
а) Тоғылық темір б) Едіге хан
ә) Әбілқайыр хан в) Ұрыс хан
4. Жәнібек хан қай жылдары қазақ хандығын басқарды?
а) 1480-1511 жж б) 1470-75 жж
ә) 1470-73 жж в) 1470-78 жж
5. М.Х. Дулати қазақ хандығының құрылу тарихын неше жылдан кейін жазған?
а) 150 жыл б) 100 жыл
ә) 200 жыл в) 250 жыл
6. Дайырқожа би кімнің қолынан қаза табады?
а) Бөгенбай батыр б) Қабанбай батыр
ә) Қобыланды батыр в) Баян батыр
7. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жылы Шу бойына орналасады.
а) 1456 ж б) 1457 ж
ә) 1460 ж в) 1458 ж
8. Керей мен Жәнібек сұлтандармен қанша халық еріп кетті?
а) 150 мың б) 100 мың
ә) 200 мың в) 250 мың
9. XV ғасырдың басында Әбілқайыр хан кімдерден жеңіліске ұшырады:
а) орыс әскерінен б) моғол хандығынан
ә) қытайлардан в) ойраттардан
10. Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ Орданы кім биледі?
а) Тоғылық темір б) Едіге хан
ә) Әбілқайыр хан в) Ұрыс хан
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Картамен жұмыс. / Оқушыларға қазақ хандығының картасы беріледі. Берілген картаға қазақ хандығының көрші мемлекеттерін жазады.
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады:
Сұрақ: Қазақ хандығының тағына Бұрындық ханнан кейін отырған қазақ ханы кім.
Жауабы: Қасым хан
IV. Жаңа сабақ:
Жоспары:
Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлеуі
Қасым ханның заңдары
Қасым ханның ішкі саясаты
Қасым ханның сыртқы саясаты
Қазақ халқында «елім» деп еңіреп, «жұртым» деп жанын берген талай арыстан ұлдардың болғандығын тарихтан білеміз. Сондай айбарлы да аяулы арыстың бірегейі, қазақтың ұлы ханы- Қасым хан. Ол 1445 жылы дүниеге келіп, шамамен 1518-1523 жж қайтыс болған. Қасым хан қазақ ордасының негізін салушы екі арыстың бірі-әз Жәнібек ханның үшінші ұлы. Анасы- Жаған бегім. Тегі жағынан Қасым хан Барақ ханның немересі, Жәнібек ханның ұлы.
Шежіре түрінде қарасақ:
Жошы хан - Бәдіғұл сұлтан - Ұрыс хан – Құйыршық – Барақ – Жәнібек – Қасым хан.
Қасым хан туралы Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри дерек қалдырған.
«Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хандық құрған кезде (1511-1518 жж) ел басқару ісінде қолданылған әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы.
XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды, жер көлемі ұлғайды, халқының саны артып бір миллионнан асқан.
«Қасым ханның қасқа жолы»
Мүлік заңы (жер дауы, мал – мүлік дауы)
Қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу)
Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат)
Елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық)
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл)
Орта Азия хандарымен
Қасым хан Еділ бойындағы елдермен - дипломатиялық байланыс жасады.
Батыс Сібір хандығымен
Ресеймен
Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, 1518 жылы қайтыс болған. Орыс деректерінде Қасым ханның 1523 жылы қыста Сарайшық қаласында қаза тапқаны туралы айтылады.
Қазақ хандығы 1520-1530 жылдары ауыр жеңілістерге ұшырады, 1532 жылы Тахир хан бауыры Тоғым ханмен бірге Орта Азия әміршісі Абд ар – Рашид ханмен шайқаста қаза тапты. Қазақ хандығы әлсірей бастады.
V. Жаңа сабақты бекіту:
Өрмекшінің торы әдісі арқылы:
/Екі топтың оқушылары ортаға шығарылады. Екі топқа екі түрлі жіп беріледі. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрып, жіпті ляқтырып сұрақ қояды/.
Топтастыру әдісі:
Достарыңызбен бөлісу: |